Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы
(2011.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарт;
2) экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шарт бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1326 қаулысымен
бекітілген
Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның
жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған
үлгі шарт
___________________ 20__жылғы "__"__________
(қол қойылатын қала) (жасасқан күні)
Бұдан әрі Концедент деп аталатын, ___________________________________
(мемлекеттік орган)
атынан __________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет
ететін ____________________________________________________________________________________________________ бір тараптан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні)
және бұдан әрі Концессионер деп аталатын
_________________________________________________________________________________________________________________атынан
(заңды тұлға)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін)
____________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы мен деректемелері)
________________________________________________________________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні)
бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, жеке алғанда - Тарап,
Концессиялар жөніндегі _____________________________________________________________________________________ комиссияның
(комиссияның толық атауы көрсетілсін)
20__жылғы ____ №____ шешіміне сәйкес Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Үлгі шарт) жасасты.
1. Үлгі шарттың мәні және объектісі
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Үлгі шарттың мәні Концессионерге объектіні
_________________________________________________________________________________________ және мемлекеттік меншік құқығын
(салуға, салуға және пайдалануға - керегі көрсетілсін)
ресімдеуге _________________________________________________________________________________________________ құқығын беру
(иелену, пайдалану - керегі көрсетілсін)
кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.
2. Концессионер өзінің есебінен, меншік құқығы Концедентке тиесілі
болатын жылжымайтын мүлікті (бұдан әрі - объект)
______________________________________________________________________________________________________________________
(салуға, салуға және пайдалануға - керегі көрсетілсін) және (егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі)
______________________________________________________________________________________________________________________
(өндірілетін өнімнің (қызметтердің) көлемін арттыру, өзіндік құнын төмендету және табыстылығын арттыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру, барынша пайда түсіру және т.с.с - керегі көрсетілсін)
мақсатында Үлгі шарт талаптарына сәйкес объектіні пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3. Техникалық-экономикалық ерекшеліктерін қоса алғанда, объектінің
сипаттамасы Үлгі шартқа 4-қосымшада көрсетілген.
4. Концессионер объектіні ________________________________________________________________________________________
(салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
қаржыландыру мақсатында өзінің қызметін жүзеге асыру үшін Үлгі шартқа 2-қосымшада белгіленген мемлекеттік қолдау шарасын пайдалануға құқылы.
5. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі) Концедент Концессионер Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін
______________________________________________________________________________________________________________________
(объектімен бірыңғай тұтастықты құрайтын және/немесе объектімен
_______________________________________________________________________________________________________________ мүлікті
жалпы мақсатта пайдалануға арналған - керегі көрсетілсін)
(бұдан әрі - өзге мүлік) Концессионерге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге құқылы.
Өзге мүлік құрамы мен оның сипаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, өзге мүлік құрамына жататын объектілер тізбесі, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімі Үлгі шартқа 5-қосымшада келтірілген.
Концедент оны иелену және пайдалану құқығы Үлгі шартқа сәйкес Концессионерге берілетін өзге мүліктің иесі өзі болып табылатынына кепілдік береді.
Өзге мүлік _____________________________________________________________________________________________________________
(құқық белгілейтін құжаттардың және (немесе) Концеденттің
өзге ___________________________________________________________________________________________________________________
мүлікке қатысты меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың атауы және деректемелері)
негізінде меншік құқығымен Концедентке тиесілі.
Концеденттің өзге мүлікке меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және/немесе түпнұсқалары Үлгі шартқа қоса беріледі.
6. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер объектіні объектінің бейініне сәйкес пайдаланады және мынадай қызмет түрлерін жүзеге
асырады: _______________________________________________________________________________________________________________
(экономиканың саласына (аясына) байланысты қызмет түрлері көрсетіледі)
7. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Концедент мынадай шаралар қабылдайды:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(Концессионердің экономиканың тиісті саласында (аясында) қызмет түрлерін
жүзеге асыруына қойылатын талаптарға, сондай-ақ Концеденттің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі).
