Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 Қаулысы
(2012.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 1. Қоса беріліп отырған:
1) Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы ереже;
2) Балық шаруашылығы су айдындарын (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.06.02. № 68 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 136 (бұр.ред.қара) қаулыларымен ереже өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен
бекітілген
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру бойынша конкурс өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» және 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты (бұдан әрі — Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Конкурс өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына оларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
3. Осы Ереженің әрекеті мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) ведомство - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
3) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері.
2. Конкурсты ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша ведомство жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша аумақтық бөлімшелер (бұдан әрі - ұйымдастырушы) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Іле, Қиғаш, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен құралатын комиссия өткізеді.
Комиссияның құрамына:
1) ведомствоның (комиссия төрағасы);
2) облыстық атқарушы органдардың (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес);
3) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми және басқа да мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - ғылыми ұйымдар);
4) аумақтық бөлімшелердің;
5) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның;
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 6-тармақ 6) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген (бар болса) республикалық қауымдастықтарының өкілдері кіреді.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілгендерден басқа, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу үшін аумақтық бөлімше Конкурс өткізу жөнінде конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына тиісті аумақтық бөлімшелердің (Комиссия төрағасы), облыстық атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың, балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының (бар болса), су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы тиіс.
Комиссияның шешімдері отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
9. Комиссия мүшелері, өз өкілеттіктерін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
10. Ұйымдастырушы Конкурс өткізгенге дейін:
1) Конкурстың өткізілетін уақыты мен орнын;
2) конкурстық құжаттарды алу орнын және алу тәртібін;
3) конкурстық өтінімдерді беру мерзімін;
4) Конкурсқа шығарылатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің түрлері мен санын, олардың орналасқан жері мен шекарасын, салина артемиясы цисталарын аулаудың болашағын айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Конкурсқа балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыру негізінде балық шаруашылығын жүргізу немесе басқа да су жануарларын өндіру үшін перспективалы деп танылған резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шығарылады.
12. Ұйымдастырушы кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алда болатын Конкурс туралы мерзімді баспа басылымына хабарландыру береді.
Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс өткізу туралы хабарландыру аптасына кемінде 3 рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс өткізу туралы хабарландыру аптасына кемінде 3 рет шығарылатын және тиісті облыстардың аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
13. Хабарландыру Конкурстың өткізілетін орны, уақыты, тәртібі, конкурстық құжаттаманы алу және конкурстық өтінім беру туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген жеке және заңды тұлғалар Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттаманы алу үшін тиісті аумақтық бөлімшеге жүгінеді, осы Ереженің талаптарына сәйкес әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке өтінім дайындайды және оны аумақтық бөлімшеге:
1) қатысушының толық атауы және мекенжайы (егер ол кешіккен болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйде қайтару мақсатында);
2) ведомствоның аумақтық бөлімшесінің мекенжайы;
3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.
15. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап аталған өтінімді ұсынған тұлға Конкурсқа қатысушы болады.
16. Ұйымдастырушы конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жеті күнтізбелік күннен кем емес мерзімде хаттама ресімдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізе алады.
Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттаманы алған Конкурсқа қатысушыға 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
Бұл ретте Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімді ашқанға дейін берілген құжаттар пакетін толықтыра алады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Конкурстық өтінім:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері):
заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжатын, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын, салық төлеуші куәлігін (нотариалды куәландырылған көшірмелері), кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды;
әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша өтінім берушінің басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспарын (түпнұсқасы);
балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін - өткен жылы балық өсімін молайту іс-шараларына қаржы салғанын растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы және аумақтық бөлімшемен келісілген ақпаратты (түпнұсқасы);
конкурстық өтінімдер бар конвертті ашатын күннің алдындағы екі айдан ерте берілмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған мыналарды жүзеге асыру үшін:
бақылау үшін аулауды - ведомство және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы);
өтінім берілген су айдыны және (немесе) учаске бекітіп берілген бүкіл кезеңде ғылыми ұйым ұсынған көлемде балықтандыруды орындау туралы өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттемені қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскеге байланысты осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге қосымша келесі құжаттар (түпнұсқалар):
1) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтінім берушінің жеке меншігіндегі негізгі құралдар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдар, сондай-ақ ағымдағы мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
өтінім берушінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флоттың, оның ішінде шағын көлемдісі туралы аумақтық көліктік бақылау органының конкурстық өтінімдері бар конвертті ашатын күнге дейін бір айдан ерте берілмеген анықтамасы;
2) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама;
3) салина артемиясы цисталарын аулау үшін болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салина артемиясы цисталарын жинау үшін құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу бойынша технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдар, шикізатты сапалы талдау үшін зертхананың болуы туралы анықтама;
4) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
аулаушы және көліктік флотты, оның ішінде шағын көлемдісін тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзу құралдары бар болса);
аулау құралдарының бар-жоғы туралы анықтама (бар болса);
Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсетілген өтінім берушінің басшысы қол қойған аквадақылды жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (аквадақылмен айналысуды жоспарлаған адамдарға) қоса беріледі.
19. Өтінім беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынылады және соңғы бет қол қоюмен және мөрмен расталады (жеке тұлға үшін бар болса).
3. Конкурс өткізу
20. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінің басталуы алдында Комиссия Конкурсқа қатысушыларға ұсынылған құжаттар пакетін толтыру Құқығымен таныстырады. Конверттерді ашу рәсімі басталғаннан кейін ұсынылған құжаттар пакеттеріне қосымшалар қабылданбайды.
Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді белгіленген уақытта Конкурсқа қатысушының немесе оның өкілінің қатысуымен ашады. Конкурсқа қатысушының немесе оның өкілінің конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатыспауы аталған қатысушының конкурстық өтінімін қарамауға негіз болып табылмайды.
21. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде Комиссия Конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттаманың бар екендігі туралы, сондай-ақ олар үміттенетін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы ақпаратты хабарлайды.
Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу нәтижелері отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
Конкурсқа қатысушылар және олардың өкілдері конкурстық комиссияға олар Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет ететін аудиожазу мен бейнетүсіру техникалық құралдары туралы хабардар етеді.
22. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурстық өтінімдерді қарауды Комиссия конверттер ашылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
23. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың өкілдері Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы кезінде қатыса алмайды. Бұл ретте, конкурстық өтінімдерді қарау барысында қажетті мәселелерді түсіндіру үшін Комиссия Конкурсқа қатысушыларды түсінік беруі үшін шақыруы немесе ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24. Конкурсқа қатысушы белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Құжаттар болмаған не осы Ереженің 14, 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес тиісті дәрежеде ресімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы Конкурс шарттарына сәйкес келмейтін қатысушы болып танылады.
Балық шаруашылығын дамыту жоспары шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны үшін балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарттар бұзылған заңды және жеке тұлғалар 3 жыл бойы Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
25. Егер Конкурсқа жіберілген барлық қатысушылардың ұсыныстарын Комиссия Конкурс шарттарына жауап бермейді деп таныса, Конкурс өтпеген деп танылуы мүмкін.
26. Өткізілген Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия конкурстық өтінімі бар конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде шығарады.
27. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша жеңімпазды анықтауды Комиссия қатысушының рейтингтік бағасы негізінде жүргізеді.
28. Қатысушының рейтингтік бағасы белгіленген біліктілік талаптарына және Конкурсқа қатысушыларға қойылатын басқа талаптарға орай осы Ереженің 2-қосымшасына сай Рейтингтік бағаны санау парағына сәйкес белгіленеді.
29. Рейтингтік бағаны санау парағын толтырғанда мынадай шарттарды орындау қамтамасыз етіледі:
1) 100 пайызға тең етіп алынған бағалау көрсеткіші біліктілік талаптарына және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінген (Рейтингтік бағаны санау парағының 3-бағаны);
2) қатысушылардың көрсеткіштерінің саны ұсынылған өтінімдерге, осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттар мен ұйымдастырушының деректеріне сәйкес белгіленеді (Рейтингтік бағаны санау парағының 4-бағаны);
3) конкурстық комиссияның мүшелері бағаны 10 балдық жүйе бойынша белгілейді (Рейтингтік бағаны санау парағының 5-бағаны). Мұндайда ең нашар көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға ең төменгі балл (минус 10 балл) қойылатын 9 жолдан басқа ең көп/ең жақсы көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға тиісті тармақ бойынша ең жоғарғы балл (10 балл) қойылады;
4) қатысушының рейтингтік бағасы (R) ең жоғары бағалау көрсеткіш (Рейтингтік бағаны санау парағының 3-бағаны) 10 балдық жүйе бағасына (Рейтингтік бағаны санау парағының 5-бағаны) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;
R = (3 баған х 5 баған:100).
30. Жеңімпазды анықтау кезінде шарттар тең болған жағдайда:
жағалауға жақын аудандарда балықтарды өңдеу бойынша өндірістік қуаттары бар;
Балық шаруашылығын дамыту жоспарында қол-тауарлық шаруашылықтарды құру мен дамыту жөніндегі іс-шараларды көрсеткен;
негізгі қызметі балық шаруашылығы және онымен байланысты өндіріс болып табылатын жергілікті жағалауға жақын аудандардағы;
Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес өсімді молайту мақсаттарына қосқан үлесі ең көп;
балық өнімін экспорттауға есептік нөмірі бар заңды және жеке тұлғалар басымдыққа ие болады.
