Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Осы редакция 2014 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2014 жыл - 1 380 000 000 мың теңге;
2015 жыл - 1 380 000 000 мың теңге;
2016 жыл - 1 380 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 - 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қарашаның 29-ы.
№ 147-V