мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Салық органдарын мынадай жағдайларда:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу -
жеке тұлғаларға - елу, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бір жүз, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 358-бапта:
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «бiрiншi, екiншi және үшiншi» деген сөздер «бiрiншi және екiншi» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 570-баптағы «88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 570-1-баптың бірінші бөлігіндегі «205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздер «205 (бірінші және 2-2-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 580-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Кодекстің 710-1-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгенін растайтын құжаттардың болуы.»;
26) 584-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп салық қызметінің органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электрондық тәсілмен жіберген хабарлама (хабардар ету) да танылады.»;
27) 638-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, монополистiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн, ал осы Кодекстің 710-1-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда осы Кодекстің осы бабында белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.»;
28) 639-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1, 1-2 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi квитанция берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Салық қызметінің органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде, егер тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса және қолданылған жазаға келiссе, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлесе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.»;
29) 657-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық міндеттемесінің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттемелердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiлуi мүмкiн.»;
30) 708-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.»;
31) 709-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.»;
32) мынадай мазмұндағы 710-1-баппен толықтырылсын:
«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сонымен қатар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; 2012 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 49-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;»;
2) 50-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы және 51-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын.
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан», «кеден одағында», «кеден одағы» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 37-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;
43-баптың, 6-тараудың және 48-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері»;
4-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлуi. Салық мiндеттемесiн тоқтату негiздерi»;
«48-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;
мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі»;
52-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданысын тоқтату»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың, 60-1, 60-2, 60-3 және 111-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
60-1-бап. Жалпы ережелер
60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары және оларды жасау жөніндегі талаптар
60-3-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері»;
«111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер»;
127, 128-тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс
128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс»;
мынадай мазмұндағы 151-7, 151-8, 151-9 және 151-10-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«151-7-бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
151-8-бап. Қызметін «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
151-10-бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу»;
мынадай мазмұндағы 172-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар»;
мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2, 180-3 және 196-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«180-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс»;
«196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері»;
221-1, 227-1, 244-2 және 244-3-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған мүлiктi өткiзуден түсетiн табысын айқындау тәртiбi»;
«227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі»;
«244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
244-3-бап. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 253-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулері»;
266-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қосылған құн салығын есептеу»;
мынадай мазмұндағы 427-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«427-1-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуды тану ерекшеліктері
429, 431, 433, 435, 441, 599, 602, 605 және 606-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«429-бап. Қолдану шарттары»;
«431-бап. Қолдану тәртібі»;
«433-бап. Қолдану шарттары»;
«435-бап. Қолдану тәртібі»;
«441-бап. Қолдану тәртібі»;
«599-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу»;
«602-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару»;
«605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу»;
3) 12-баптың 1-тармағында:
4-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2010 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) салық төлеуші - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;»;
4-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
«45-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылады;»;
4) 14-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметті тоқтатуына (осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда), заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;»;
7) тармақшадағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) салық органдарын мынадай жағдайларда:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
4-тармақтың 5) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) бересі сомасы;
2) есептелген өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомасы.»;
6) 37-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 37-1-бабына сәйкес таратылатын резидент заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындаудың ерекшелігі белгіленген резидент заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
7) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
2) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімін қолданбайтын (қолданбаған);
3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз заңды тұлғаларға да қолданылады.
2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:
1) мемлекеттік уәкілетті органдарға - қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына - қызметі тоқтатылатын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының сұратуын алған күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұратуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жібереді.
Салық органының осы тармақта көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге жатады.
6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.