6) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:
«3-4) 2014 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн мынадай акциз мөлшерлемелері қолданылады:
№ | ТН коды | Акцизделетiн тауарлардың түрлерi | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бiрлiгiне теңгемен) |
1 | 2402-ден | Фильтрлi сигареттер | 3000 теңге/1000 дана |
2 | 2402-ден | Фильтрсiз сигареттер, папиростар | 3000 теңге/ 1000 дана |
»;
7) 25-бапта:
5-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасаған күнгі жағдай бойынша валюта түсімдерінің түсуі туралы тиісті сұрау салуды жібереді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салықтық тексеру аяқталған күні олар бойынша:
1) өнім берушімен өзара есеп айырысудың дәйектілігін растау үшін үстеме тексеру жүргізуге берілген сұрау салуға жауаптар алынбаған;
2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша үстеме тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;
3) бұрын жiберiлген сұрау салулар бойынша салық қызметі органы алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дәйектілігі расталмаған;
4) қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;
5) үстеме тексеру жүргізу мүмкіндігінің болмауына байланысты, оның ішінде:
орналасқан жері бойынша өнім берушінің болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы салық қызметі органына сұрау салуды жіберу туралы шешім «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтықтар айқындалған, тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.
Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі - бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.»;
16-тармақтың 8) - 10) тармақшалары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 32-1-бап алып тасталсын;
9) 47-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 39, 40, 561, 562, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер тиісінше «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын;»;
10) 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8 - 12-тармақтарының;»;
11) 49-баптың 1) тармақшасының жиырма екінші және алпыс алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
16-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:»;
16-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2012 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.»;
12) 49-1-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есепке жазыла отырып, төленуге тиіс.».
17. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат):
17-тармақтың 1) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 1-баптың 61) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«61) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;»;
4-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2010 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 111-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданылуы тоқтатылмаған, жер қойнауын пайдаланушы тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа орналастырылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорының қаражаты есебінен пайдаланған сомаға азайтылады.
Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің кезеңділігі туралы шарттар келісімшартта белгіленеді.».
18. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендiк реттеу және салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 71-құжат):
1) 1-баптың 34-тармағы алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «, 34-тармағын» деген сөздер алып тасталсын.
19. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
7-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) көзделгендер жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;».
20. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың түпнұсқалығы;»;
4) тармақша алып тасталсын.
21. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік мектептер мынадай білім беру деңгейлері:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
2) негізгі мектеп;
3) жоғары мектеп;
4) орта білімнен кейінгі білім беру;
5) жоғары білім беру;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
7) қосымша білім беру бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.
Зияткерлік мектептер өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологияларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.»;
2) 10-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру бағдарламалары осы Заңда белгіленген білім беру деңгейлері бойынша Зияткерлік мектептерде іске асырылады.».
22. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бапта:
22-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:»;
22-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
22-тармақтың 2) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі үшін кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайтыны белгіленсін.
Біріктірілген көрсеткішті және ең жоғарғы арақатынас мөлшерін айқындау тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы бап кредит (қарыз), кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мына шарттар сақталған кезде:
кешірілген кредит (қарыз) сомасы мөлшерін және тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептік көрсеткіштен аспаған кезде;
салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілген кезде қолданылады.
Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің (қарыздың) кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті (қарызды) қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.»;
3) 7-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:»;
алтыншы абзацтағы «оң айырма сомасы танылады.» деген сөздер «оң айырма сомасы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші-оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстің 106-бабының 1 және 1-3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші мынадай тәртіппен есептейтін:
уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған, бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар (резервтер),
минус
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардан (резервтерден) асып кету сомасы танылады.»;
4) 8-бапта:
бірінші абзацтағы «2013» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жетінші абзацта:
«тауарда» деген сөздің алдынан «жүкқұжатын қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын
«мұндай құжаттарда» деген сөздер «декларация мен жүкқұжатта» деген сөздермен ауыстырылсын.
