Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысы
(2010.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен күші жойылды
«Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылдарға арналған нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестегi мемлекеттік бағдарлама туралы» 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 947 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже);
2) ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне Рұқсаттар нысандары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiн мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қаңтардағы № 35 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi:
8 және 12-тармақтарындағы «есiрткiлi заттар» деген сөздер алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)(орыс тіліндегі мәтінді қара)
ҚР Үкіметінің 30.01.01 ж. № 151; 26.02.01 ж. № 247 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттар қызметін осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.02.01 ж. № 247 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне 2001 жылғы 1 маусымға дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке уақытша рұқсаттар беру құқығы берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар
және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Ережесi
ҚР Үкіметінің 30.01.01 ж. № 151; 03.09.03 ж. № 893 (бұр. ред. қара); 03.03.04 ж. № 261 (бұр. ред. қара); 2006.13.01. № 38 (бұр.ред.қара) қаулыларымен ереже және қосымшалар мәтінінде сөздер ауыстырылды
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 947 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрлендi.
Ереже есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды (бұдан әрi - мемлекеттік бақылау), сондай-ақ заңсыз айналымнан алынып қойылған заттар мен құралдарды бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Құрамында есiрткi құралдар, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тiзiмiнiң I, II, III және IV кестелерiне (бұдан әрi Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерi) енгiзiлген құралдар мен заттарды жасауға, өндiруге, ұқсатуға, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, жоюға, медициналық, ғылым және оқу мақсаттарында, сарапшылық қызметте және криминалистiк зерттеулер жүргiзуде пайдалануға мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
2. Мемлекеттік бақылаудың негiзгi бағыттары мен нысандарын айқындауды Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695; 03.03.04 ж. № 261 (бұр. ред. қара); 2010.24.11. № 1246 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) мына мүдделi мемлекеттік органдармен:
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен;
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетімен;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірлесiп, олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
3. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
заңсыз айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың нысандары мен
тәртібі
ҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. № 79; 18.09.03 ж. № 947 (бұр. ред. қара); 2010.24.11. № 1246 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1961 жылғы «Есiрткi құралдары туралы», 1971 жылғы «Психотроптық заттар туралы», 1988 жылғы «Есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» конвенцияларының (бұдан әрi - БҰҰ Конвенцияларының) талаптарына сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылаудың негiзгi нысандары мыналар болып табылады:
1) квоталау:
есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға халықаралық квота - БҰҰ-ның Есiрткiлердi бақылау жөніндегі халықаралық комитетi (бұдан әрi - БҰҰ ЕБХК) Конвенцияларға мүше елдер үшiн жыл сайын осы елдердiң үкiметтерi ұсынатын есiрткi құралдарының, психотроптық заттарға, прекурсорларға қажеттiлiк есебi негiзiнде бекiтетiн олардың мөлшерi;
есiрткi құралдарына және психотроптық заттарға, прекурсорларға мемлекеттік квотаны (Қазақстан Республикасының қажеттiлiк нормасы) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi және бекiтедi және халықаралық шарттарға сәйкес есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға, прекурсорларға қажеттiлiк есебi шегiнде олардың айналымы жүзеге асырылатын есеп негiзiнде Қазақстан Республикасы үшiн халықаралық квотаны БҰҰ ЕБХК-iнiң бекітуiне жiберiледi.
2) бөлу:
есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды, прекурсорларды бөлу - бұл республиканың iшкi рыногын көрсетiлген құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған және бөлiнген квоталар шегiнде әртүрлi ведомстволардың кәсiби қызметiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн iс-шаралар.
Тiзiмнiң кестелерiндегi есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорларлар бөлуге жатады.
Бөлудi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi шешiмi негiзiнде Агенттiк жүзеге асырады.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды бөлудiң негiзгi қағидаттары кәсiпорындар мен ұйымдардың қалыпты қызметi үшiн қажет, бірақ олардың 6 айлық қорынан аспайтын мөлшерде, осы құралдарға аймақтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады.
Бөлу:
қамтамасыз ету нормативiнен;
тұтыну нормативiнен тұрады.
Қамтамасыз ету нормативтерi отандық өндiрушi кәсiпорындар мен әкелудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн бекiтiледi.
Келесi күнтiзбелiк жылға қамтамасыз ету нормативтерiн есептеу мен бекіту есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiру және оларды көтерме сату жөніндегі қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде Комитет белгілейтін тәртіппен жүргiзiледi. Келесi күнтiзбелiк жылда қызметтi жүзеге асыруға қажеттi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тiзбесi мен мөлшерi бар өтiнiштер тұтынушылармен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың көшiрмелерi қоса берiлiп, Агенттiкке ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Отандық өндiрушi кәсiпорындар өндiретiн және Қазақстан Республикасының аумағына келесi күнтiзбелiк жылғы әкелiнетiн Тiзiмнiң кестелерiндегi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың тiзбесi мен мөлшерi көрсетiлген жазба қызметi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты болатын көрсетiлген ұйымдар лицензиясының қосымшасына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн енгiзiледi.
Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмнiң белгілі бір мөлшерлерiн әкелуге рұқсат (бұдан әрi - Рұқсат) (1-қосымша) заңды тұлғаға қатаң бақылауда болатын есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорларлар айналымы саласында қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензияның қосымшасында көрсетiлген қамтамасыз ету нормативтерi негiзiнде ресiмделедi.
Тұтыну нормативтерi:
қызметi лицензиялануға жататын нақты тұтынушы ұйымдар (емдеу-профилактикалық, дәрiхана, мал дәрiгерлiк, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдары және басқалары) үшiн нормативтерi көрсетiле отырып, республиканың әкiмшілік-аумақтық бірлiктерi;
Тiзiмнiң кестелерiндегi есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын мүдделi министрлiктер мен ведомстволар, ұйымдар (сарапшылық, криминалистiк және жедел-iздестiру қызметi) үшiн бекiтiледi.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды тұтыну есебiн жоғарыда аталған қызметтi жүзеге асыратын органдар жыл сайын жоғары тұрған ұйымға өтiнiмдер беру арқылы табыс етедi, ал содан соң жинақталған өтiнiмдi жоғары тұрған орган ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн тиiсiнше Агенттiкке табыс етедi.
Агенттiк тұтыну нормативтерiнiң негiздiлiгiн тексередi, Қазақстан Республикасының тұтастай қажеттiлiгiн есептейдi және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бекіту үшiн Үкiметке енгiзедi.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды тұтынудың республикалық нормативiн Агенттiк заңды тұлғалардың арасында олар үшiн қамтамасыз ету нормативтерiн бекіту арқылы бөледi.
Қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын ұйымдардың (сарапшылық, криминалистiк және жедел-iздестiру қызметi) тұтыну нормативтерiн аймақтық және республикалық деңгейдегi ұйымдар үшiн тиiстi министрлiктермен келiсiм бойынша Агенттiк бекiтедi;
3) есепке алу және есеп беру:
Агенттiк БҰҰ ЕБХК-iне:
Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға, прекурсорларға қажеттiлiгiн жылдық есептерiн;
есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жұмсалуы туралы тоқсандық есептерiн;
өндiру, дайындау, тұтыну, қорлары мен тәркiлеу туралы жылдық статистикалық деректердi табыс етедi.
Қазақстан Республикасында кез келген мақсаттар үшiн есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды, прекурсорларды өндiрудің және әкелудiң (әкетудiң) жиынтық деректерi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен бекiтiлген мемлекеттік квотадан аспайды.
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар:
тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне белгіленген нысан бойынша лицензиар органға бақылаудағы заттардың айналымы туралы -есеп ұсынады (4-қосымша);
Тізімнің II, III, IV кестелеріне енгізілген есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар санының, жай-күйінің өзгеруіне байланысты кез келген операцияларды арнайы журналға тіркейді. Есепке алу журналының беттері нөмірленіп, тігіліп, мөрмен және Комитеттің жауапты адамының қолымен расталады (9-қосымша). Журнал толық толғанға дейін жүргізіледі және оған соңғы жазба түсірілген күннен бастап он жыл бойы сақтайды;
әрбір айдың 1-күніндегі жағдай бойынша өздерінің иелігіндегі есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға түгендеу жүргізеді. Нақты саны кітаптағы қалдықпен салыстырылады және салыстырып тексеру актісінде көрсетіледі (10-қосымша). Нәтижелердің алшақтығы немесе сәйкес болмауы туралы ақпарат салыстырып-тексеру актісі жасалған сәттен бастап үш күн мерзімде лицензиар мемлекеттік органның назарына жеткізіледі;
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың кірісі мен жұмсалуына қатысты барлық құжаттарды (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, сенімхаттар және өзгелер) осы құжаттаманың толық сақталуына кепілдік беретін жағдайларда кәсіпорында олардың сақталуына жауапты адамда сақтайды.
5. Көрсетiлген мемлекеттік квоталарға өзгерістер мен толықтырулар енгiзудi Агенттiк мүдделi министрлiктердiң немесе ведомстволардың ұсынысы бойынша жүзеге асырады.
Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiне лицензия иелерi заңды тұлғалар осы Ережеде белгiленген нысан мен тәртiпте мынадай нысандар бойынша:
әкелу (әкету) жүзеге асырылған мемлекеттердi көрсете отырып әрбір өндiрiлген, дайындалған, әкелiнген (әкетiлген) есiрткi құралдарының немесе психотроптық заттардың мөлшерi туралы тоқсандық есептердi;
Тiзiмнің III кестесiне енгiзiлген өсiрiлген немесе ұқсатылған өсiмдiктердiң мөлшерiн, әрбір өндiрiлген, дайындалған, әкелiнген (әкетiлген), сатылған не пайдаланылған есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың және прекурсорлардың мөлшерiн, сондай-ақ есiрткi құралдарының және психотроптық заттар қорларының есеп беретiн жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мөлшерiн көрсете отырып, өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi қызмет туралы есептi табыс етуге мiндетті.
