7) тармақшадағы «өзге де міндеттемелерді» деген сөздер «өзге де іс-әрекеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.»;
18) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру
1. Борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның лауазымды адамы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
2. Көрсетілген қаулының көшірмелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін және борышкерге мәлімет үшін жіберіледі.
3. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкін.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлғаның лауазымды адамының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтык іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс»;
19) 34-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер
1. Борышкер:
1) жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
2) заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда - сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.»;
20) 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Борышкердің өзінің мүліктік жағдайы туралы ақпарат беруі
1. Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Ақпарат беру нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2. Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті.
3. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылык құжатты орындамау болып табылады.
36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі
1. Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,
Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
2. Көрсетілген мәліметтер:
1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;
3) көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.
3. Борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздемелер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде жүргізіледі.
Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде сот орындаушысы уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен алып тастауға негіз болып табылатын тиісті ақпарат жібереді.»;
21) 37-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды. Жеке сот орындаушысына өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдар жібереді.
4. Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл туралы қаулы шығарады.
Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады.
Сот орындаушысы атқарушылык іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, сондай-ақ борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, ол анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.»;
22) 38-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:»;
7) тармақшадағы «болса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) атқарушылык құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 709-1-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.»;
23) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла түрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.»;
24) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.»;
25) 41-бап алып тасталсын;
26) 42-бапта бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;»;
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) тармақшалармен және 13) тармақшадағы «еткен жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс» деген сөздер «еткен;» деген сөзбен ауыстырылып, 14) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);
11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;»;
«14) егер сот борышкерге қатысты іздеу жариялаған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды.»;
43-бап алып тасталсын;
44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері Атқарушылық іс жургізу:
1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (борышкер) банкрот деп жарияланғанға дейін;
2) осы Заңның 42-бабының 5), 7) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда -қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге калдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;
4) осы Заңның 42-бабының 10) тармақшасында көзделген жағдайда - қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда - бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда -борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;
7) осы Заңның 42-бабының 11 -2) тармақшасында көзделген жағдайда -өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;
8) осы Заңның 42-бабының 12) тармақшасында көзделген жағдайда -өндіріп алушыдан өтініш келіп түскенге дейін;
9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда -атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;
10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
29) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта жаңғыртылады.»;
30) 47-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құқықтық мирасқоры болмаған кезде өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның конкурстық басқарушысына, оңалтуды басқарушысына, тарату комиссиясына орындау үшін жіберілсе;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;»
«8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.
Сонымен бір мезгілде орындауды қамтамасыз ету шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана жойылуға тиіс. Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.»;
31) 48-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық мирасқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы туралы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген, сондай-ақ сауда-саттық жарияланған атқарушылық құжат, егер өндіріп алушы орындалуы бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе, өндіріп алушыға өтініші бойынша қайтарып алады.»;
32) 50-бапта:
1-тармактың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсіндіру
Атқарушылық құжат немесе оны орындау тәртібі түсініксіз болған жағдайда, оны орындау үшін алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндіріп алушы немесе борышкер атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімді немесе өзге актіні түсіндіру үшін сотқа немесе атқарушылық құжатты берген органға жүгінуге құқылы.»;
34) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат тіркелген жері не оның органының (құрылтайшысының) нақты орналасқан жері, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
Атқарушылық іс-әрекеттер жасалған жерде сот орындаушысы аудио-, фото-, бейнетіркеуді пайдалана алады, алынған материал кейіннен атқарушылық іс жүргізуге тігіле отырып, бұл туралы іс жүргізу құжатында белгі жасалады.»;
3-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса:
1) мемлекеттік сот орындаушысы бұл туралы дереу қаулы шығарады және оны шығарған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық құжат пен атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарының көшірмелерін борышкердің жаңа тұрғылықты жері немесе нақты тұратын жері, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жері бойынша мемлекеттік сот орындаушысына жіберіп, бұл туралы өндіріп алушыға хабарлайды. Атқарушылық құжаттың көшірмесі атқарушылық іс жүргізуде қалады;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтаруға не онымен келісу бойынша тіркелген жері бойынша борышкердің жылжымайтын мүлкін және (немесе) орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің аумақтық округінен тыс жерге шыға отырып, атқарушылық іс-әрекеттер жасауға құқылы.»;
35) 54-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, маман атқарушылық іс жүргізудің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе өзге де мән-жайлар, атап айтқанда, тараптардың, олардың өкілдерінің бейтараптығына күмән туғызатын туыстық қатынастары орын алса, олар атқарушылық іс жүргізуге қатыса алмайды және одан бас тартуға тиіс»;
3-тармақта:
бірінші бөлік «басшысы» деген сөзден кейін «— аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады. Сот орындаушысы өндіріп алушының немесе бір кезектегі өндіріп алушылардың және борышкердің жазбаша келісуімен осы Заңның 68-бабына сәйкес мүлікті алдын ала бағалап, оны өткізбей, сол қалпында беруге құқылы.»;
37) 57-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкерде кепілге салынбаған мүлкі жеткіліксіз болған кезде борышкердің мүлкіне кепіл құқығы жоқ өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті және ипотекалық тұрғын үй қарызы міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүлікке өндіріп алу сот ұйғарымы негізінде талаптары кепіл ұстаушының талабынан басым болатын, кепіл ұстаушылар болып табылмайтын өндіріп алушылардың мүдделеріне қолданылуы мүмкін. Өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану туралы сот ұйғарымы кепіл ұстаушыны, өндіріп алушыны және борышкерді сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында шығарылады. Мүлікті өткізу кепілге салынған мүлікті өткізу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда талаптар осы Заңның 110-112-баптарында белгіленген кезектілік тәртібімен өткізілген мүліктің құнынан қанағаттандырылады.»;
38) 58-бапта:
2-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкім берілген банктік шотта ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша өндіріп алу борышкердің теңгедегі не төлем жасалған күні Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған валютаның нарықтық айырбас бағамы қолданыла отырып, шетелдік валютадағы банктік шотынан (шоттарынан) жүргізіледі. Осы тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімді сақтау және орындау ол толық орындалғанға дейін борышкердің банктік шоттарына ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.»;
39) 62-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда соттың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте, сот орындаушысы өндіріп алуды борышкердің мүлкіне қолданудың кезектілік кағидаларын қолданбауға құқылы.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салу туралы сот орындаушысының қаулысында тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Борышкердің банктік шотындағы ақшасына атқарушылық санкцияны, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті сомада тыйым салынады.
Егер инкассолық өкім негізінде ақшаны өндіріп алу толық көлемде жүргізілген жағдайда, инкассолық өкім орындалған атқарушылык іс жүргізу шеңберінде бүдан бүрын салынған тыйым алып тасталды деп есептеледі, ал тыйым салу туралы қаулы оның бастамашысына қайтарылуға тиіс»;
40) 63-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.»;
41) 67-баптың 1-тармағында:
2) және 4) тармақшалар «әкесінің аты», «әкелерінің аттары» деген сөздерден кейін тиісінше «(ол болған жағдайда)», «(олар болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;»;
7) тармақша «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 68-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің мүлкін бағалауды сот орындаушысы уәкілетті орган бекіткен борышкердің мүлкін бағалау әдістемесіне сәйкес оның нарықтық құны мен нақты тозуын ескере отырып жүргізеді. Бұл ретте өндіріп алушы мен борышкер арасында қол жеткізілген бағалау туралы келісім ескерілуі мүмкін.
Егер жекелеген заттарды бағалау қиындық тудырса не борышкер немесе өндіріп алушы сот орындаушысының жүргізген бағалауына қарсылық білдірсе, сот орындаушысы мүлік құнын анықтау үшін маман тағайындайды. Маманның бағалауына келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарабы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен танысқан (көшірмесін, хабарламасын алған) кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде оған дауласуға құқылы.
Жүргізілген бағалаумен келіспеген жағдайда, сот орындаушысы қайта бағалауды тағайындайды, бұл ретте, қайта бағалау жөніндегі маманға ақы төлеуді атқарушылық іс жүргізудің бағалаумен келіспеген тарабы жүргізеді.