Валюталық құндылықтар, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар, антиквариат, кескіндеме және мүсін өнері туындылары, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік міндетті түрде мамандардың қатысуымен бағаланады.»;
43) 72-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші кезекте борышкердің іс жүргізуге тікелей қатысы жоқ мүлкі, оның ішінде бағалы қағаздары, валюталық құндылықтары, қымбат бағалы металдары мен асыл тастары, зергерлік бұйымдары, көлік құралдары өткізіледі;»;
44) 74-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді. Аукцион нысанындағы сауда-саттықты жеке сот орындаушысы - дербес, ал мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы жүргізеді.
Аукцион нысанындағы сауда-саттық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукцион арқылы жүргізілуі мүмкін.
2. Мүлікті өткізу нысанын таңдауды сот орындаушысы мүлік түрін ескере отырып айқындайды.
Мынадай:
жылжымайтын мүлікті қоспағанда, құны үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік комиссиялық негіздерде өткізіледі;
құны үш жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлік аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізіледі.
Электрондык аукционда мемлекеттік тіркелуге жататын және (немесе) құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік өткізіледі.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы атқарушылық іс-әрекеттерді, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мүлікті сауда-саттыққа шығару бойынша жүзеге асырмауына негіз болып табылмайды. Мүлікке салынған тыйым борышкер мен сатып алушың сатып алу-сату шартына қол қойғаннан және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізгеннен кейін ғана алынады.»;
45) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:
«74-1-бап. Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті есепке алуы
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тыйым салынған мүліктің есепке алынуын қамтамасыз етеді.»;
46) 77-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкердің тыйым салынған мүлкін өткізу, осы Заңның 75 және 76-баптарында көрсетілген мүлікті қоспағанда, аукцион нысанындағы сауда-саттықта, оның ішінде электрондық аукцион арқылы, сондай-ақ комиссия шарты негізінде сауда ұйымдары арқылы сату жолымен жүзеге асырылады.
3. Тез бұзылатын мүлікті, оған тыйым салынып, тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша дереу сатуға тапсырады.»;
5-тармақтағы «, ал оған бұрын салынған тыйым алып тасталады» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ «ол» деген сөзден кейін «сот орындаушысының қаулысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «Сот» деген сөз «Мемлекеттік сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жеке сот орындаушысы жылжымайтын мүлікті оның тіркелген жері бойынша өткізеді, ал өзге мүлікті оның орналаскан жері бойынша өткізеді.»;
47) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкердің мүлкін өткізуге беруді мемлекеттік сот орындаушысы мамандандырылған сауда ұйымы арқылы кабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысы комиссиялык сауданы жүзеге асыратын ұйымдармен шарттарды дербес жасайды.»;
48) 79-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің мүлкі аукционда өткізілетін кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын, ресми хабарларды жариялауға құқығы бар мерзімді баспасөз басылымдарында аукцион өткізілгенге дейін кемінде он күннен кешіктірмей, қазақ және орыс тілдерінде алдағы аукцион туралы хабарлайды. Кепілге салынған мүліктің аукцион нысанындағы сауда-саттықта сатылатын уақыты мен орны туралы сот орындаушысы кепіл ұстаушыға хабарлайды.
2. Борышкердің мүлкі аукционда өткізілген кезде мемлекеттік сот орындаушысы мүлік тізімін - аумақтық органның интернет-ресурсында, ал жеке сот орындаушысы - жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының интернет-ресурсында жариялайды.»;
49) 80 және 81-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«80-бап. Аукцион өткізудің жалпы шарттары
1. Аукционға қатысуға тілек білдіруші адамдар аукционға қатысуға өтінім және өздерінің оған қатысуына кедергілердің жоқ екендігі туралы қолхат беруге және өндіріп алушыны қоспағанда, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна салуға міндетті. Аукционды ұйымдастырушының не жеке сот орындаушысының аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауы аукцион басталғанға дейін бір тәулік бүрын аяқталады. Аукционда ұтқан адам енгізген сома сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Аукционның қалған қатысушылары енгізген кепілдік жарна оларға аукцион аяқталганнан кейін бес күн ішінде қайтарылады.
