Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 1-қосымша
Шарттың ерекше талаптары
(Осы қосымшада Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартпен реттелмеген және концессия объектісін салу (салу және пайдалану) жоспарланатын экономика саласының (аясының) өзіндік ерекшеліктерінің салдары болып табылатын Концедент пен Концессионердің өзара қарым-қатынас аспектілері егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Қосымшада Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта көзделген ережелер де көрсетіледі.
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 2-қосымша
Мемлекеттік қолдау шарасы
(Осы қосымшада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Концессионерге берілетін концессионерді мемлекеттік қолдау шарасы егжей-тегжейлі көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 3-қосымша
Жобалау-сметалық құжаттама
(Осы қосымшада Концессионер әзірлеген концессия объектісін салуға және/немесе қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама егжей-тегжейлі көрсетіледі. Сол сияқты Концессионердің концессия объектісін жақсарту жөніндегі қажетті шарттар мен талаптар да көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 4-қосымша
Концессия объектісі
(Осы қосымшада техникалық-экономикалық ерекшеліктерді қоса алғанда, концессия объектісінің сипаттамасы көрсетіледі. Сол сияқты Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың ережелеріне сәйкес Концессионер концессия объектісін Концедентке берген кезде оның талап етілетін техникалық-экономикалық ерекшеліктері де көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 5-қосымша
Өзге мүлік
(Егер концессия жобасының шарттарында Концедент Концессионерге концессия объектісі болып табылмайтын мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың қолданылу мерзіміне беруді көздейтін жағдайда осы қосымша әзірленеді. Осы қосымшада техникалық-экономикалық ерекшеліктерді, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілердің тізбесін, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімін қоса алғанда, өзге мүліктің құрамы, сипаттамасы көрсетіледі. Сол сияқты Концессионер өзге мүлікті Концедентке берген кезде объектілердің құрамы, тізбесі және өзге мүліктің талап етілетін техникалық-экономикалық ерекшеліктері де көрсетіледі).
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 6-қосымша
Бизнес-жоспар
(Осы қосымшада Концессионердің концессия объектісін концессияға беру жөніндегі конкурсқа әзірлеген және ұсынған бизнес-жоспар көрсетіледі. Егер бизнес-жоспарда Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта бизнес-жоспарға енгізу көзделген ережелер болмаса, онда осы ережелер Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың 1-қосымшасына енгізіледі. Бұл ретте Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартқа тиісті сілтемелік нормаларға өзгерістер енгізіледі).
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Экономиканың түрлі саласындағы
(аясындағы) концессияның жаңа
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 7-қосымша
Жер учаскесін жалдау (қосалқы жалдау) шарты
(Осы қосымшада Жер учаскесін жалдау үлгі шартының негізінде Концедент әзірлейтін және Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың 5-тарауында аталған ережелерді қамтитын Жер учаскесін жалдау (қосалқы жалдау) шарты көрсетіледі.)
Тараптардың қолдары
_______________ _________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1326 қаулысымен
бекітілген
Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі
үлгі шарт
_______________ 200__ жылғы "__"__________
(қол қойылатын қала)
Бұдан әрі Концедент деп аталатын, ___________________негізінде әрекет
ететін мемлекеттік органның атынан _________________________________________________________________________________ бір
тараптан, және бұдан әрі Концессионер деп аталатын ____________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін _________________________________________________________________________________________ атынан
______________________________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар,
Концессиялар жөніндегі комиссияның _________________________________________________________________ 20 __ жылғы "__" ___
(комиссияның толық атауы көрсетілсін)
№ ____ шешімінің негізінде, «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4 және 5-тарауларына сәйкес Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартты жасасты.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1. Шарттың мәні мен мақсаты
1. Жақсарту және тиімді пайдалану, атап айтқанда
______________________________________________________________________________________________________________________
(инвестицияларды тарту арқылы және/немесе - нақтысын көрсетіңіз
өндірілетін өнімдердің (қызметтердің) көлемін ұлғайту, өзіндік құнын азайту және кірістілігін арттыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, барынша пайда алу және т.б. - керегі көрсетілсін)
мақсатында Концедентке меншік құқығында тиесілі объектіні Концеденттің Концессионерге уақытша иелік етуге және пайдалануға беруі кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу Шарттың мәні болып табылады.