Есептер деректерiнiң негiзiнде әрбір аймақ бойынша және әрбір заңды тұлға бойынша тұтыну нормативтерi белгiленедi.
Мемлекеттік квоталарда белгiленген шектерде өсiмдiктердi өсiру, өндiру туралы, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды дайындау туралы, әкелу (әкету), сату туралы не пайдалану туралы жыл iшiндегi жиынтық деректер осы Ережеде белгiленген нысан мен тәртiпте табыс етiледi.
6. Агенттiк есеп беретiн кезеңнен кейiнгi айдың 25-iне қарай қатаң бақылауға жататын есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс iстеуге құқығы бар жұмыс iстейтiн заңды тұлғалардың саны туралы есептi жасайды.
7. Мүдделi мемлекеттік органдар бекiтiлген ведомстволық немесе ведомствоаралық жоспарларға сәйкес жылына бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте шаралар қабылдау үшiн меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғаларда Тiзiмге енгiзiлген есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы тәртібінiң сақталуына бөлек не бірлескен тексерулердi жүзеге асырады.
8. Тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн аталған өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқамалар беруге;
3) бекiтiлген стандарттар мен нормативтiк құжаттама, сондай-ақ лицензиялау шарттары болмаған немесе бұзылған жағдайда заңды тұлғалар мен құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн тоқтата тұруға;
4) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен және прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнаманы және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзғандығы үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695; 03.09.03 ж. № 893 (бұр. ред. қара); 18.09.03 ж. № 947 (бұр. ред. қара); 03.03.04 ж. № 261 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүргiзу жөніндегі қызметiн үйлестірудi;
2) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтiң барлық түрiн уәкiлетті мемлекеттік органдармен олардың құзыретi шегiнде келiсiмге отырып лицензиялауды, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әкелудi (әкетудi) және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді реттеудi (Рұқсат бередi) (бұдан әрi - әкелуге (әкетуге) Рұқсат (сертификат);
3) мемлекеттік бақылау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасының қолданып практикасын қорытады және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi жүзеге асырады.
10. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша):
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамасы мен Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң дәл және бірыңғай қолданылуын, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылдарды қадағалауды жүзеге асырады;
2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын басқа да құқық қорғау органдарымен заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзара iс-қимыл жасайды және олардың есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметiн, олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылдарын үйлестiредi.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша):
1) ұлттық қауiпсiздiк органдарының есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласындағы стратегиясын әзiрлейдi және қызметiнiң тактикасын белгiлейдi;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу, дайындау, ұқсату, тасымалдау, жөнелту мақсатында контрабандалық алып өтудiң, заңсыз сатып алудың немесе сақтаудың не өткізудiң алдын алады, анықтайды, жолын кеседi және фактiлерiн тексередi және осы мақсаттарда жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзiлуi жолын кесуге бағытталған арнайы бақылау iс-шараларын жүргiзу жөніндегі қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара әскерiнiң кинологиялық қызметi үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормасын айқындайды және заңнамада белгiленген тәртiппен бекіту үшiн оларды табыс етедi.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 261 қаулысымен 12-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
12. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған iшкi iстер органдарының қолданылып жүрген заңнамада көзделген ұйымдастырушылық және қызметiн реттейтiн арнайы бақылау iс-шараларын жүзеге асырады;
2) «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi лицензиялау жөніндегі бiлiктiлiк талаптарына объектiлер мен заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң сәйкестiгiн тексерудi, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайлардың сәйкестiгiн тексерудi жүргiзедi;
3) iшкi iстер органдары жедел-криминалистiк бөлiмшелердiң есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға криминалистiк зерттеулер жүргiзуiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткiсi бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеру жүргiзедi, сондай-ақ оларды жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзедi;
5) iшкі iстер органдарының тергеу және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуi үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының IIМ кинология қызметi үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын белгiлейдi және оларды заңнамада белгiленген тәртiпте бекіту табыс етедi;
6) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекетке байланысты заңнаманы талдауды және жетілдiрудi жүзеге асырады;
7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасауды қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695; 03.09.03 ж. № 893 (бұр. ред. қара); 2010.24.11. № 1246 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
1) алынып тасталды
4) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты мәселелер бойынша стандарттау және сертификаттау саласында қызметтi үйлестiредi және халықаралық талаптарға оның сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
5) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдi импорттауға байланысты мәселелер бойынша тауарлар импортын реттеу мен шектеу жөніндегi шараларды әзiрлейдi;
6) алынып тасталды
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.24.11. № 1246 Қаулысымен 13-1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
өнеркәсіп саласында пайдалану үшін есірткі құралдарын психотроптық заттарды және прекурсорларды тұтынудың нормаларын қорытады және белгілейді және оларды белгіленген тәртіппен Комитетке ұсынады;
өз құзыретінің шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндірісінің, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлары бар шикізаттарды өңдеу саласына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
14. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
1) ғылыми-зерттеу ғылыми және білім беру мекемелерi есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты өз қызметiн жүзеге асырған кезде қызметiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;