2. Аукционға сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жүбайы (зайыбы), борышкер сатып алушы ретінде қатыса алмайды.
81-бап. Аукцион өткізудің тәртібі
1. Аукцион басталар алдында қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе жеке сот орындаушысына жеке тұлға үшін - жеке басты куәландыратын құжаттарды не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкілдің сенімхатын ұсынады. Аталған құжаттардың көшірмелері атқарушылық іс жүргізу материалдарына тігіліп қойылады.
2. Аукцион басталғанда сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы оны өткізу қағидаларын, сатылатын мүліктің атауын, бастапқы бағасын және мүліктің бастапқы бағасының бір пайызынан кем болмайтын бағаны өзгерту қадамын жариялайды.
Бұдан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы аукционға қатысушылардан мүліктің бастапқы бағасына қарағанда көбірек құн төлеуге кімнің дайын екендігін анықтайды.
3. Аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген мүліктің бағалау кұнынан басталады. Сатып алу бағасын ұлғайту қатысушының өзіне берілген тіркеу нөмірі бар карточканы көтеруі және бастапқы кұнын бір қадамға немесе бірнеше қадамға ұлғайту туралы хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мүліктің кұнын әрбір ұлғайтудан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мүлік құнының ұлғайтылғаны туралы хабарлайды және аукционды өткізу хаттамасына бағаны көтерген қатысушының деректерін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді, одан кейін басқа қатысушыдан (қатысушылардан) бағаны соңғы көтерген қатысушыға қарағанда көбірек құн төлеуге кімнің дайын екендігін анықтайды.
5. Аукциондағы зат қатысушылардың бірі ұсынған және сауда-саттықты ұйымдастырушы үш рет қатарынан жариялаған соңғы баға бойынша сатылды деп есептеледі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны үшінші рет жариялағанға дейін аукционға басқа қатысушылардан оны көтеруге ұсыныстар түспесе, ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.
6. Сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарнаны есепке жатқыза отырып, өзі сатып алған мүлік үшін толық соманы енгізуге міндетті. Сатып алушы бүкіл сатып алу сомасын белгіленген мерзімде енгізбеген кезде аукцион басталар алдында енгізілген кепілдік жарна оған қайтарылмайды және мемлекет кірісіне немесе жеке сот орындаушысының кірісіне түседі. Егер сатып алушының аукционға катысуға құқығы болмағаны анықталған жағдайда да кепілдік жарна қайтарылмайды.
Өндіріп алушы сауда-саттық жеңімпазы болып жарияланған кезде және егер мүлік сатып алынған сома борыш сомасынан асып кетсе, өндіріп алушы борыш сомасы мен сатылған мүліктің құны арасындағы айырманы енгізеді.
7. Егер аукционда мүлікті сатып алушы осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде сатып алу бағасын енгізбеген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін ең жоғары баға ұсынған аукционның келесі қатысушысына мүлікті жеңімпаз ұсынған бағадан бір қадам төмендетілген баға бойынша оның сатып алуы туралы өтініш беру құқығы туралы хабарлайды. Аукционның аталған қатысушысы мүндай өтінішті хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыға беруге құқылы. Сатып алу бағасын аукционның аталған қатысушысы сауда-саттықты ұйымдастырушының, жеке сот орындаушысының хабарламасын алғаннан кейін бес күн ішінде енгізеді.
8. Егер сатылған мүліктен түскен түсім өндіріп алушының талаптарын қанағаттандыру, мәжбүрлеп орындату, атқарушылық санкциясы бойынша шығыстарды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті сомаға жететін болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционды тоқтатады.»;
50) 82-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Аукционды ұйымдастырушы немесе жеке сот орындаушысы мынадай мәліметтерді:»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүлікті сауда-саттыққа қоятын сот орындаушысының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда);
3) мүлікке тыйым салынған атқарушылық құжатты және тыйым салу туралы қаулыны;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сауда-саттықты ұйымдастырушының, сот орындаушысының, мүлікті сатып алушының, сатып алушыдан кейін екінші бағаны ұсынған аукционға қатысушының, сондай-ақ егер олар қатысып отырған болса, өндіріп алушы мен борышкердің қойылған қолдарын қамтитын аукцион өткізу хаттамасын жасайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аукцион өткізу хаттамасының бір данасы сауда-саттық жеңімпазына тапсырылады, хаттаманың екінші данасы іс жүргізуінде атқарушылық құжат жатқан сот орындаушысында қалады.»;
51) 83-баптың бірінші бөлігіндегі «аукциондағы мүлікті сатып алушымен» деген сөздер «сот орындаушысы мен аукциондағы мүлікті сатып алушы арасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 84-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе не аукционға екеуден аз сатып алушы келсе;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер аукцион өткізілмесе, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна оны енгізген адамдарга қайтарылады.»;
53) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдары
1. Аукцион өткізілмеді деп жарияланған жағдайда өндіріп алушыға мүлікті бастапқы құны бойынша өзінде қалдыру, ал одан бас тартқан жағдайда қайталама сауда-саттықтарға қатысу құқығы беріледі.
2. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлігінің құнынан атқарушылық іс-әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және мүліктің берілген құнына мөлшерлес жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.
3. Аукцион өткізілмеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзінде қалдырудан бас тартқан жағдайларда сот орындаушысы осы Заңда белгіленген қағидаларды сақтай отырып, қайталама аукцион тағайындайды. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың біреуінің аукционға шығарылған мүлік құнының бастапқы бағалауының елу пайызынан төмен болмауға тиісті жарияланған бағамен мүлікті сатып алуға келіскен кезіне дейін жарияланған қадаммен төмендетіледі.
4. Егер аукционшы қатысушының нөмірін қайталаған кезеңде басқа қатысушы (қатысушылар) нөмірін көтерген жағдайда, осы лот бойынша сауда-саттықты жалғастыру бағаны көтеру жағына көше отырып жүзеге асырылады.
5. Қайталама аукцион өтпеді деп жарияланган жағдайда мүлік өндіріп алушыға оның бастапқы құнының (бағалауының) жиырма пайызына азайтылған баға бойынша ұсынылады. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде борышкердің басқа мүлкі болмаған жағдайда сот орындаушысы оны қайта бағалау және одан әрі өткізу жөнінде шаралар қолданады.»;
54) 86-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану үшін сот орындаушысы өндіріп алуды дебиторлық берешекке қолдану туралы қаулы шығарады, онда дебитордың ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі көрсетіледі.
Өндіріп алуды дебиторлык берешекке қолдану туралы қаулы дебиторға және атқарушылық іс жүргізу тараптарына жіберіледі.
5. Сот орындаушысының қаулысы дебиторды қаулыда көрсетілген аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ақша енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемені орындауға міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешектің туындауына негіз болған құқықтық қатынастарды өзгертуге тыйым салады.»;
55) 87-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың дебиторлық берешегін анықтау үшін сот орындаушысы борышкерден, борышкердің контрагенті болып табылатын заңды тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан қажетті бухгалтерлік құжаттаманы талап етуге құқылы.»;
«3. Борышкер, салық органдары, занды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.»;
56) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.»;
57) 99-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.»;
3-тармақтағы «тұрған өңірдегі (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 100-баптағы «азаматтар және ұйымдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «адамдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
59) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«102-бап. Жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылау
Сот орындаушысы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.»;
60) 106-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысы борышкерді үйден шығару уақыты туралы хабардар етеді. Үйден шығару уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқарушылық құжатты орындауға кедергі болып табылмайды. Борышкер болмаған кезде атқарушылық іс-әрекеттер аудио-, фото-, бейнетіркеу колданыла отырып жүргізіледі.»;
61) 11-тараудың тақырыбындағы «өндіріп алушылар арасында» деген сөздер алып тасталсын;
62) 108-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, содан соң орындау жөніндегі шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.
