5. Концессионерге жер учаскелерін беру тәртібі
31. Концедент Үлгі шарт күшіне енген күннен бастап
______________________________ күнтізбелік күн ішінде Концессионермен
____________________________________________________________________
(объект орналасатын және/немесе
____________________________________________________________________
Концессионердің осы Үлгі шарт бойынша қызметін жүзеге асыруы үшін қажет - керегі көрсетілсін)
жер учаскесін _________________________________________________шартын
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
жасасуға міндеттенеді.
Жер учаскесін __________________________________________________шарты
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
Концеденттің Концессионерге жер учаскесін беру, пайдалану және оны Концессионердің Концедентке қайтару шарттарын анықтайды. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ережелерді де қамти алады.
Объектілер салуға жер учаскесіне құқық, сондай-ақ қайта жер пайдалану құқығын беру (қосалқы жалдау) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында анықталады.
32. Жер учаскесін сипаттау, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгі шартқа 7-қосымшада келтірілген.
33. Берілген жер учаскесіне жалдау ақысы ____________________________
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі
шарты негізінде ___________________________ үшін ______________________
көрсетілсін) (уақыт кезеңі)
мөлшерінде белгіленеді.
34. Жер учаскесін ______________________________________________шарты
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
___________жылға жасалады.
35. Жер учаскесін ______________________________________________шарты
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
36. Концессионердің жер учаскесін ___________________________________
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
шартында өзге көзделмесе, жер учаскесін _____________________________
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
шарты бойынша өз құқығын үшінші тұлғаларға беруге және жер учаскесін қосалқы жалдауға беруге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Шартты тоқтату жер учаскесін _______________________________
(жалдау, қосалқы жалдау - керегін көрсету)
шартын тоқтатуға негіз болып табылады.
38. _____________________________________шарты бойынша Концессионерге
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
берілетін жер учаскесіне қатысты Концеденттің меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі Үлгі шартқа қоса беріледі.
39. Концессионер Концеденттің меншігіндегі жер учаскесінде Объектінің құрамына енбейтін, Үлгі шарт бойынша Концессионердің қызметін жүзеге асыруы кезінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызуға ____________________________________
(Концеденттің келісімімен құқылы, құқысыз - керегі көрсетілсін)
6. Объектіні пайдалану
(Тарау егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Концессионер объектіні және/немесе өзге мүлікті дұрыс қалпында ұстайды, өзінің есебінен ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізеді, объектіні және/немесе өзге мүлікті ұстауға арналған шығыстарды көтереді.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 40-1-тармақпен толықтырылды
40-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.
41. ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42. ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Концессия объектілері кепілдік мәні болып әрекет ете алмайды.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
44. Концессионер шарт бойынша қызметін жүзеге асыруы нәтижесінде алған өнімдері мен кірістері, _________________________
(Концеденттің меншігіне
_______________________________________ қоспағанда, Концессионердің
түсетін өнімнің атауы және көлемі, кірістер мөлшері - керегі көрсетілсін)
меншігі болып табылады.
7. Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін және шартта көзделген өзге жағдайларда Концессионер объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы күн ___ ішінде Концедентке береді, ал Концедент қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ объектіні пайдалануға берген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Концессионер Концедентке беретін объект шартқа 4-қосымшада көрсетілген жағдайда болуы, оның бейініне сәйкес пайдалануға жарамды болуы және оған үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47. Объектіні пайдалануға беруге дейін шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Концессионер Концедентке беретін объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
48. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі). Концессионер Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, ол мерзімінен бұрын бұзылған күннен бастап және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда күн ____ ішінде және Үлгі шартқа 5-қосымшада көрсетілген жағдайда және санда өзге мүлікті және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке қайтарады, ал Концедент қабылдап алады.
49. Концессионердің Үлгі шарттың 45-тармағында (45 және 48-тармақтарында) көрсетілген объектіні және/немесе өзге мүлікті Концедентке беруі Тараптар қол қоятын объектіні және/немесе өзге мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 49-1-тармақпен толықтырылды
49-1. Мемлекетттік меншікке концессия объектілерін қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
50. Концедент __________________________________________________________________________________________________
(олар басталған жағдайда Концедент қол қоюдан
_______________________________________________________________________________________ жағдайда объектіні және/немесе өзге
бас тартуға құқылы жағдайлар көрсетілсін)
мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы.
