ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін 4 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.
Заң бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.
92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін кемінде 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 93-тармақ өзгертілді
93. Кеңсе Басшысымен келісілген және құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қойған жүргізу тәртібінің жобасы, ақпараттың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі анықтамасы, сондай-ақ олардың электрондық нұсқасы пысықтау үшін Премьер-Министрдің кеңесшісіне жіберіледі.
Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заң бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.
94. Үкімет мәжілісіне шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін мәжіліс алдындағы күні Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі шақырылғандардың тізімін нақтылайды.
95. Мәжіліске қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі анықтама жасайды, онда Үкімет мәжілісінің кворумын және себептерін көрсете отырып, қатыспаған Үкімет мүшелерінің тізімін анықтайды.
96. Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.
97. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәжіліс алдындағы күні Кеңсе Басшысы қол қойған шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын көбейтеді:
1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және хаттама бөліміне береді;
2) нөмірлік мөртабан қойғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;
3) Премьер-Министрдің (түпнұсқа), оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының атаулы папкаларына салады не көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Хатшылыққа және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді;
4) Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.
98. Әдетте, Үкімет мәжілістерінің кейіннен фонограммаларды толық жазып және оларды қағазға басып шығарып, дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.
Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс барысында Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ мәжіліс фонограммасының толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырылатын талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.
99. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
100. Баяндамашылардың таныстыруларын (слайдтарын) көрсетуді тексеруді мәжіліс өткізілер алдындағы күні құзыретіне таныстыратын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді. Таныстыруларды (слайдтарды) көрсету тәртібі мен оған қойылатын талаптарды Кеңсе Басшысы анықтайды.
101. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
102. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.
103. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу, әдетте, мәжіліске дейін 5 минут бұрын аяқталады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
104. Үкімет мүшелері, агенттіктердің төрағалары, ұлттық холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің басшысымен дереу хабарласады, келмеудің себептерін нақтылайды және бұл туралы Кеңсе Басшысына хабарлайды.
105. Тіркеу аяқталғаннан кейін мәжіліске нақты қатысатындардың тізімі және Үкімет мәжілісінің кворумы айқындалған түпкілікті анықтама және себептерін көрсете отырып, Үкіметтің келмеген мүшелерінің тізімі Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
106. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасының мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған тізімге сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын орындай отырып, Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға мобильдік құрылғыларына жіберді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді
107. Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірін көрсете отырып, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа, тиісті қабылдау бөлмелеріне беріледі.
Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкілеріне қаралатын мәселелер (болған жағдайда) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары қоса салынады.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне - Кеңсе Басшысымен келісілген шақырылғандардың тізімі (Үкімет мүшелерінен және Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларынан басқа);
Премьер-Министр Кеңесшісіне - Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасы, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 күн бұрын ұсынады. Хатшылық мәжіліске арналған материалдар салынған папкаларды Премьер-Министр үшін жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргізу тәртібінің түпкілікті көшірмесін Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне береді.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәжіліске шақырылғандардың жалпы тізімін жасайды, оған Кеңсе Басшысы қол қояды.
108. Кюверттік карточкаларды қоюды және мәжіліске қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі жүзеге асырады.
109. Үкіметтің мәжілістерінде Премьер-Министр, ал ол болмағанда - Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
110. Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
111. Үкімет мәжілістері ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрінің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
112. Егер мәжіліске Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
113. Қаулылардың жобаларын қарау мәжілістің күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.
114. Үкіметтің мәжілістерінде қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Қолда бар ескертулер мен ұсыныстар бойынша жоба жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
115. Үкімет қаулыларының әрбір жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.
116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
117. Үкіметтің мәжілісі барысында Кеңсенің құзыретіне қаралатын мәселе жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.
118. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді.
119. Фонограмманы толық жазу және оларды басып шығару мәжілістен кейін бір күн мерзімде жүзеге асырылады. Қағазға басып шығарылған фонограмма көбейтіліп таратылады және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәселелері Үкімет мәжілісінде қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.
120. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы негізінде және соған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамаларын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 121-тармақ өзгертілді
121. Мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын, сондай-ақ ақпаратты электрондық жеткізгіштегі хаттаманың жобасын дайындайды және мәжілістен кейін екі күн мерзімде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне табыс етеді.
Заң бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.
122. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет мәжілісінің хаттамасын Кеңсенің мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелері дайындаған хаттамалық шешімдер жобаларының негізінде Үкіметтің елтаңбалық бланкісінде жасайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 123-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге байланысты), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
124. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына және хаттамада өздеріне қатысты бөлігінде тапсырмалар берілген адресаттарға хаттамадан үзінді көшірме дайындайды, мемлекеттік тілге аударуды, мәтіндердің дәлме-дәлдігін тексеруді, бақылауға қоюды және таратуды қамтамасыз етеді.
125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі кеңеске материалдарды, шақырылғандардың тізімін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.
126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.