Жеке сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар бойынша сомалар өтеледі, содан соң жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар және орындау жөніндегі шығыстар төленеді, қалған сома өндіріп алушылардың, оның ішінде өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандыруға түседі.
Барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.»;
63) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Өндіріп алуға қосу
Бір борышкерге қатысты қозғалған бірнеше атқарушылық іс жүргізуді, сондай-ақ ортақ өндіріп алу бойынша бірнеше борышкерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізуді сот орындаушысы өндіріп алуға қосуы мүмкін.»;
64) 114-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ «басшысы» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.»;
65) 117-бап алып тасталсын;
66) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау қағидалары
1. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізіледі және өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының үштен жиырма бес пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.
2. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
3. Жеке сот орындаушысы өзінің көрсеткен қызметтерінің ақысы үшін соманы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мөлшерде және тәртіппен ғана өндіріп алуға құқылы. Жеке сот орындаушысына өзінің қызмет ақысы сомасының белгіленген мөлшерін өзгертуге тыйым салынады.
4. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Өндіріп алушы жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер осы тұлғаларға атқарушылық іс-әрекеттер жасалған кезде қолданылады.»;
67) 119-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «белгіленген тарифтерге сәйкес айқындалған» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мемлекеттік органдар;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы бапта көзделген аванс беру шарттары осы Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде реттеледі.»;
68) 120-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер орындау барысында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілмесе, орындау жөніндегі шығыстар, өндіріп алушы енгізген аванстық жарналар өтелмесе, жеке сот орындаушысы осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген қаулыларды шығарып, оны борышкерге жібереді.
2. Егер атқарушылық құжат ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейін орындалса, оны орындау борышкерді орындау жөніндегі нақты келтірілген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуден босатпайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
69) 122-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «және» деген сөзден кейін «қажет болған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
70) 123-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Борышкерлерден өндіріп алынған, аумақтық органның қолма-қол ақшаның бақылау шотында, жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарында сақталатын талап етілмеген ақшалай қаражат және мүдделі тұлғаларға арналған басқа да сома, оның ішінде шығыстарды өтеу бойынша аванстық сома қолма-қол ақшаның бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттарына аударылған кезден бастап бес жыл өткеннен кейін аумақтық органның ұсынуы бойынша сот актісі негізінде республикалық бюджетке аударылады.»;
71) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Атқарушылық санкциясы. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын бүзғаны үшін жауаптылық»;
72) 124-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжатты орындаса;»;
73) 125-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауаптылығы және оның салдары»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Борышкер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттың талаптарын уақтылы орындамаған жағдайда, сот орындаушысы борышкерден атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін өндіріп алу сомасының немесе берілуге жататын мүлік құнының 0,1 пайызы мөлшерінде өндіріп алушының кірісіне өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған кезден бастап сотқа жүгінеді.»;
74) 126-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) басқа сот орындаушыларында атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтауға;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге;»;
7) тармакшадағы «кез келген меншік нысанындағы» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша «қатысушыларына» деген сөзден кейін «және өзге де адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) егер атқарушылық құжатты орындау процесінде осындай қажеттілік туындаса, басқа аумақтық органның және (немесе) бөлімнің мемлекеттік сот орындаушыларына (жеке сот орындаушысын қоспағанда) жекелеген атқарушылық іс-әрекеттер жасауды тапсыруға;»;
18) тармақша «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
75) 128 және 129-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«128-бап. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауаптылық
1. Сот орындаушысының заңды талаптары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
2. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруына кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
129-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі
1. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесін:
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган;
2) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы бөлімдері (аумақтық бөлімдер) құрайды.
2. Уәкілетті органның өкілеттігі және қызметінің тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрі бекітетін ережеде айкындалады.
Уәкілетті органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлімдерінің өкілеттігі және қызметінің тәртібі осы Заңда және уәкілетті орган бекітетін ережеде айқындалады.»;
76) 131-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: