Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 14 наурыздағы № 304 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.04.02. № 102 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық және басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу мәселелері бойынша конкурс (тендер) өткізу жөніндегі комиссия құрамына:
Құлмұханов Шалбай Құлмұханұлы - Алматы облысының әкімі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі