Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін біліктілігі туралы, әлеуетті өнім берушінің және оның қоса орындаушыларының арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар көрсетілген арнаулы біліктілік және өзге де талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын мәліметтерді қамтуға тиіс.
Әлеуетті өнім беруші қызметтерді қоса атқарушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың баға ұсынымына әсер етуші өлшемдер болған жағдайда, өтінімде оларды растаушы құжаттар да қамтылуға тиіс.
Сондай-ақ, өтінім конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде, әлеуетті жеткізушінің қоса орындаушыға жалпы жиынтығында қызметтер көлемінің 40 %-нан артығын беруіне тыйым салу шарты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;
4) көрсетілетін қызметтердің тізбесін (қатысатын лоттар көрсетілген), оның ішінде:
қызметтердің сапалық сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар);
көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштері;
қызметтерді көрсету орны, жағдайы мен мерзімдері (кезеңдері);
төлемнің балама шарттары (ондайлар бар болса);
көрсетілетін қызметтердің шығыстар бойынша толық жазылған бағасын;
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт заңды күшіне енген сәттен бастап, қызметтердің сапалық сипаттамасын және тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтерді қоса алғанда, олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы міндеттемені;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхатты қамтиды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілетінің болуын растау үшін) қамтуға тиіс.
318. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
319. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттер ашылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама жасайды.
Конкурсты ұйымдастырушы екінші жұмыс күнінің 16 сағатынан кешіктірмей жіберу хаттамасын барлық қатысушыларға жібереді және біліктілік талаптары бойынша іріктеуден өткен қатысушыларды конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің ұсынылу және ашылу уақыты туралы (үшінші жұмыс күнгі сағат 11-ден кешіктірмей) хабардар етеді.
Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ашылған күні конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі және конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылады.
320. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінім ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін және сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын бағаны ұсынған ең болмаса бір әлеуетті өнім беруші болса, конкурс өткізілді деп таниды.
321. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алудағы жеңімпазды анықтау кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алған тұлғалардың пікірі мен ұсынымдарын ескеруге құқылы.
322. Конкурсты ұйымдастырушылар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде, арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылған тізілімдерін салыстырып тексеру негізінде, орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін, қызметтерді жеткізушілерге ай сайын шығындарды өтейді.
323. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен 9 бөлім кіші бөліммен толықтырылды
Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Осы Ереженің 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330 және 331-тармақтарының ережелері 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 324-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
324. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
325. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
326. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
327. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 327-1-тармақпен толықтырылды
327-1. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
328. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
329. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
330. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
331. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен Ереже 10 бөліммен толықтырылды
10-бөлім. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1 қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)
Ережеге
1-қосымша
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
номенклатурасы
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.21.06. № 641 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН-і | Мемлекеттік мекемелер үшін | Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде) | Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) | Қаржы жылы |
| ММ коды | Қор | | | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мемлекеттік сатып алу жоспары
р/с № | Жоспар тармағының түрі | Мемлекеттік мекемелер үшін | Сатып алу мәнінің түрі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды (ТЖҚС сәйкес*) | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы (ТЖҚС сәйкес*) | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы (ТЖҚС сәйкес*) | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілде қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) (ТЖҚС сәйкес*) | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тілінде қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) (ТЖҚС сәйкес*) |
| | Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелік | Қаржыландыру көзі | | | | | | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Қосымша сипаттамасы (сипаттауы) (мемлекеттік тілде)** | Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)** | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі (ТЖҚС сәйкес *) | Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға***, теңге | Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома ***, теңге | Үш жылғы кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома | Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома ***, теңге | Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома ***, теңге | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (ӘАОС сәйкес елді мекеннің коды) | Аванстық төлемнің мөлшері, % |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
* ТЖҚС - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы
** толтыру міндетті емес
*** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС есепке алусыз көрсетеді. Аталған талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері болып табылатын дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Бұл ретте аталған дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар 2013 жылға арналған жылдық жоспарда ҚҚС есепке алусыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаны көрсетуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3 қосымшада бүкіл мәтін бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер және «ашық/жабық» деген сөздер алынып тасталды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге
3-қосымша
Бекітемін:
_______________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы және осы
конкурстық құжаттаманы бекіткен оның лауазымды
тұлғасының Т.А.Ә. көрсету қажет)
200__жылғы «___» _________
шешімнің №________________
ҮЛГІ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
мемлекеттік сатып алу бойынша
_____________________________________________________________________________________________________
( конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын көрсету қажет)
Тапсырыс беруші ______________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан
жері, БСН-і, банктік деректемелері көрсетілсін)
Тапсырыс берушінің өкілі_______________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының - өкілінің Т.А.Ә., байланыс телефондарын және болса электрондық почтасының мекен-жайын көрсету қажет)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
________________________________________________________________________________________________________
(толық атауы, орналасқан жері, БСН-і, банктік деректемелері көрсетілсін)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі
___________________________________________________________________________________________________
(лауазымын, байланыс телефондарын және болса электрондық почтасының мекен-жайын қоса алғанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды тұлғасының - өкілінің Т.А.Ә. көрсету қажет)
Конкурстық құжаттаманың құны
___________________________________________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың құнын теңгемен көрсету не егер конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшін төлем алу көзделмесе немесе конкурстық құжаттама Интернет желісінде электрондық түрде орналастырылса, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: «Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»).
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Конкурс өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету қажет).
2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома____ теңгені құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) лоттарға бөлген жағдайда әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетуі қажет.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын______________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелерін көрсету қажет);
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының почталық мекен-жайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет).
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін _____ (кездесу өтетін орынды, күні мен уақытын көрсету қажет) кездесу өткізеді.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін - азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынады;»;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен бесінші абзац жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды;
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен тоғызыншы абзац жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын.
Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді