3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
4. Құқық қорғау органдарының әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген, осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толуына байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
1) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл болған кезде - толық көлемде;
2) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан аз болған кезде толық емес көлемде тағайындалады.
2. Орталықтан толық көлемде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 50 пайызы есебімен белгіленеді.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек өтілінің әрбір жылы үшін осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебімен белгіленеді.
4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан асатын еңбек сiңiрген жылдарының әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 2 пайызына, еңбек өтілінің әрбір жылы үшiн - 1 пайызына ұлғайтылады. Жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтiлiнiң әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 1 пайызына ұлғайтылады.
5. Осы баптың 1 - 4-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалған ақшалай қамтылымның 65 пайызынан аспауға тиіс. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 104 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу
Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.
67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қамтылымның мөлшері
1. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен шығарылған) күнге айқындалады.
2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық жалақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша жалақы (қосымша ақы) кіреді.
3. Әскери қызметшілерді, кеден органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру мерзімдері
1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан, толық жүргізіледі.
3. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.
4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда, зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.
5. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда, зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.
69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты және тәртібі
1. Әскери қызметшiлер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі он жылдан аз әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы Заңның 67-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қамтылым мөлшерінің 20 пайызы мөлшерiнде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 4-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.
70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
71-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы болған адамдарға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
1. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 11-бабында белгiленген жағдайлар болған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау шарттары, тәртiбi және олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
72-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
73-бап. Өтпелі ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрады.
2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен кесте бойынша жүзеге асырылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бұрынғы кастодиан-банктердің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, Орталықтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті өкілдері қол қойған зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актілерімен ресімделеді.
Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге салымшылар (алушылар) алдында зейнетақы активтері бойынша берешегі бар жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылатын күнге дейін оны өтеуге міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруге байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бергенге дейін уәкілетті органға ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебінде орындаушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірі және аталған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру аяқталғанға дейін:
1) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру ұйымдарына аудару;
2) кестеде айқындалған мерзімдерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды қоспағанда, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына ауыстыру тоқтатылады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияларының қолданысы зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне осы баптың 2-тармағында аталған барлық уәкілетті өкілдер қол қойған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшылармен (алушылармен) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салымшылар (алушылар) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыруға;
2) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға лицензиялардың бланкілерін қайтаруға міндетті.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорлары осы бапта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
8. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға арналған лицензияның бланкін уәкілетті органға қайтарғаннан кейін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар келіп түскен кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.
9. Зейнетақы жинақтары осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген салымшыларға осы Заңның 39-бабының 3-тармағында және 40-бабында белгіленген талаптар қолданылмайды.
10. Жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) тараптардың бірі болып табылатын, жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыруға, жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) қызметін ұйымдастыруға, жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысына, жинақтаушы зейнетақы қорының (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) есепке алуы мен есептілігіне, зейнетақы жинақтарының құпиялылығына және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға байланысты құқықтық қатынастар жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым) лицензиясының қолданысы тоқтатылған күнге дейін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес реттеледі.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайтын нормалары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
11. Зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияларының қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатылатын, инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия алмаған жинақтаушы зейнетақы қорлары, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес таратылуға жатады.
Мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
74-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 34-баптың 1-тармағын;
2) осы Заңның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайтын нормаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 28-баптың 4-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«4. Салық органдарының өкімі бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн ұсынбаса және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.».
3. Осы Заңның 73-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.