Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады;
2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) үш ай мерзiмде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың ведомстволық тiзбелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдарының басшыларына (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |