1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар.
293. Конверттерді тіркеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Конверттерді конкурстық комиссия белгіленген мерзімде келген өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
294. Құжаттарды қарау әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.
Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді
өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 295-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
295. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, егер көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық шамада тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жағдайларда жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 296-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
296. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 297-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
297. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, кеңестерді, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 298-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
298. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсімдеріне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтінін жариялауға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 299-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
299. Көрмелер өткізу үшін тауарларды, көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйекті кезеңдер жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;
тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;
Заңда және осы Ережеде көзделген екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;
сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуетті өнім берушілердің көрмені өткізуді ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелерді олармен талдау үшін оларды көрсетуді келісу шарттарын қарауы;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды әзірлеушінің қонкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін бірінші кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңгі рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыруды жіберуі;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар екінші кезеңде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 300-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен 300-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
300. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңгі рәсімдерді пайдаланумен конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрмені өткізу үшін осындай мемлекеттік сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрме өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның білімсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқық берілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрмені өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 301-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
301. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін көрмені өткізу үшін конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 302-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
302. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конверттерді ашу, рұқсат беру және конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлім 302-1, 302-2, 302-3, 302-4, 302-5, 302-6, 302-7, 302-8 және 302-9-тармақтармен толықтырылды
302-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасайды.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың екінші кезеңінің қорытындысын жасайды.
302-2. Конкурстық комиссия көрмелерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген конкурстың бірінші кезеңінде, егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;
2) көрмені ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобалары техникалық тапсырманың талаптарына жауап бермесе, берілген конкурстық өтінімді қабылдамайды.
302-3. Егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық комиссия конкурстық өтінімді көрме өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңінде қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен 302-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
302-4. Әлеуетті өнім берушілер семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін, мұндай конкурстың өткізілуі туралы хабарланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Заңның 18-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
патенттің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізуді ұйымдастырудағы тәжірибесі көрсетілген ұсыным хаттарды;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық іс жүзіндегі шығындарын қамтитын бағаны тапсырады.
302-5. Семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткізу кезінде комиссия конверттерді ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
302-6. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылғаннан бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмеген мерзімде шығарады.
302-7. Конкурстық комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаса;
2) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса, конкурстық өтінімнен бас тартады.
302-8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін конкурстық өтінім ұсынған және конкурстық өтінімінің бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын ең болмағанда бір әлеуетті өнім беруші бар болса, конкурс өткізілді деп таниды.
302-9. Тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелері осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртібі
303. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.
304. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
305. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-1-тармақпен толықтырылды
305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-2-тармақпен толықтырылды
305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 306-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
306. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қолданылмайды:
1) төлем қабілетінің болуы;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
307. Конкурстық комиссия отырысының конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі, сондай-ақ тапсырыс берушінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттаманың мәтіні жарияланады.
308. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қарайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда осындай өтінімдерді қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап отыз күнтізбелік күнге дейінді құрауы мүмкін). Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімде тиісінше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 323 Қаулысымен 9-бөлім кіші бөліммен толықтырылды
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну бойынша
арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше тәртібі
309. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі - арнаулы әлеуметтік қызметтер) мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылады.
310. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу Заңға сәйкес конкурс тәсілімен, осы тарауда көзделген нормалар ескеріле отырып өткізіледі.
311. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтерді жыл басынан бастап үздіксіз көрсету үшін келесі жылға арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу бойынша конкурс ағымдағы жылы келесі жылға арналған бюджет бекітілгеннен кейін өткізіледі.
312. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлау Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
313. Конкурстық құжаттамада мынадай деректер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
3) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін сапалық сипаттамасы;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың түпкілікті сапалы нәтиже алуға бағытталған шарттары көрсетілген техникалық айрықшалылығы;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі қажет адамдардың (отбасылардың) саны;
6) қызметтер көрсетілетін орны;
7) қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
8) төлем шарттары мен елеулі жағдайлары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
9) өзінің (және өзі тартатын қоса орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі;
10) жиынтығы шарт бойынша қызметтердің жалпы көлемінің 40 %-нан артығын қоса орындаушыларға беруге тыйым салу туралы ақпарат;
11) конкурсқа қатысуға берілген өтінім мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімдерінің талап етілетін қолданылу мерзімі;
12) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер солардың көмегімен түсіндіру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілетін орнын, күні мен уақытын сұрата алатын тәсілдері;
13) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттің ашылатын орны, күні мен уақыты (жұмыс күнінің жергілікті уақыт бойынша он бір сағатынан кешіктірмей);
14) конвертті ашу рәсімінің, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру сипаттамасы;
15) соның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын бағадан басқа, барлық өлшемдердің, оның ішінде осындай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәні мен шартты баға есебі әдістемесінің сипаттамасы;
16) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын қызметтерді (әр лот бойынша) сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
314. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
315. Конкурстық құжаттамада заңды тұлғаның құқықтық нысанына нұсқамалардың және қызметтердің жеке әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың болуына жол берілмейді.
316. Біртектес немесе бір тектес арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тектес қызметтерді конкурстық құжаттамада арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санаттары мен оларды ұсыну шарттары бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ, конкурстың жеңімпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
317. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместері сауда тізілімінің нотариалды куәландырылған заңды үзінді көшірмесін қазақ және (немесе) орыс тіліне аудармасымен қоса ұсынады;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Заңды тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасын. Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылған күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен сегізінші абзац жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылатын күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген және мөртаңбамен бекітілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) онымен қоса орындаушылардың арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды: