104) 237-бапта:
4-тармақтың 104) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтары 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына жағдайларда:
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;
2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;»;
105) 238-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.
Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),
мұнда:
Қ та - өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;
ҚҚС са - тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
М пқ - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;
Тн - есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;
ҚҚС % - қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.»;
3-1, 10, 12, 14 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:
кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.»;
«10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген мөлшері негізінде;
2) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы негізінде;
3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын, қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
«12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
«14. Сенім білдірілген тұлға сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген тұлғаның салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
4-тармақтың 105) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде, әкелінген тауардың экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігіндегі көлеміне пропорционалды айқындалады.»;
4-тармақтың 106) тармақшасы 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
106) 239-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кері импорттың кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;
107) 241-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленедi.»;
6-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.» деген сөздер «болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызметтердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, ол бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.»;
4-тармақтың 108) тармақшасы 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
108) 243-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға толық декларацияның көшiрмесi;»;
4-тармақтың 109) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
109) 244-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін, арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
4-тармақтың 110) тармақшасы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
110) 244-3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«244-3-бап. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толығымен тұтынылатын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
111) 248-бапта:
10) тармақшада:
«әуежай» деген сөздің алдынан «вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтерін;» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Вагондар (контейнерлер) операторы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесінің қатысушысы ретінде көрсетілген ол ұсынатын мынадай қызметтер:
1) вагондарды (контейнерлерді пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісіп алу;
2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;»;
22) тармақшадағы «көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «көрсетуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
112) 249-баптың 1-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышында (бұдан әрі - Сыныптауыш) көзделген, тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды;
2) Сыныптауышта көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды.»;
112) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тек тұрғын емес үй-жайдан тұратын тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін өткізуді немесе жалға беруді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
113) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер
Қосылған құн салығынан:
1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.»;
114) 253-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электронлық түрде беруі жөніндегі;»;
115) мынадай мазмұндағы 253-1-баппен толықтырылсын:
«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетулері
Дербес білім беру ұйымдары іске асыратын, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулері қосылған құн салығынан босатылады.»;
116) 254-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық (ветеринариялық) қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиялары бойынша медициналық (ветеринариялық) қызметтер көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
117) 256-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;
3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;
қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;»;
2-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген, әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;»;
117) тармақшаның он жетінші - жиырма төртінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3.3. Тұрғын үй құрылысын жүргізетін қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау комиссиясы тұрғын үйді пайдалануға қабылдаған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мынадай формула:
ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ бойынша айқындалатын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы,
мұнда:
ҚҚСте - тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСтғ - тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
Sте - тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ - тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.»;
118) 257-бапта:
118) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Қосылған» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «сатып алынатын» деген сөздер «ескерілген (ескерілетін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
118) тармақшаның бесінші - он бірінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға;
мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейін есепке жатқызылуға жатпайды.
Тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүргізген қосылған құн салығын төлеуші тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығын:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға;
мұндай тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдағанға дейін осы Кодекстің 256-бабының 3-3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жеке есепке алады.»;
119) 258-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағының 1) - 3) және 7) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету:
1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша - түзету жүзеге асырылған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін сол күнгі тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына қолдану жолымен айқындалатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде;
2) сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша - көрсетілген активтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін олардың түзетілу күнгі қайта бағалау мен құнсыздану ескерілмеген баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) - 3) және 7) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жекелеген активтерге жатады.
Егер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тек қосылған құн салығы қамтылған бағалар бойынша және қосылған құн салығы мөлшерлемесінің бірдей мөлшері бойынша сатып алынған болса, онда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құнына қолдану арқылы есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ топ 1, 2,… n = (Қ б х У топ 1, 2,… n), мұнда:
Қ топ 1, 2,… n - қосылған құн салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны;
Қ б - жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құны;
У топ 1, 2,…n - жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының үлес салмағы.
Тауарлардың әрбір тобы қосылған құн салығының қолданылған мөлшерлемесіне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бойынша жеке қалыптасады.
4-2. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.»;
120) 263-бапта:
4-тармақтың 120) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып дербес айқындайды.
1-2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жазып беріледі.
Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшелігі;
шот-фактураларды сақтау тәртібі;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі көрсетіледі.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
электрондық түрде жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің дәйектілігі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуіне жауаптылықта болады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша - «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.»;