қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дәйектілігін растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары негiзiнде;
резидент еместiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшi негiзiнде;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметi органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелерi бойынша;
соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;
сот кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жүзеге асырылған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне шағымын - осы шағымда көрсетiлген мәселелер бойынша;
резидент еместiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiне байланысты;
олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесi бойынша;
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселелерi бойынша;
салық органдарында тiркеу есебiне қою мәселелерi бойынша;
бақылау-касса машиналарының болуы мәселелерi бойынша;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелері бойынша;
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша;
бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау мәселелерi бойынша;
акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн лицензиялау қағидаларын және оларды өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау мәселелерi бойынша;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша;
уәкілетті органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.»;
4-тармақтың 250) тармақшасының жетпіс бесінші абзацы 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
629) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
251) 629-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау мәселелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерулер;»;
252) 632-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ көрсетiлген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-касса машиналарының болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мынадай:
салық органдарында тiркеу есебiне қою;
бақылау-кассалық машиналардың болуы;
төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
253) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
254) 635-бапта:
4-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнім берушіге міндетті үстеме тексеру тағайындау және (немесе) салық қызметі органына мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау туралы сауал жіберу туралы шешім «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша алшақтық айқындалған тексерілетін салық төлеушінің тікелей өнім берушілері бойынша қабылданады.
Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі - салық төлеуші (салық агенті) қосылған құн салығы бойынша ұсынған салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.» деген сөздер «расталмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;
үстеме тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде:
өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.»;
4-тармақтың 254) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық қызметі органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.»;
255) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
255) 638-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.»;
256) 645-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
1) жеке нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
2) мыналардың:
шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі шеңберінде қызметін патент негізінде жүзеге асыратын;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
3) уәкілетті органмен келісе отырып, көлік саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша билеттер беретін қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау жөніндегі халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілер жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
Бұл ретте бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндет 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайды.
Салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режімде беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі ережелер аумағында көлік, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның деректері бойынша жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолма-қол ақша арқылы сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Аумағында жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат көлік, коммуникациялар, байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті органның сайтында орналастырылуға жатады.»;
257) 649-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:»;
258) 650-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, фискалдық есепті алған сәтте кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуге тиіс.
Осы Кодекстің 649-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кассаның ағымдағы жай-күйі туралы фискалдық есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны есептеуді салық төлеуші (оның лауазымды адамы) салық қызметі органының тексеруші адамының қатысуымен жүргізеді.»;
259) 667-бапта:
3-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.»;
«Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.»;
260) 677-бапта:
3-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп деп таниды.»;
«Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органның қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.».
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
32-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
Қолданылу мерзімі тоқтатылғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестаты жарамсыз деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты аттестаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, маман қолданылу мерзімі аяқталуынан екі ай бұрын қолданыстағы аттестатты қоса бере отырып, осы баптың 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жаңасын тіркеген сәттен бастап қолданыстағы аттестат жарамсыз болады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш беруші табыс еткен толық емес немесе дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, аттестаттың күші жойылады.
10. Біліктілік аттестатының күшін жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайтадан берілген өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган күшін жою туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.».
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-тармақтың 1) - 4) тармақшалары 2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) 8-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы үшінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
13-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
2) 11-1-баптың 14-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
3) 20-баптың 13-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
4) 40-баптың 12-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
5) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Провизиялар (резервтер)
1. Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты залалдарды жабу үшін банктер қалыптастыратын міндетті резерв динамикалық резерв болып табылады.
Банктер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және шарттарда динамикалық резервті қалыптастыруға міндетті.
Динамикалық резерв жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейін құрылады. Егер динамикалық резервтің нақты мөлшері салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейтін ең төмен мөлшерден мөлшерден аз болса, банктер жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуге (төлеуге) құқылы емес.