Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
(2014.31.03. берілген өзгерістермен)
ҚР 2014 жылғы 28 қарашадағы № 258-V Заңымен күші жойылды
2014.31.03. № 181-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2014 жыл - 1 480 000 000 мың теңге;
2015 жыл - 1 380 000 000 мың теңге;
2016 жыл - 1 380 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 - 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қарашаның 29-ы.
№ 147-V