Салық қызметі органы таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
8. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
11. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.
Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
13. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органға осы Кодекстің 598-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жібереді.»;
8) 41-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда - дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;»;
9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды қолданатын, бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылмайтын;
3) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігін айқындайды.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге қатысты да қолданылады.
2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда - дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;
5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;
6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтылататын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) мемлекеттік уәкілетті органдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып дара кәсіпкерге тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Салық қызметі органы дара кәсіпкерге почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
9. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
10. Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
11. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомасы осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
12. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бір мезгілде:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) ішкі істер органдарының дара кәсіпкер мөрінің (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын;
3) тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, қорытынды алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
13. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жою шартымен салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
14. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс ету күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
15. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің тіркелу есебінен шығарылғанын растайтын құжат береді немесе тіркелу есебінен шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, одан жазбаша түрде бас тартады.
Осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген ережелердің сақталмауы тіркелу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
10) 46-бапта:
4-тармақтың 10) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоративтік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық қызметінің органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табысты түзету сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасын қайта қарауға, есептеуге немесе есепке жазуға құқылы.»;
«10. Салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сауалдар жолдаған жағдайда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі сауалдар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспауға тиіс.»;
4-тармақтың 11) - 17) тармақшалары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi. Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi»;
12) 47-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ осы Кодекстің 49, 50 және 51-1-баптарында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ауыстыру салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiште салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу мерзiмiнiң ауыстырылу себептерi қамтылуға тиiс.»;
«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтар және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
13) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджеттерге толық көлемінде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркелу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.
3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Егер салық төлеуші орналасқан жері бойынша жоғары тұрған салық органында тіркелген болса, онда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді тікелей көрсетілген салық органы қабылдайды.»;
14) 49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.»;
15) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.»;
16) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
«51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті, салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына табыс етеді. Өтінішке:
салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау графигі;
кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган берген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне тиесілілігін жазбаша растау қоса беріледі.
Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларының қалған бөлігін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті табыс етуге құқылы.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, егер жиынтығында мұндай сомалар:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 153000 еселенген мөлшерінен кем болмаса;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш табыс етілген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300000 еселенген мөлшерінен кем болмаса, осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.