Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысы
(2013.14.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, «Үкіметтің мобильдік офисіне» қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «Үкіметтің мобильдік офисі» қызметтік ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында санкцияланбаған қол жетімділіктен қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралары мен Интернет желісінің деректерін берудің жаһандық желілеріне «Үкіметтің мобильдік офисінің» қол жетімділігі үшін пайдаланылатын деректерді беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қолдау мақсатында:
арнаулы мемлекеттік органдардың желілерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникация және/немесе қорғаулы байланыс желілерін, қорғаулы орындаудағы ақпараттық жүйелерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - МО БКО) арқылы жүзеге асырылады;
мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін Интернет желісіне қосылған басқа техникалық құралдарға қосуға жол берілмейді;
мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосуды мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы байланыс операторлары жүзеге асырады;
мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін Интернет желісіне қосу МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйістірілмей жүзеге асырылады;
Интернет желісі арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырылады;
арнаулы және құқық қорғау мемлекеттік органдары жедел мақсатта, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзін пайдаланбай, Интернет желісіне қосылуды ұйымдастыруы мүмкін;
ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды деп белгіленсін.
Көрсетілген тізбе мен Интернет желісіне қолжетімділік алатын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерінің желілік мекенжайларының тізімі осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) үш ай мерзiмде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың ведомстволық тiзбелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде «Үкіметтің мобильдік офисіне» беруге рұқсат етілген қызметтік ақпараттың тізбесін әзірлесін және бекітсін.
ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері 1-тармақтың 5) тармақшасында жазылған шарттарды ескере отырып:
1) өздерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара МО БКО арқылы ғана қосуды;
2) Интернет қызметтерін мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі және МО БКО-ға қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен түйіспей алуды қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының және 2-1-тармағының 1) тармақшасының талаптары құпия ақпарат өңделетін, сақталатын, берілетін немесе айналымда жүретін ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерге және басқа да ақпараттық жүйелерге және/немесе есептеу техникасы құралдарының объектілеріне қолданылмайды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдарының басшыларына (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен тізбемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 965 қаулысына қосымша
Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің
интернет-ресурстары санаттарының
тізбесі
№ | Санат атауы | Орыс тіліне аударма | Блокталатын |
| | | |
| | | |
Министр
* мемлекеттік органдарға арналған Интернет желісіне қолжетімділіктің бірыңғай шлюзінің құралдарымен қолжетімділігі шектелген интернет-ресурстар санаттарының тізбесін мемлекеттік органның өзі айқындайды.