Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 18,110-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жыл - 1 480 000 000 мың теңге;».
2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы наурыздың 31-і.
№ 181-V