Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 2138 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 2138 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
«59-1) тауар биржалары сапасындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;».
2. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесінде:
7-тармақтың 5) тармақшасындағы, 7-тараудың тақырыбындағы және 71-тармақтағы «ашық» деген сөз алынып тасталсын.
3. «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді калыптастырудың және және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесіне 7-қосымшада:
он жетінші абзацтағы «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
4. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
162-тармақтағы «ашық» деген сөз алынып тасталсын.