19-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы және заңда көзделген негіздемелер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-1) тармақшамен толықытырылды
6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықытырылды
9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-2) тармақшамен толықытырылды
9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
11) өкiмдер шығарады.
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) облыстық соттардың жалпы отырыстарының шешімдері негізінде Жоғары Сот Кеңесіне аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;
7) Республика судьяларына «Құрметтi судья» атағын бередi, осы атақты беру тәртібі туралы ереженi бекiтедi;
8) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша болмаған кезде оның мiндеттерi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi.
Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот судьяларының біріне жүктеледі.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 21-баптын тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi.
Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктеледі.
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)(бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді, нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-1) заңға сәйкес сот істерін қадағалау тәртібімен қарайды;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриін сайлайды;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) сот төрелiгiн iске асыруының сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
23-бап. Судья мәртебесi
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.
2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.
24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы
1. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың өкiлеттіктері тек қана осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi
1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.
3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Судьяның тәуелсiздiгi:
1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;
2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;
3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;
4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.
Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті.
Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келісімiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.
28-бап. Судьяға қойылатын талаптар
1. Судья:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға , судьяның антына адал болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;
4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 - бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)(бұр. ред. қара)
29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Аудандық соттың судьясы болып:
жиырма бес жасқа толған;
жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар;
біліктілік емтиханын тапсырған. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бітірген адамдар оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады;
медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растаған;
сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бiтiрген адамдардың оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуі талап етiлмейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.
Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.
Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта тағылымдамадан өтеді.Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 -1- баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру
1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-бап. Соттың судьясы, төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу
1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.
2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.
Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
3. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.
Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.
Аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар адамдардың арасынан ұсынылады.
Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағаларының, сот алқаларының төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.