127. Кеңеске материалдарды, Премьер-Министрде өтетін кеңесті жүргізу тәртібінің жобасы кеңеске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа жіберіледі.
128. Премьер-Министрдің орынбасарында, Кеңсе Басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.
129. Кеңеске қатысушылардың келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
130. Үкімет (Кеңсе) Басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есептік нөмірлер беріледі.
131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші белгілеген тұлға жүзеге асырады.
132. Хаттаманы ресімдеуді, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды кеңес өткізілген күннен бастап 3 күннен кешіктірмей қызметкері хаттаманы жүргізген Кеңсенің бөлімшесі жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 133-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133. Премьер-Министрде және оның орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсенің Басшысымен келісіледі.
Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесі мәжілістерінің хаттамалары да міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісілуі тиіс.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен
Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының Премьер-Министр Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын (Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және Премьер-Министрдің оларды щұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген нормативтік құқықтық акілердің жобаларын қоспағанда) үкіметтік шешімдерді шығару секторы алдын ала тексеру үшін қағаз және электрондық форматта (нысанда) БЭҚАЖ бойынша сәрсенбіде 9.00-дан бастап 18.00-ге дейін қабылдайды, Премьер-Министрдің өкімдерін, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Премьер-Министрдің оларды шұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын үкіметтік шешімдерді шығару секторы күн сайын сағат 9.00-дан бастап 15.30-ға дейін қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 134-1-тармақпен толықтырылды
134-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшыларының, Премьер-Министрдің орынбасарларының сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 135-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару бойынша жауапты қызметкеріне тапсырады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 135-1-тармақпен толықтырылды
135-1. Үкімет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобалары түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.
Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына, заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларына Үкімет Регламентіне сәйкес жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 136-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
136. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне тексеруді, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауап береді) және Үкімет Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеруді ұйымдастырады. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 137-тармақ өзгертілді
137. Белгіленген тәртіппен тіркелген, бұрын тіркелген құжатқа келіп түскен (Үкімет немесе Кеңсе Басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне тікелей жіберіледі.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
138. Үкімет қаулыларының жобаларын (заң жобаларын қоспағанда) алдын ала тексеру нәтижелері туралы Кеңсе басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндеттерін атқарушы адамды хабардар етеді.
Баяндаудың қорытындылары бойынша Кеңсе Басшысы алдын ала тексерілген Үкімет қаулыларының жобалары бойынша бар ескертулерді талқылау үшін орталық атқарушы органдар жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) қатысуымен кеңес еткізу туралы шешім қабылдайды.
Кеңсе Басшысындағы кеңесте мынадай шешімдер қабылданады:
қаулының жобасы Үкіметтің мәжілісіне шығарылсын;
қаулының жобасы Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және ол Үкіметтің мәжілісіне шығарылсын;
қаулының жобасы әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 139-тармақ өзгертілді
139. Жоба:
1) жобаны кез келген негіздер бойынша дауыс беруге шығарғанға дейін Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің хаттамасы негізінде;
3) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шешімі бойынша пысықталуға қайтарылуы мүмкін.
Әзірлеуші мемлекеттік органның жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 140-тармақ өзгертілді
140. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының Кеңседе өту мерзімі осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес белгіленеді.
Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге түскен күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі 5 күнтізбелік күннен аспауы тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға ұзартуы мүмкін.
141. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда олар Үкіметтің Регламентіне сәйкес Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Бұл ретте енгізілетін жобалардың және оларға материалдардың көшірмелері Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторында қалады.
142. Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге келіп түскен жобалар, жобаны Үкіметтің мәжілісіне немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар туралы, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер туралы хабарлайды.
143. Үкімет мәжілісіне шығару туралы олар бойынша шешім қабылданған жобалар Үкімет мәжілісіне тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 144-тармақ өзгертілді
144. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің отырысына шығарылатын жобалар бойынша:
жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік орган қайтадан бұрыштама қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;
жобаларды тиісті елтаңбалы бланкіде ресімдейді;
әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады, ал заң жобаларын Парламентке жолдауды немесе Парламенттен қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларына Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігінің басшысы қол қояды;
Кеңседе әзірленетін жобаның пысықталатын тұстарының көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады. Үкімет отырысы өткізілгенге дейін екі күннен кешіктірмей толық дайындалған құжаттардың пакетін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.
Үкіметтің отырысында Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған қаулылардың жобалары сол күні Премьер-Министрдің орынбасарларына (тиесілілігі бойынша) және Кеңсе Басшысына бұрыштама соғуға беріледі, одан кейін Премьер-Министрге қол қоюға беріледі. Қаулының жобасына Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мүшелерінің дауыс беру қорытындылары туралы анықтама қоса беріледі.
Тіркелген жобалардың төлнұсқалары Кеңсе Басшысының отырысында олар қаралғанға дейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады.
145. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет мәжілісіне енгізілген жобалар бойынша ескертулері Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.