51. Концедент Үлгі шарттың 50-тармағы негізінде Үлгі шарттың 49-тармағында көрсетілген объектіні және/немесе өзге мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоюдан жалтарған жағдайда Концессионер Үлгі шарттың 50-тармағында көрсетілген жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.
8. Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
52. Концедент Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын, оның ішінде Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді, Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін, (егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) сондай-ақ Үлгі шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес объектіні пайдалану жөніндегі міндеттемелерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 52-1-тармақпен толықтырылды
52-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.
53. Концессионер Үлгі шарттың талаптарын Концессионердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне объектіге, сондай-ақ Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
54. Концессионер есепті кезең аяқталған күннен бастап _____ күн ішінде Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті Концедентке ________________________________________________________________________________________
(ай сайын, тоқсан сайын, әрбір жарты жылдық сайын, жыл сайын - керегі көрсетілсін)
береді. Есеп мынадай деректерді қамтуы тиіс: _______________________________________________________________________________
(Тараптармен келісілген деректер көрсетіледі)
55. Концедент Концессионердің қызметін бақылауды жүзеге асыру барысында Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын сақтауына елеулі әсер етуі мүмкін бұзушылықтарды анықтаған кезде Концедент Концессионердің жіберілген бұзушылықтарды жою туралы талапты _____ күн ішінде жазбаша нысанда жібереді.
56. Тараптар Үлгі шарт бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Үлгі шартта көзделген міндеттерді тиісінше орындауға әсер етуі мүмкін елеулі оқиғалардың басталуы туралы бір-біріне тез арада хабарлауға міндетті.
9. Үлгі шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату талаптары
57. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Үлгі шартқа қосымша келісімдер жасасу арқылы жазбаша нысанда Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оларды Үлгі шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессиялар жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 58-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
58. Шарт мынадай жағдайларда қолданылуын тоқтатады:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылғанда;
3) сот шешімімен;
4) Концессионер таратылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және шартта көзделген өзге жағдайларда.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
59. Концедент объектіні _________________________________________________________________________________________
(салу, пайдалану, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен адамгершілікті қамтамасыз етуге қауіп төндірген жағдайларда, шарттың талаптарын бір жақты өзгерту және/немесе шартқа толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады,
атап айтқанда: ________________________________________________________________________________________________________
(экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі).
60. Концедент осы тараудың 59-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, Концедент Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды Концессионерге өтейді, сондай-ақ, Үлгі шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізу Концессионердің салғырттығынан не оның Үлгі шарт талаптарын орындамауынан туындаған жағдайдан басқа, Үлгі шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтырады.
61. Егер Тараптар объектіні ____________________________________________________________________________________іске
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
асыру үшін осы Үлгі шартқа 2-қосымшада көрсетілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін таңдаған жағдайда, инфрақұрылымдық облигациялардың айналым мерзімі ішінде облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
62. Концессионердің Үлгі шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін Концеденттің келісімімен объектіні пайдалануға енгізу сәтінен бастап талапты беру немесе Үлгі шарт бойынша борышты аудару жолымен үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар.
10. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі
63. Үлгі шарт тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді
және _______________________________ әрекет етеді.
(мерзімі Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
64. Объектіні салу мерзімі 20__жылғы "__"__________
65. Мерзімі _____________________________________________________________________________________________________
(моральдық жағынан ескірген және табиғи тозған жабдықты жаңғырту, жаңасымен, неғұрлым өндіргіш жабдықпен айырбастау, мүліктің сипаттамалары мен
______________________________________________________________________________________________________________________
пайдалану қасиеттерін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру - керегі көрсетілсін)
20_____жылғы "__"_______________
66. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионердің объектіні пайдалану мерзімі 20__ ж "__"_____ бастап 20___ ж "__" _______________ қоса алғанда.
