Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үікметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 280 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарының ғылыми-техникалық әлеуетiн шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде iргелi ғылымның үлесiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары оларды қосу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құрылатын Кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын Кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) құрылатын Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Құрылатын Кәсiпорындарға 2-қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын құруға рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 470-3, 470-47, 470-52, 470-53, 470-54, 470-60, 470-68, 470-69, 470-70, 470-72, 470-73, 470-74, 470-75, 470-76, 470-77, 470-78, 470-79, 470-80, 470-81-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-177, 470-178, 470-179, 470-180, 470-181-жолдармен толықтырылсын:
«470-177 «Химиялық-технологиялық зерттеулер Алматы қаласы
орталығы» (шаруашылық жүргізу құқығындағы)
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
470-178 «Физикалық-математикалық зерттеулер Алматы қаласы
орталығы» (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
470-179 «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» Алматы қаласы
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
470-180 «Биологиялық зерттеулер орталығы» Алматы қаласы
(шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
470-181 «Геологиялық-географиялық зерттеулер Алматы қаласы»;
орталығы» (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 5 наурыздағы № 280 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарына қосу
жолымен қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінiң республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының
Тізбесі
Р/с N | 2-бағанда көрсетiлген шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарына қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорын. дардың атауы | Құрылатын шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың атауы, орналасқан жерi |
1 | 2 | 3 |
1. | «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» республика- лық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электро- химия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Металлургия және кен байыту институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Физикалық-техникалық институт» республикалық мемлекеттік қазына- лық кәсiпорны; | «Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
2. | «Математика институты» республикалық мемлекеттік қазы. налық кәсiпорны; «Информатика және басқару проблемалары институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Ө. А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану инс- титуты» республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорны; | «Физикалық-математика- лық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
3. | «Ғарыштық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «В.Г. Фесенков атындағы Астро- физика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Ионосфера институты» респуб- ликалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
4. | «Зоология институты» республи- калық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Адам және мал физиологиясы институты» республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорны; «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» республи- калық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсіпорны | «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
5. | «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты» республикалық мемле- кеттiк қазыналық кәсiпорны; «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» республи- калық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «География институты» республи- калық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; «Сейсмология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | «Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Алматы қаласы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 5 наурыздағы № 280 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жаңадан
құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсiпорындарына құруға рұқсат етiлетiн еншiлес
мемлекеттік кәсiпорындарының
Тізбесі
Р/с N | Құрылатын негізгi республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың атауы | 1-бағанда көрсетiлген республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға құруға рұқсат етiлген еншiлес мемлекеттік кәсiпорындардың атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | «Химиялық-технология- лық зерттеулер орта- лығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны | «А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Металлургия және кен байыту институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Физикалық-техникалық институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; |
2. | «Физикалық-математи- калық зерттеулер орталығы» республи- калық мемлекеттік кәсiпорны | «Математика институты» еншiлес мемлекет- тік кәсiпорны; «Информатика және басқару проблемалары институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; |
3. | «Астрофизикалық зерт- теулер орталығы» республикалық мемле- кеттiк кәсiпорны | «Ғарыштық зерттеулер институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты» - еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Ионосфера институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны |
4. | «Биологиялық зерттеу- лер орталығы» респуб- ликалық мемлекеттік кәсiпорны | «Зоология институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Адам және мал физиологиясы институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Ботаника және фитоинтродукция институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны |
5. | «Геологиялық-геогра- фиялық зерттеулер орталығы» республи- калық мемлекеттік кәсiпорны | «У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «География институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны; «Сейсмология институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны |