Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.«;
үшінші бөліктегі «шешімдері» деген сөздер «актілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «әскери,» деген сөзден кейін «қаржылық,» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 8-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 9-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;»;
6) 12-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
7) 14-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;»;
8) тармақшадағы «сот статистикасын жүргізуді,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «және сот статистикасын талдау» деген сөздер алып тасталсын;
9) 16-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазасы бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»;
10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Жоғарғы Сот алқалары
1. Жоғарғы Соттың қадағалау алқасын, азаматтық істер жөніндегі алқасын және қылмыстық істер жөніндегі алқасын алқалардың төрағалары басқарады.
2. Әр алқадағы судьялардың саны және олардың дербес құрамы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы алқаларда мамандандырылған құрамдарды құруы мүмкін.«;
11) 20-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «қадағалау алқасын басқарады,» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «сот практикасында заңдарды қолдану» деген сөздер «сот практикасы және заңда көзделген негіздемелер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс жасау» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «(қадағалау алқасынан басқа)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
12) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
13) 22-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алқалардың сандық және дербес құрамын белгілейді;»;
3) тармақшадағы «сот практикасында заңдардың қолданылу» деген сөздер «сот практикасы» деген сөздермен ауыстырылып, «қабылдайды» деген сөзден кейін «және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) заңға сәйкес сот істерін қадағалау тәртібімен қарайды;»;
7) тармақша «, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриін сайлайды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»;
14) 25-баптың 4-тармағындағы «материалдық» деген сөзден кейін «және әлеуметтік» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.
Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті.«;
16) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.«;
2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.«;
17) 28-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «, судьяның антына адал болуға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «әділдігі мен алаламаушылығына» деген сөздер «адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «сот төрелігін» деген сөздердің алдынан «сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және» деген сөздермен толықтырылсын, «араласудың кез келген» деген сөздер «араласу» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Аудандық соттың судьясы болып:
жиырма бес жасқа толған;
жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар;
Әділет біліктілік алқасында немесе мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған;
медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растаған;
сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, кемінде бес жыл судья болған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, кемінде он жыл судья болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
4. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.";
19) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру
1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі.
2. Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі жергілікті соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
20) 30-баптың 2-тармағының екінші бөлігі, 4-тармағының бірінші бөлігі және 5-тармағының бірінші бөлігі «отырысының» деген сөзден кейін «оң» деген сөзбен толықтырылсын;
21) 31-бапта:
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған төраға мен алқа төрағасы олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.«;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде осы соттың судьялары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкін.«;
22) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтату қажеттігі туралы судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі болса;»;
23) 34-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) судья орнынан түскенде;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) судья өз тілегі бойынша қызметінен босағанда;»;
5) тармақшадағы «азаматтығынан айырылғанда» деген сөздер «азаматтығы тоқтатылғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «бермесе тоқтатылады.« деген сөздер «бермесе;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) Сот жюриінің қорытындысы бойынша;
10) зейнеткерлік жасқа толғанда тоқтатылады.»;
6-тармақ «3)-7)» деген цифрлардан кейін «, 9) және 10)» деген цифрлармен толықтырылсын;
24) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Судьяның орнынан түсуi
1. Еңбек жолы мінсіз және кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның өзінің судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, судьялық өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында қызметінен босату осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейін болса, он сегіз айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде оның соңғы лауазымы бойынша біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.
3. Судьяның орнынан түсуі:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіргенде, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;
ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;
өз тілегі бойынша;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;
ол қайтыс болғанда немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде тоқтатылады.
4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.«;
25) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Судья үшін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналары белгіленеді.
Судья теріс себептер бойынша қызметінен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке алынады.«;
26) 38-баптың бірінші бөлігі «біліктілік сыныптарын беру» деген сөздерден кейін «, судьяның орнынан түсу құқығын және оны тоқтатуды растау» деген сөздермен толықтырылсын;
27) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Сот жюриi
Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін жеті судьядан тұратын Сот жюриі құрылады.
Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі Сот жюриінде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшін негіз болып табылады.
Сот жюриінде материалдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ережеде айқындалады.";
28) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"41-бап. Тәртіптік іс қозғау құқығы
Тәртіптік іс қозғау құқығы:
1) Республиканың кез келген судьясына қатысты - Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына;
2) облыстық соттың судьясына, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларына тиесілі болады.";
29) 43-бапта:
1-тармақ «алқа төрағаларына қатысты» деген сөздерден кейін «тәртіптік іс қозғау туралы мәселені,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «судьяларына қатысты» деген сөздерден кейін «тәртіптік іс қозғау туралы мәселені,» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 44-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жаза қолдану туралы;";
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша «қарауға жіберу туралы» деген сөздерден кейін «не шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 47-баптың 2-тармағы «9) тармақшасына сәйкес» деген сөздерден кейін «судьяның мәртебесін, оны тағайындау және сайлау тәртібін, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функцияларды ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-бап. Судья мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия
алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы
1. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсіби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төленеді.
2. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
3. Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген жағдайда, оған:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;
2) II топтағы мүгедекке - он сегіз айлық лауазымдық айлықақы;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, жеңіл мертіккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Біржолғы өтемақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Егер судьяның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес жағдайларда мертіккені (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсіби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.";
33) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
"55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру
жөніндегі кепілдіктерден айыру
Судья өзінің қылмыс жасауына немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасауына, сот әдебі талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген өзге де талаптарды орындамауына байланысты судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі бойынша оның өкілеттіктері тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсіби жарамсыздығына байланысты Сот жюриінің қорытындысы бойынша:
1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен;
2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады.";
34) 56-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «қамтамасыз етуді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ сот статистикасын жүргізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «қамтамасыз етуді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ соттарда сот статистикасын жүргізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «және сот статистикасын жүргізу» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана. Ақорда. 2006 жылғы желтоқсаннын 11-і
№ 199-ІII ҚРЗ