67. Концессионердің Концедентке тиесілі Үлгі шарттың 69-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды пайдалану
мерзімі - _______________________________________________________________________________құрайды.
(күн, ай, жыл - керегі көрсетілсін)
11. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар
68. Концедентке Концессионер Үлгі шартты орындаған кезде өз есебінен алған зияткерлік
қызметтің мынадай нәтижелеріне айрықша құқықтар тиесілі:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(зияткерлік меншік объектілерінің атауы)
Зияткерлік қызметтің көрсетілген нәтижелеріне Концеденттің құқықтарын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен _____________________________________________________________________________________________________________
(Концеденттен алынған өкілеттіктің негізінде
_______________________________________________________________________________________________________жүзеге асырады.
Концедент немесе Концессионер - керегі көрсетілсін)
69. Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы мақсатында Концедент Үлгі шарттың 67-тармағында көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үлгі шарттың 68-тармағында көзделген зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқықтарын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы Концессионермен шарт жасасуға міндетті.
70. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарттың 69-тармағында көзделген зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады.
12. Сақтандыру
71. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді анықтайды, оларды Концессионер заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.
72. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер және мыналарға байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді:
құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға және қоймаға орналастыруға;
жалға немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті қоса алғанда,
Концессионердің _________________________________________________________________________________________пайдаланылатын
(құрылыста, құрылыста және пайдалануда - керегі көрсетілсін)
мүлкіне;
жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның салдарларын жоюға арналған шығыстарға;
үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты.
73. Мемлекеттің қарыздар бойынша кепілгерлігін алуға үміткер Концессионердің Үлгі шартқа 2-қосымшада келтірілген мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарызды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы тиіс.
74. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру компанияларын өзінің қалауы бойынша таңдайды.
13. Құпиялылық
75. Үлгі шарттың ережелері, Үлгі шартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
76. Тараптар:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұратуларына ақпаратты беру;
ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілік алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Үлгі шартта көзделген Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызметтер көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер Концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
77. Объектіні ___________________________________________________________________________________________жүргізуге
(салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылықты сақтау мерзімі ____ жылға белгіленеді.
14. Форс-мажор
78. Тараптар Үлгі шарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер осындай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмес күш жағдайларынан (форс-мажор) туындаса, жауапкершілікте болмайды.
79. Еңсерілмес күш жағдайларына: мысалы, Үлгі шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, табиғи апаттар сияқты осындай мән-жай жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген күш жатады. Келтірілген тізбе толымды болып табылмайды. Осындай мән-жайларға атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
80. Еңсерілмес күш туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық жағдайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
81. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын жоқ қылу үшін барлық құралдарды пайдаланады.
82. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған Үлгі шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылғанға дейін жаңартылады.
15. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бойынша талаптар
83. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Концессионер:
1) объектіні салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде объектіні салуға тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға және олардың сақталуын бақылауға;
2) объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес объектінің жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың саны мен химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі) объектіні пайдалану кезінде Концессионердің қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
16. Дауларды шешу тәртібі
84. Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.
85. Егер Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы тараудың 84-тармағына сәйкес шешіле алмаған жағдайда, Тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік соты туралы заңнамалық кесіміне сәйкес халықаралық төрелік сотқа жүгіну жолымен шешуге құқылы.
17. Қорытынды ережелер
86. Үлгі шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
87. Үлгі шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент _____________________________________________________________________________________________________________
Концессионер __________________________________________________________________________________________________________
88. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Үлгі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Үлгі шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық иелеріне көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесін, орналасқан орнын және өзге де деректемелерін өзгертуі туралы бірін-бірі жазбаша нысанда 3 күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
89. Үлгі шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және Тараптар үшін қолайлы
тілде _____________ түпнұсқа данада, оның ___________ данасы
Концедент үшін және ________________ данасы Концессионер үшін жасалды.
Тараптардың орналасқан жері және банктік деректемелері
Концедент Концессионер
_______________ _______________
_______________ _______________
Тараптардың қолдары
_______________ ________________