31. Конкурстың нәтижелері Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, Комиссияның барлық қатысқан мүшелерінің қолы қойылады және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша шешім қабылдау үшін тиісті облыстық атқарушы органға жіберіледі.
32. Бір ғана үміткер болған жағдайда Конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талаптарды сақтаған жалғыз қатысушы Конкурстың жеңімпазы болып танылады.
33. Облыстық атқарушы орган хаттаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың әкімшілік шекаралары шегінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы шешім шығарады.
34. Уәкілетті органмен келісілген облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің негізінде аумақтық бөлімше мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалады.
35. Жалған ақпаратты ұсыну фактілерінің, сондай-ақ Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелерді орындамау немесе толық орындамау жағдайларының анықталуы балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты бұзу, сондай-ақ пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстық атқарушы орган шешімінің күшін жою үшін негіздеме болып табылады.
36. Егер Конкурс жеңімпазы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі қабылданғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қол қоймаса, онда Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес Конкурс жеңімпазының рейтингтік бағасынан кейін рейтингтік бағасы ең үлкен болған Конкурсқа қатысушыға балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде шешім қабылдау туралы облыстық атқарушы органға ұсыныс енгізеді.
Балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу ережесіне
1-қосымша
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурсқа қатысуға
өтініш
_____________________________________________________________________________________________________________________
(су айдындары, учаскелері)
бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат етуді және қажетті конкурстық құжаттаманы беруді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, ведомстволық тиесілілігі (бар болса), жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы) _________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________ облысы әкімдігінің 20___жылғы
«____»_____________ № _______________ қаулысына және аумақтық бөлімшемен
_____________________________________________________________________________________________________________ жасалған
20____жылғы «_____»__________________№ __________ келісімге сәйкес бұрын
бекітіліп берілген су айдыны және (немесе) учаске ___________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
3. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)
учаскесі _______________________________________________________________________________________________________________
Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мерзімі _________________________________ жыл.
4. Конкурстық құжаттамамен танысқанымды және жалған ақпаратты ұсыну үшін жауапкершілік туралы хабардар етілгендігімді растаймын.
Берілген күні 20____ жылға «_____»_______________
Өтінім беруші ________________________________________________________
(аты-жөні немесе ұйымның атауы)
МО қолы __________________
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу ережесіне
2-қосымша
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Қатысушы __________________________________________________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі ____________________________________________________________
Р/с № | Көрсеткіштің атауы | Бағалау көрсеткіші | Көрсеткіштер көлемі немесе саны | 10 балдық жүйе бойынша баға | Қатысушының рейтингтік бағасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Балық өсімін молайту іс-шараларына алдыңғы жылы жұмсалған қаражат көлемі, мың теңгемен | 10 | | | |
2. | Су омыртқасыздары мен олардың цисталарын қоса алғанда, балық аулау өнімін мұздату, салқындату және сақтау үшін ыдыстардың болуы, тоннамен | 10 | | | |
3. | Балық пен басқа да су жануарларын, сондай-ақ олардың туындыларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтардың болуы, тонна/тәулік | 10 | | | |
4. | Көліктік (балық аулайтын) флоттың болуы, оның ішінде: | 10 | | | |
1) өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары (бірлік) | 7 | | | |
2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар (бірлік) | 3 | | | |
5. | Аулау құралдарының болуы, оның ішінде: | 5 | | | |
1)* сүзекі (дана) | 4 | | | |
2)* құрма ау, қабада (дана) | 1 | | | |
3)** салин артемиясы цисталарын жинау құралдары, дана | 5 | | | |
6. | Балық пен басқа да су жануарларға алып қоюға бөлінген квотаның игерілуі, % | 10 | | | |
1) 100 % | 10 | | | |
2) 75%-дан 100%-ға дейін | 5 | | | |
3) 75%-дан төмен | 0 | | | |
7. | Осы су айдынының және (немесе) учаскесінің қатысушыға бекітіп беру фактісінің болуы, оның ішінде: | 5 | | | |
1) алдыңғы жылды қоса алғанда, 1 жылдан артық | 5 | | | |
2) алдыңғы жылы | 1 | | | |
3) бекітілген жоқ | 0 | | | |
8. | Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің саны | 10 | | | |
9. | Акваөсіруді жүргізу туралы жазбаша міндеттеменің болуы | 5 | | | |
10.*** | Балық өнімдерін экспорттауға арналған есептік нөмірдің болуы | 5 | | | |
11.**** | Жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау бойынша ғылыми жұмыстарға арналған қаржы қаражатының жоспарланған көлемі (мың теңгемен) | 10 | | | |
12.**** | Дамыту жоспарына сәйкес техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға жоспарланған қаржы көлемі, ең аз көлемі 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі — АЕК) болған кезде, (мың теңгемен) | 10 | | | |
| Жиыны: | 100 | | | |