2. Концедент объектіні концессияға береді, ал Концессионер қабылдап
алады және өз атынан Концеденттің мүддесі
үшін ___________________________________________________________________________________________________ жүзеге асырады.
(қайта жаңартуды және пайдалануды және т.с.с. - қажеті көрсетілсін)
2. Объект туралы мәліметтер
3. Объектінің мынадай сипаттамалары бар:
атауы; ________________________________________________________________________________________________________________
(объектінің толық атауы көрсетілсін)
заңды мекен-жайы _____________________________________________________________________________________________________
(объектінің заңды мекен-жайы көрсетілсін)
деректемелері; ____________________________________________________________________________________________________
(объектінің толық деректемелері көрсетілсін)
ауыртпалықтар; ____________________________________________________________________________________________________
(ауыртпалықтар болған жағдайда олар көрсетілсін)
қызмет түрлері; ___________________________________________________________________________________________________
(объектінің қызмет түрлері көрсетілсін)
қызметтердің атауы ________________________________________________________________________________________________
(объекті ұсынатын қызметтердің тізбесі көрсетілсін)
құнын, техникалық құжаттамасын және т.с.с. көрсете отырып, объектінің мүліктік кешеніне енетін мүлік тізбесін қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей өзге мәліметтер.
4. Шарттың 3-тармағында көрсетілген деректерді растауға Концедент
Шартқа: ______________________________________________________________________________________ көшірмелерін қоса береді.
3. Шарттың орындалуына кепілдіктер
5. Концедент мынаны растайды:
1) Шартқа қол қойған күнге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты мемлекеттік тіркеген сәтке дейін объект Концеденттің толық және шектеусіз меншігінде, үшінші тұлғалардың құқықтарынан және қандай да бір ауыртпалықтардан бос (егер ауыртпалықтар болған жағдайда);
2) Концеденттің немесе Концессионердің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер етуі мүмкін объектіге қатысты ешқандай сот және төрелік талқылаулар жоқ;
3) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар тіркеген.
6. Концедент осымен, егер мұндайлар Шарт күшіне енгеннен кейін анықталатын болса немесе туындаса, объектіге қатысты үшінші тұлғалардың қандай да бір талап-тілектерінен Концессионерді босатуға кепілдік береді.
7. Концессионер Шартқа қол қою күніне мыналарды:
1) ол тарату, қайта ұйымдастыру, банкроттық сатысында тұрған жоқ;
2) оның мүлкі тұтқындалмаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған;
3) Шарттың 2-тармағында және бизнес-жоспарда көрсетілген жұмыстар мен іс-шараларды жүргізу үшін барлық қажетті лицензиялары мен рұқсаттары бар;
4) Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары бар;
5) Шарттың 7-бөліміне сәйкес қарыздарды, кредиттерді ресімдеу, облигациялар шығару, инвестициялар тартудың өзге түрлері және объектіні қаржыландыру үшін, оның ішінде мемлекеттік қолдауды ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген құжаттардың бар екендігін растайды және кепілдік береді.
8. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады.
9. (Тармақ, егер Концессионерге жер учаскесін беру Шарттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет болса енгізіледі) Концедент Концессионермен Шарт күшіне енген күннен бастап _______ күн ішінде Шарт бойынша қызметін жүзеге асыру үшін Концессионерге қажетті жер
учаскесін ___________________________________________________________________________________________________________
(жалдау, қосалқы жалға алу - керегі көрсетілсін)
шартын жасасады.
Көрсетілген жер учаскесін _____________________________________________________________________________________ шартында
(жалдау, қосалқы жалға алу - керегі көрсетілсін)
Концеденттің жер учаскесін Концессионерге беру, пайдалану және Концессионердің Концедентке қайтару талаптары айқындалады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге қосымша ережелер енгізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.
10. Тараптар концессияның мерзімі ішінде мынадай (қоса алғанда, бірақ шектелмей):
Тараптардың атауын өзгерту;
Тараптарды қайта тіркеу, қайта ұйымдастыру немесе қайта құру;
Тараптардың тіркеу деректерін өзгерту;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу;
Шартты іске асыру шеңберінде операциялар жүргізу үшін шоттарды өзгерту сияқты мүмкін оқиғалардың салдарынан объектінің деректемелерінде немесе сипаттамаларында қандай да бір сапалық, сандық өзгерістер болса,
онда Шарт болған өзгерістерді ескере отырып, өзінің қолданылуын жалғастырады деп келісті, ол Шартқа қосымша жазбаша келісіммен ресімделетін болады.
4. Қажетті жақсартулар
11. Объектіні пайдалану нәтижесінде Концессионер алған өнім мен өзге кірістерді қоспағанда, объектіде немесе оның кез келген бөлігінде жүргізілген қажетті жақсартулар, Шарттың талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік меншік құқықтары Концеденттің меншігі болып табылады.
12. Концессионердің объектіде орындалатын қызметтердің қажетті саны мен сапасын беруі мақсатында объектіге қажетті жақсартулар жүргізудің шарттары, көлемі мен мерзімі бизнес-жоспарда айтылған.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Концеденттің:
1) Концессионермен Шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2) Концессионердің кінәсінен болған объектінің жай-күйі нашарлаған жағдайда Концессионерден шығындарды өтеуді талап етуге;
3) Концессионердің жедел қызметіне және Шартты іске асыру барысына араласпай, аудиторлық ұйымды және/немесе тәуелсіз консалтингтік компанияны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Шарттың талаптарын Концессионердің сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген жолсыздықтарды жоюды талап етуге;
5) Шартта белгіленген тәртіппен Концессионерден объектінің қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде объект бойынша қаржылық есептілікпен танысуға;
6) Шартта белгіленген мерзімде Концессионерден объектінің қызметі туралы есепті, сондай-ақ Шарт бойынша Концессионер қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжаттарды талап етуге және алуға;
7) Концессионер Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда Шартты бұзуды, шығындарды өтеуді талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Концессионердің:
1) Шартта көзделген талаптарда объектіге қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық преференциялардың субъектісі болуға; 3) Концеденттің жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана объектіні пайдалану жөніндегі мердігерлік жұмыстарды орындау үшін мердігерлерді тартуға;
4) Шартты орындауға байланысты тартқан шығындардың өтемін объектіні пайдалану есебінен және/немесе бизнес-жоспарға сәйкес алуға;
5) Концедент Шарт талаптарын бұзған жағдайда оны бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған шығындарды өтеуді талап етуге;
6) егер Концедент ұсынған Шарттың талаптарын өзгерту Концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырса, шығындарды өтеуді талап етуге;
7) объектінің Концессионері ретінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш білдіруге;
8) Концедент Шарт бойынша өз міндеттемелерін және/немесе кепілдіктерін орындамаған жағдайда Шартты орындауға кіріспеуге немесе орындаудан бас тартуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
15. Концедент:
1) Шарт күшіне енген күннен бастап «________» күн ішінде белгіленген тәртіппен Шартта көзделген Концессионердің объектіге құқықтарын ресімдеуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап «_________» күн ішінде Концессионерге Шарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Концессионердің объектіге құқықтарын растайтын құжаттарды беруге;
3) жыл сайын жасалған концессия шарттары туралы тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға есептік ақпарат беруге;
4) Шартта көзделген талаптарды сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2011.17.11. № 1349 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Концессионер:
1) объектінің қызмет бейінін сақтауға;
2) бизнес-жоспарда көзделген жұмыстарды жүргізуге (тауарларды өндіруге, қызметтерді көрсетуге);
2-1) объекті қызметін жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту бойынша талаптарды көздеуге, оның ішінде қазақстандық қамту мөлшерімен кемінде тауарларға қатысты ____%, жұмыстарға қатысты ____%, көрсетілетін қызметтерге қатысты ____ %;
3) Шарт күшіне енген күннен кейін________________күннен кешіктірмей бизнес-жоспарды іске асыруға кірісуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектінің мүліктік кешеніне енетін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және бюджетке өзге міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге;
6) сапа менеджменті мен экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
7) тұрақты, Шарттың 6-бөліміне сәйкес Концедентке Шарт бойынша өз қызметі туралы жазбаша нысанда есепті беруге;
