Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы бекiтілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 02.02.04 ж. № 123; 14.05.04 ж. № 539 (бұр.ред. қара); 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара); 2005.31.10. № 1089 (бұр.ред.қара); 2006.04.12. № 1164 (бұр. ред. қара); 2007.28.12. № 1326 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгерді; ҚР Үкіметінің 2009.03.12 № 1997 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1258 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.07. № 764 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.04. № 496 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің директоры, хатшы
комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)
«Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
«KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 554 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшін жойған кейбір шешiмдерінің
тiзбесi
1. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат).
2. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 107-құжат).
3. «Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 578 қаулысы.
4. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 мамырдағы № 671 қаулысының 1-тармағы.