«4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
77) 137-баптың 2-тармағы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
78) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздері
1. Жеке сот орындаушысы орындауға, мемлекеттен немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардан өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Заңда көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.
2. Істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттардың үлесін (алименттер, жалақы өндіріп алу және басқа да өндіріп алу) уәкілетті орган белгілейді және белгіленгеннен төмен болмауға тиіс.
3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардың, табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілердің қатысуымен атқарушылық құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.
4. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған аткарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалған тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жеке сот орындаушыларына Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу бөлігіндегі ережелері колданылмайды.»;
79) 16-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы»;
80) 140-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысының лицензиясын алған, осы Занда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалады.»;
2-тармақта:
«кезеңдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан артық кезеңдік өндіріп алу бойынша берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын;» деген сөздер «мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан» деген сөздер «орындаушысының лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келісімі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өзінің атынан және өзінің жауаптылығымен атқарады. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
81) 141-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «орналасуға конкурс өткізеді;» деген сөздер «конкурс өткізеді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган емтихан өткізу рәсімін, біліктілік емтиханының емтихан сұрақтарын бекітеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Біліктілік комиссиясының ережесін уәкілетті орган бекітеді.»;
82) 142-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«142-бап. Жеке сот орындаушысының лицензиясы»;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
«Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың» деген сөздер «Жеке сот орындаушысы лицензияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының келісуімен» деген сөздер алып тасталсын;
«Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Сот» деген сөз «Жеке сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрақты судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар не теріс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында кемінде үш жыл жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;
83) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру
1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру тәртіптік комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:
1) жеке сот орындаушысы қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылғанда;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және 77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;
5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін түрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына жіберіледі.»;
84) 144-бапта 1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;»;
2) тармақшадағы «лицензияның» деген сөз «жеке сот орындаушысы лицензиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;»;
6) тармақшадағы «болмаған жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «деп таныған жағдайларда тоқтатылады.» деген сөздер «деп таныған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;
6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;
7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
8) жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған жағдайларда тоқтатылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «тапсырмасы бойынша» деген сөздерден кейін «жеке сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «жеке сот орындаушысының орнын басқан» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «ол тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана өз еркімен лауазымынан босатылуы» деген сөздер «атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 145-бапта:
2-тармақта:
«лицензиясы» деген сөз «жеке сот орындаушысының лицензиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «лауазымына орналасу» деген сөздер «лауазымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
86) 146-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
87) 148-бапта 1-тармақта:
1) тармақшадағы «жеке сот орындаушысы қызметіне тағайындалғаннан» деген сөздер «уәкілетті органда есептік тіркелгеннен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға;
5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға уақтылы және тиісінше ақпарат ұсынуға;
5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;»;
7) тармақшадағы «кәсіби әдеп» деген сөздер «Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жылдың ішінде атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша оқудан (біліктілігін арттырудан) өтуге, кейіннен үш жылда бір рет өтіп тұруға;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға өзінің қызметі туралы ақпарат береді, оның нысаны мен мерзімін уәкілетті орган бекітеді.»;
88) 151-бап алып тасталсын;
89) 152-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесіп» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жеке сот орындаушысы осы Заңның 153-бабының 1-тармағында айқындалған өзінің жұмыс орнынан тыс жерде, осы Заңның 161-бабының 2-тармағына сәйкес өзі мүшесі болып табылатын жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы шегінен тыс жерде атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезде, ол атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жер бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасын хабардар етуге міндетті.»;
90) 153-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері мен жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
3. Жеке сот орындаушыларының ортақ кеңсесі болуы мүмкін. Ортақ кеңсені күтіп ұстаған жағдайда әрбір жеке сот орындаушысы өзінің өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады және оларды жасағаны үшін жеке жауаптылықта болады.»;
91) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі, мөртабандары және бланкілері
Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты мен әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының, атқарушылық округтің атаулары, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәліктің және жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы ұйымдастырады.»;
92) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.»;
93) 16-тараудың 4-параграфы алып тасталсын;
94) 161-баптың 1-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
95) 162-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «лауазымына» деген сөз «лицензиясын алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқудан (біліктілігін арттырудан) өткізеді, оның нәтижелері бойынша растайтын құжат береді;»;
«6-1) өзінің интернет-ресурсында борышкердің аукционда өткізілетін мүлкінің тізімін жариялайды;
6-2) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау үшін кандидаттарға арналған ұсынысты енгізеді;»;
7) тармақшадағы «кәсіби әдепті» деген сөздер «Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
11) тармақшадағы «, кері қайтарып алу» деген сөздер алып тасталсын;
12) тармақшадағы «жағдайлары» деген сөз алып тасталып, «сақтандыру» деген сөзден кейін «туралы, жеке сот орындаушыларын қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тарту жағдайлары туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
96) 165-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;»;
9) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;»;
97) 167 және 168-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«167-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;
2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
3) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастырады;
4) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындайды;
5) республика бойынша және әрбір өңір бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;
6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
9) осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;
10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;
11) мыналарды:
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
тәртіптік комиссия туралы ережені;
біліктілік емтихандары туралы ережені;
біліктілік комиссиясы туралы ережені;
жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс өткізу тәртібін;
жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
іс қағаздарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының зандарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
168-бап. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі аумақтық органның құзыреті
1. Аумақтық орган:
1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өздерінің міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;
3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аумақтық орган жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын жинақтап қорытады;
3) осы Заңның 148-бабының 2-тармағына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдарын қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді.
3. Аумақтық орган өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының жалпы жиналысының, басқармасының және басқа да органдарының отырыстарына қатысуға құқылы.»;
98) 169-бапта:
1-тармақтағы «Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ алып тасталсын;
99) 170-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.
«1) лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, белгіленген мөлшерлемеден асырып сыйақылар алуы, сондай-ақ уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға ақпаратты ұсынбауы, тиісінше немесе уақтылы ұсынбауы;»;
100) 171-баптың 1-тармағындағы «орган мен аумақтық органның» деген сөздер «немесе аумақтық орган басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
101) 172-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы;»
102) 173 және 174-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
174-бап. Өтпелі ережелер
1) Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы құрылғанға дейін оның нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бөлігіндегі функцияларын уәкілетті орган жүзеге асырады.
2) Осы Заңның 34-бабы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жыл бойы алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарға ғана қолданылады.
3. Осы Заңның 74-бабының 1 және 2-тармақтары, 77-бабының 2- тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын, одан кейін бұл нормалар мынадай редакцияда қолданылатын болады деп белгіленсін:
«1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне карамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары аркылы, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттыққа жүргізеді.
2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды. Жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі.».
«2. Осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілгенді қоспағанда, борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта сату жолымен, сондай-ақ, комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.».
4. Осы Заңның 8-тарауы 2-параграфының ережелері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық аукцион өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады деп белгіленсін.
18. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.».
19. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат):
211-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 15-і.
№ 164-V