7-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсынуға;
8) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін және Шартта көзделген өзге жағдайларда белгіленген тәртіппен объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы_________күн ішінде Концедентке тиісінше техникалық жағдайда және үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін беруге;
9) объектіні тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдері басталғанға дейін объекті мүлкінің сақталуына жауап беруге;
10) объектіні немесе оның қандай да бір бөлігін кепілге беру туралы мәселені Концеденттен алдын ала жазбаша келісуге;
11) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні тиісінше жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге;
13) объектіні пайдаланған кезде қолданыстағы сапа стандарттарын сақтауға;
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін көрсету;
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) «Концессиялар туралы» Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 13-3) тармақшамен толықтырылды
13-3) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 13-4) тармақшамен толықтырылды
13-4) объектінің және/немесе мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтеруге
______________________________________________________________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе Тараптар олардың
_____________________________________________________________________________________________________________________
басталуымен көрсетілген кезеңде міндеттемелердің туындауын
______________________________________________________________________________________________________________________
байланыстыратын оқиғаны көрсетумен - керегі көрсетілсін);
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген өзге талаптарды сақтауға міндетті.
6. Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
17. Концедент Концессионердің Шарт талаптарын, сондай-ақ объектіні пайдалану жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылауды Шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.
18. Концессионер Шарттың талаптарын Концессионердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне объектіге, сондай-ақ Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
19. Тұрақты, Концеденттен қосымша жазбаша келісілген мерзімде, бірақ жылына кемінде бір рет Концессионер Концедентке Шарт бойынша өзінің қызметі туралы есеп береді. Концеденттің талап етуі бойынша Концессионердің қызметі туралы есеп өзге жағдайларда және өзге адресаттарға берілуі тиіс. Есепке барлық растаушы, оның ішінде тіркелген құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
20. Концеденттің жазбаша сұрау салуы бойынша Концеденттің сұрау салуында көрсетілген кезеңдегі Шарт бойынша Концессионердің қызметі туралы есепті Концессионер_________күн ішінде беруі тиіс.
21. Шарт бойынша Концессионердің қызметі туралы есеп мынадай:
бизнес-жоспарға сәйкес Концессионердің инвестициялық міндеттемелерді орындау барысы туралы;
объектіге және объектінің қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты Концессионердің ағымдағы қызметі туралы ақпаратты қамтиды.
7. Инвестициялар және мемлекеттік қолдау шарасы
22. Концессионер бизнес-жоспарда белгіленген мөлшерде, тәртіппен, шарттарда және мерзімде инвестицияларды __________________________________________________________________________________________________________ қамтамасыз етеді.
(қайта жаңартуға, жаңғыртуға - нақты көрсету керек)
23. Шарттың қолданылу кезеңінде жүргізілген инвестициялар Концессионердің объектіні пайдаланудан түскен кірістің есебінен және/немесе бизнес-жоспарға сәйкес өтеледі. Концессионердің шығындарын өтеу тәртібі бизнес-жоспарда ескертілген.
24. Объектіні инвестициялауға Концессионерді мемлекеттік қолдау
__________________________________________түрінде жүзеге асырылады.
(мемлекеттік қолдау шараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы)
25. Инвестициялардың, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялардың мөлшері, объектіні қаржыландырудың мерзімі мен шарттары бизнес-жоспарға сәйкес келеді.
8. Тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу
26. Тараптардың бірі Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда екінші Тарап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей кінәлі Тарапты анықталған бұзушылықтарды белгілі бір мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша ескертеді. Кінәлі Тараптың Шарттың талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі Тараптардың келісімімен жазбаша нысанда ұзартылуы мүмкін.
27. Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
28. Шартты орындау шеңберінде Тараптардың бірінің немесе екеуінің де бір-бірінің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда мынадай жауапкершілік шаралары
қолданылады _________________________________________________________________________________________________________