ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің 2012 жылғы 29 қаңтардағы № НК-06/635-И Хатын қараңыз
3-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кез келген салық кезеңдерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу тәртібін қолданған қосылған құн салығын төлеушілер 2013 жылдың ішінде 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге келетін барлық салық кезеңдеріне қолданылатын мұндай тәртіпті қолданбау туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданбау туралы қабылданған шешім туралы қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына еркін нысанда жасалған және басшының қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған өтініш табыс етеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданбау туралы шешім қабылдаған қосылған құн салығын төлеушіге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы қолданылмайды.
4-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағының 21), 22) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«21) бiр жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында болатын, осы Кодекстiң 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бау-бақша, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
22) егер жер учаскесiн және (немесе) жер үлесiн сатып алуға және иелiктен айыруға арналған құқық белгiлейтiн құжаттарды жасау күндерi арасындағы кезең бiр жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстiң 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi;».
5-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 180-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;
3) егер жер учаскесiн және (немесе) жер үлесiн сатып алуға және иелiктен айыруға арналған құқық белгiлейтiн құжаттарды жасау күндерi арасындағы кезең бiр жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, гараж салу үшiн берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлмеген мақсаттар үшін берілген (сатып алынған) жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;».
6-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 339-бабы кестесінің 1-жолы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«
1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi | Хром кенi (концентраты) | 16,2 |
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) | 2,5 |
Темір кенi (концентраты, шекемтастар) | 2,8 |
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) | 17,5 |
».
7-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 264-бабы 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Шот-фактураның бiрiншi данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа берiледi.».
8-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі үшін кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс болып танылмайды деп белгіленсін.
Біріктірілген көрсеткішті айқындау тәртібін және ең жоғарғы арақатынас мөлшерін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы бап кредит (қарыз), кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
кешірілген кредит (қарыз) сомасы мөлшері мен тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын есептік көрсеткіштен аспағанда;
салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілгенде қолданылады.
Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің (қарыздың) кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті (қарызды) қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.
Осы баптың ережелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген кредиттерге қолданылады.
9-бап. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 10) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 41) тармақшасын, 51) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтарын, 52), 53), 55) тармақшаларын, 70) тармақшасының жиырма төртінші - жиырма жетінші, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтарын, 127), 141) тармақшаларын, 153) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 158), 198), 200), 211), 216), 228) тармақшаларын, 249) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 254) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын, 22-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 207), 212) тармақшаларын;
3) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 104) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтарын, 105) тармақшасының жиырма екінші абзацын, 106), 108) тармақшаларын, 250) тармақшасының жетпіс бесінші абзацын;
4) 2010 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
5) 2010 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 242) тармақшасының алтыншы абзацын, 244) тармақшасын;
6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағын;
7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 5), 109), 110) тармақшаларын, 139) тармақшасының он бірінші абзацын, 165), 209) тармақшаларын, 210) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын, 239) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 247) тармақшасын, 248) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 251) тармақшасын, 16-тармағының 8) - 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші абзацын, 22-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
8) 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) - 4), 6) және 8) тармақшаларын, 9 және 23-тармақтарын;
9) 2012 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацын;
10) 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 220) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 241) тармақшасын;
11) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын, 11) - 17), 24) тармақшаларын, 38) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 66) тармақшасының алпыс бірінші, алпыс үшінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен сегізінші абзацтарын, 67) тармақшасының қырық бесінші - елу сегізінші абзацтарын, 70) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтарын, 112) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 117) тармақшасының он жетінші - жиырма төртінші абзацтарын, 118) тармақшасының екінші және үшінші, бесінші - он бірінші абзацтарын, 142) - 144) тармақшаларын, 156) тармақшасының бесінші абзацын, 160), 161), 166) - 168) тармақшаларын, 176) тармақшасының алтыншы және он сегізінші абзацтарын, 177) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 178) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 201) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 213) тармақшасын, 242) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 243) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 250) тармақшасының қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын, 255) тармақшасын, 15-тармағын, 16-тармағының 3) және 6) тармақшаларын, 17-тармағының 1) тармақшасын;
12) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 21), 103) тармақшаларын, 120) тармақшасының екінші - он алтыншы, жиырма бірінші, отызыншы - отыз үшінші, қырық жетінші - қырық тоғызыншы, елу үшінші - елу бесінші абзацтарын, 121) тармақшасының сегізінші - жиырмасыншы абзацтарын, 122) және 125) тармақшаларын;
13) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 26) тармақшасын;
14) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 83) тармақшасының жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын;
15) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 49) тармақшасының он бірінші - он алтыншы абзацтарын;
16) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 26-і.
№ 61-V