* салин артемиясы цисталарын аулау үшін перспективалы ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіткен жағдайда толтырылмайды;
** салин артемиясы цисталарын аулау үшін перспективалы ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіткен жағдайда толтырылады;
*** балық өнімдерін экспорттаушылар үшін;
**** қаржы қаражатының көлемі бекітіп берудің бүкіл кезеңіне жоспарланады.
Балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу ережесіне
3-қосымша
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурстың
№ ______ хаттамасы
__________________ | 20_ ж. «__»_________________ |
Конкурстың басталу уақыты __________________________
Конкурстың аяқталу уақыты __________________________
1. Құрамында (аты-жөні және лауазымын көрсету керек):
_______________________________________________________________________________________________________ - комиссия төрағасы;
_______________________________________________________________________________________________________ - комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері _____________________________________________________________________________________________________ бар
_________________________________________________________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының конкурстық комиссия құру туралы актісін, құжаттың күнін және нөмірін көрсету керек)
құрылған Конкурстық комиссия _______________________________________________________________ бассейні (облысы) бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізді.
2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) ______________
конкурстық өтінімдер пакеті түсті.
3. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтінімдерін Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарай келіп, қатысушылардың рейтингтік баға көрсеткіштерін бағалай және пікір алмаса отырып, ШЕШТІ:
1) _________________________ өтінім Конкурсқа одан әрі қатысуға қабылданбасын (конкурстық өтінімдердің қабылданбау себептерін көрсете отырып, Конкурсқа жіберілген қатысушылардың тізімі қоса беріліп отыр);
2) мынадай балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіп берілсін (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі қоса беріліп отыр).
4. Хаттаманың бір данасы шешім қабылдау үшін ______ облысының әкімдігіне жіберілсін.
Қолдары:
Төраға:______________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________
Хатшы _______________________________________
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптары
1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) өтінім берушінің басшысы бекіткен жұмыстардың тізбесі мен көлемін, оларды орындау мерзімін және қаржыландыру көздерін көрсете отырып, жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген үлгі нысан бойынша жасалған Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;
2) ағымдағы (алдыңғы қаржы) жылдың 1 қаңтарына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
3) өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттемемен расталған уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне бақылау үшін аулау, жеке және заңды тұлғаларға ғылыми-зерттеу үшін аулау, жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін сервитут ұсыну.
2. Өтініш берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
1) Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Щүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
шаруашылық қызметі бағыттарының бірі балық шаруашылығын жүргізу және (немесе) онымен байланысты өндіріс болуы тиіс;
балық аулау (олжалау) және көліктік флоттың, кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
балық аулаудың өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндірістік базаның, ағымдық мелиорация жүргізу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдардың болуы;
2) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - аулау құралдары, жүзу құралдары және ағымдағы мелиорациялық жұмыстарды жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның болуы;
3) салина артемиясы цисталарын аулау перспективасы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
салина артемиясы цисталарын жинауға және бастапқы өңдеуге арналған құралдардың болуы;
түпкілікті өңдеу (жуу және кептіру жабдығы), сақтау (тоңазытқыш жабдығы) үшін жабдықтардың болуы;
өндірілетін шикізатты сапалық талдау үшін зертхананың болуы;
4) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - жүзу құралдары мен аулау құралдарының болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi
жойылған кейбір шешімдерінің тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсiпшiлігі учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөнiндегі жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 ақпандағы № 276 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 наурыздағы № 378 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 наурыздағы № 304 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 290 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1204 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 495-құжат).