8. Тараптар Концеденттің объектіге меншік құқығын, сондай-ақ
Концессионердің объектіні _______________________________________________________________________________________құқығын
(иелену, пайдалану және билік ету - керегі көрсетілсін)
мемлекеттік тіркеуге қажетті іс-әрекеттерді, оның ішінде
20__жылғы "__" ______бастап________ішінде___________________________
(мерзімі көрсетілсін) (нақты іс-әрекеттері көрсетілсін) жүзеге асырады.
9. Объектінің және/немесе өзге мүліктің кенеттен опат болу немесе
кенеттен зақымдану тәуекеліне Концессионер_____________бастап
___________________________________________________________________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе олардың басталуымен
Тараптар көрсетілген міндеттемелердің туындауын байланыстыратын оқиғаға көрсетіп - керегі көрсетілсін) қоса алғандағы кезеңде жауап береді.
2. Объектіні салу
10. Концессионер Үлгі шартқа 3 және 6-қосымшаларда көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес объектіге қажетті жақсартуларды жүргізеді.
11. Инвестициялар, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялар мөлшері туралы шарттарды, Концессиялық жобаны қаржыландыру мерзімі мен шарттары, сондай-ақ Концессионердің шығындарын өтеу тәртібі Үлгі шартқа 6-қосымшада көрсетілген.
12. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделген болса енгізіледі) Концессионер Үлгі шарттың 65-тармағында көрсетілген мерзімде және Үлгі шартқа 6-қосымшада көрсетілген шарттарда өзге мүлік объектілеріне қатысты
______________________________________________________________________________________________________________________
(моральдық ескірген және табиғи тозған жабдықтарды жаңғыртуды
______________________________________________________________________________________________________________________
жаңасымен, неғұрлым өндіргіш жабдықпен ауыстыруды, мүліктің сипаттамасын және
_____________________________________________________ жүзеге асырады.
пайдалану қасиетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды - керегі көрсетілсін)
13. Концедент Концессионерге объектіні салу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайды, оның ішінде Концессионердің және ол уәкілеттік берген тұлғалардың объектіге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Концессионер Тараптарға тәуелді емес, объектіні ________________________________________ және/немесе объектіні шартта
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
белгіленген мерзімде пайдалануға беруге мүмкіндік бермейтін жағдайларды анықтаған кезде, Концессионер Тараптардың шартты орындау жөніндегі одан әрі іс-әрекеттерін келісу мақсатында көрсетілген жағдайлар туралы Концедентке бес күн ішінде хабар береді.
15. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және Үлгі шартқа 4-қосымшада көрсетілген техникалық-экономикалық ерекшеліктерге сәйкес объектіні пайдалануға береді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Концеденттің:
1) Концессионермен шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2) объектінің жағдайы Концессионердің кінәсінен нашарлаған жағдайда, Концессионерден залалдарды өтеуін талап етуге;
3) Концессионердің жедел қызметіне және шартты іске асыру барысына араласпай, аудиторлық ұйымды және/немесе тәуелсіз консалтингтік компанияны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыруға;
4) Концессионердің Қазақстан Республикасының заңнамасын, шарттың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) шартта белгіленген тәртіппен Концессионерден объектінің қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде объекті бойынша қаржылық есептілікпен танысуға;
6) Концессионерден Концессионердің шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттарды талап етуге және алуға;
7) Концессионер шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шартты бұзуды, залалды өтеуді талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Концедент:
1) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) белгіленген тәртіппен Концессионерге
Объектіні ______________________________________________________________________________________________________________
(иелену, пайдалану және билік ету - керегі көрсетілсін)
құқығын, сондай-ақ объектіге Концессионердің көрсетілген құқықтарын растайтын құжаттарды Концеденттің объектіге меншік құқығын тіркеу күнінен бастап ______ күн ішінде беруге;
2) Концессионердің объектіні _____________________________________________________________________________________________
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жөніндегі шарттың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
3) жасалған концессия шарттары туралы тізілім жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға есепті ақпаратты жыл сайын беруге;
4) шартта көзделген талаптарды сақтауға;
5) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос объектіні Концессионерге беруге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және шартта белгіленген өзге талаптарды сақтауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Концессионердің:
1) шартта көзделген талаптармен объектіге қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
2) объектіні ___________________________________________________________________________________ қаржыландыру мақсатында
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
инфрақұрылымдық облигацияларды қоса алғанда, қаржы құралдарын шығаруды және орналастыруды жүзеге асыруға;
3) шартты орындауға байланысты шеккен шығындардың өтемін алуға;
4) Концедент шарттың ережелерін бұзған жағдайда, оны бұзуды және міндеттемелерін бұзудан туындаған залалдарды өтеуін талап етуге;
