Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт
ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 169 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
"519-4 "Спорт ғимараттарының құрылысын
салу жөнiндегi дирекция"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж. N 1, 2-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегi агенттiгiнің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын:
"25. Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөнiндегi дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|