23-тармақ 2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 26-тармағында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мынадай мазмұндағы 58, 60, 61, 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-баптармен толықтырылсын:»;
алтыншы - он екінші, жиырма бірінші - жиырма алтыншы абзацтар алып тасталсын;
2) 2-баптың 9-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 10-тармағының 3), 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар банк холдингтеріне еншілес банкті құруға немесе сатып алуға не банктің капиталына қомақты қатысуға рұқсатты банк холдингі тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ тиісті өтінішті ұсынған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтері өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 11) тармақшасының жетінші - жетпіс екінші абзацтарында, 17) тармақшасының отыз үшінші - жетпіс тоғызыншы абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
Осы Заң қолданысқа енгізілетін күні тиісті мәртебесі бар сақтандыру холдингтеріне еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе сатып алуға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға рұқсатты сақтандыру холдингі тиісті құжаттарды ұсынбай-ақ тиісті өтінішті ұсынған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.».
24 тармақша 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 11-құжат):
1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «жүктің кедендік декларациясы» және «жүктің толық кедендік декларациясы» деген сөздер тиісінше «тауарларға декларацияның көшірмесі» және «тауарларға толық декларацияның көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;».
25. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әртүрлi заңнамалық актiлердiң құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормаларды жою мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 8, 64-құжат):
2-бап «3-тармағын,» деген сөздерден кейін «2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-тармағының 1) тармақшасын,» деген сөздермен толықтырылсын.
26. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 10, 77-құжат):
1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы, 4) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы, жетінші абзацтары және 5) тармақшасы алып тасталсын.
27. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 15, 97-құжат):
1-баптың 7-тармағының 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары және 5) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап.
1. 2013 жылғы 1 шілдеге дейін салық органдарының осы бапта айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға (есептiк тiркеуден шығарылуға, қызметін тоқтатуға) жататын заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және дара кәсіпкерлердің түпкілікті тiзбесiн қалыптастыруға міндеттілігі белгіленсін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тiзбеге мыналар:
1) резидент заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) филиалдар, өкілдіктер ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнде олар туралы ақпарат жоқ резидент заңды тұлғалар, резидент заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
4) дара кәсіпкерлер енгізілуге жатады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген субъектілер (бұдан әрі - субъектілер) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін, бірақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген талап ету мерзімінен кешіктірмей:
салық есептілігiн ұсынбаған;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
егер төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, банк шоттары бойынша төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiнде тұрмаған;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық есептілігiн тапсыруды тоқтата тұрмаған;
аталған салықтарды жеке тұлғаларға салу объектiлерiн қоспағанда, меншiк құқығында мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектiлерi жоқ.
Осы тармақта айқындалған шарттар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген субъектілерге қолданылмайды.
4. Салық қызметі органдары:
1) 2013 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей осы баптың 3-тармағының шарттарына сай келетін субъектілердің бастапқы тiзбесiн қалыптастырады;
2) 2013 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей мынадай мәліметтерді көрсете отырып, қалыптастырылған субъектілер тiзбесін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады:
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
сәйкестендiру нөмiрi (ол бар болса);
субъектінің тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болса) не атауын;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, заңды тұлға басшының, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі басшысының сәйкестендiру нөмiрi (ол бар болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) (мұндай мәліметтер болған кезінде);
субъектінің орналасқан (келген) жері бойынша салық органының атауын;
кредиторлардың және (немесе) субъектіні мәжбүрлеп таратқан (есептiк тiркеуден шығарған, ол қызметін тоқтатқан) жағдайда, құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайы;
3) 2013 жығы 1 сәуірден кешіктірмей қалыптастырылған субъектілер тiзбесiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін мәліметтер алу үшін:
осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы - банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
мүлкінің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоқ екендігі туралы - уәкілетті мемлекеттік органдарға;
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде бар-жоқ екендігі туралы - әділет органдарына сұрау салу жібереді.
5. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер салық қызметі органдарына 2013 жылғы 1 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуға жатады.
6. Кредиторлардың және (немесе) өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (наразылықтарын) қойып отырған наразылықтардың заңдылығын растайтын құжаттармен бірге салық қызметі органдары 2013 жылғы 1 мамырға дейін қабылдайды.
7. Салық қызметі органдары осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін 2013 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей мәжбүрлеп таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесін қалыптастырады.
8. Салық қызметі органдары осы баптың 7-тармағында көрсетілген тізбеге енгізілген субъектілерге қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мәжбүрлеп тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін сотқа талап арыздар береді.