5) егер Концедент ұсынған шарттың талаптарын өзгерту Концессионерді залалға әкеп соқтырған жағдайда, залалдарды өтеуін талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық артықшылықтар субъектісі болуға;
7) объектіні _____________________________________________________________________________________________________________
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жөніндегі жұмыстарға үшінші тұлғаларды тартуға, олардың іс-әрекетіне Концессионер толық жауап береді;
8) Концессионер шартта көзделген міндеттемелерді сақтаған жағдайда, Концеденттің жазбаша келісімімен шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге объектіні үшінші тұлғаларға беруге;
9) объектінің Концессионері ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш жасауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына және шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.17.11. № 1349 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Концессионер:
1) өз есебінен және тартылған мердігер ұйымдардың күшімен шартта белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына, Үлгі шартқа 3-қосымшада көрсетілген нормативтік техникалық кесімдерге, жобалау-сметалық құжаттамаға және Үлгі шартқа 6-қосымшаға сәйкес объектіні _____________________________________________________________________________________________инвестицияларды жүзеге асыруға; (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
2) Үлгі шартқа 6-қосымшада көзделген тауарларды өндіруге ___________________________________________________________________
(жұмыстарды жүргізуге, қызметтерді көрсетуге);
3) объектінің құрылысын жүзеге асырған кезде неғұрлым тиімді, сапалы әдістер мен технологияларды таңдауға және пайдалануға;
4) техникалық қадағалау мен технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру
жолымен объектіні ________________________________________________________________________________жөніндегі жұмыстардың
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
сапасын қамтамасыз етуге;
5) объектіні
_____________________________________________________________________________________________________________________
(салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
жүзеге асырған кезде басым тәртіппен Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтар мен материалдарды кемінде _____ % көлемінде пайдалануға;
6) объектіні _____________________________________________________________________________________кезде басым тәртіппен
(салған, салған және пайдаланған - керегі көрсетілсін)
қазақстандық мердігер ұйымдарды тартуға;
7) объектіні
_________________________________________________________________________________________________________________
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстардағы персоналды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша _____ %, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша _____ %, білікті жұмысшылар бойынша _____ % құрауы тиіс;
8) халықаралық сапа менеджменті мен экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
10) олар қызметтік функцияларын орындаған кезде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына рұқсатты ұсынуға және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
10-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсынуға;
11) өз қызметі үдерісінде объектіні ____________________________________________________________________________________
(салуға, салуға және пайдалануға - керегі көрсетілсін)
пайдаланылатын аумақта орналасқан мәдени-тарихи мақсаттағы объектілерді сақтауға;
12) жағдайы Үлгі шарт бойынша Концессионердің қызметімен бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіруге;
13) құрылыс аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға енгізуді қамтамасыз етуге, объектіге Концеденттің меншік құқығын ресімдеуге;
14) Үлгі шарттың 66-тармағында көрсетілген мерзімде объектіні пайдалануға енгізуге кірісуге (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі);
15) Концессиялық жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамада бекітілген қаражат шегінде салу бөлігінде Концессиялық жобаны қаржыландыруды жүзеге асыруға;
16) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұзылғаннан кейін және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы тиісті техникалық жағдайда және үшінші тұлғалардың құқығынан бос Концедентке беруге;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға;
18) объектіні тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдері басталғанға дейін объекті мүлкінің сақталуына жауап беруге;
19) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) «Концессиялар туралы» Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
ҚР Үкіметінің 2008.25.09. № 886 Қаулысымен 19-2) тармақшамен толықтырылды
19-2) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
20) объектінің бейінін сақтауға;
21) объектіні ___________________________________кезінде қолданыстағы
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
сапа стандарттарын сақтауға;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Үлгі шартта белгіленген өзге де талаптар мен ережелерді сақтауға міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
20. Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Үлгі шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
21. Тараптардың бірінің жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына техникалық регламенттердің сәйкес келмеуін анықтаған кезде осы сәйкестікті анықтаған Тарап екінші Тарапқа бұл туралы тез арада ескертеді және Концеденттің шешімі негізінде жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізген сәтке дейін Концессионер объектінің құрылысы бойынша жұмыстарды тоқтата тұрады.
Жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына техникалық регламенттердің сәйкес келмеуін анықтаған кезде жобалау құжаттамасын әзірлеген
_____________________________________________Үлгі шартқа 1-қосымшада
(Концессионер, Концедент - керегін көрсетіңіз)
________________________________көрсетілген тәртіппен және мөлшерде
(Концессионер, Концедент - керегін көрсетіңіз)
алдында жауап береді.
22. Концессионер Концеденттің алдында объектіні_____________________
(салған, салған және
_________________________кезінде Үлгі шартта белгіленген талаптарды,
пайдаланған - керегі көрсетілсін)
техникалық регламенттердің, жобалық құжаттаманың талаптарын, өзге де объектінің сапасына қойылатын міндетті талаптарды бұзғаны үшін жауап береді.
23. Үлгі шарттың 22-тармағында көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда,
Концедент бұзушылықтар анықталған күннен бастап
_________________________________________________________________күн
(күнтізбелік күн саны, өзге мерзім - керегі көрсетілсін)
ішінде Концессионерге жазбаша нысанда талаптары бұзылған Үлгі шарттың және/немесе құжаттың тармағын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды өтеусіз жою талабын жібереді, сондай-ақ Концессионердің бұзуынан туындаған залалды Концедентке өтейді. Бұл ретте бұзушылықтарды жою
мерзімі ____________________________құрайды.
(күнтізбелік күн саны, өзге мерзім - керегі көрсетілсін)
24. Концессионер Концеденттің алдында объектіні _____________________
(салу, салу және
___________________________________ жөніндегі жұмыстардың сапасы үшін
пайдалану - керегі көрсетілсін)
объектіні Концедентке берген күннен бастап ____ жыл ішінде жауапты болады.
Объектіде Концессионердің объектіні сапасыз
___________________________________________________туындаған ақаулар
(салуынан, салуынан және пайдалануынан - керегі көрсетілсін)
анықталған кезде Концессионер Концеденттен анықталған ақаулар туралы хабарлама алған күннен
бастап ___ күннің ішінде не Тараптармен жазбаша келісілген өзге мерзімде мұндай ақауларды өз есебінен жояды.
25. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы нәтижесінде туындаған Тараптардың шығындарын өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
____________________________________________________________________
(Тараптармен келісілген тәртіп көрсетіледі)
26. Концессионер Концедентке осы Үлгі шартта көзделген міндеттемелерді Концессионер орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері бұзылған жағдайда _________________________түрінде
(айыппұл, баж - керегі көрсетілсін)
тиісті бюджетке тұрақсыздық айыбын төлейді.
27. Концедент міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзған жағдайда
Концедент ___________________________________________________________
(айыппұл, баж - керегі көрсетілсін)
түрінде Концессионерге тұрақсыздық айыбын төлейді.
28. Айыппұлдарды, өсімақыларды төлеу мөлшері, тәртібі мен мерзімі Үлгі шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
29. Концессионер ______________________________________ күннен бастап
(Үлгі шарттың күшіне енген, өзге - керегі көрсетілсін)
____________________________________________________________мөлшерде
(Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
Үлгі шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді
мынадай нысандарда: _________________________________________ұсынады.
(Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
30. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы Үлгі шартта көзделген міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда, Тарап Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін орындауды бастамауға немесе екінші Тарапты ол туралы тез арада хабардар ете отырып, олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.