Резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.
Табыс салығын осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептейтін резидент еместер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 196-1 және 205-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді.
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетін табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.»;
86) 198-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.»;
87) 200-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.»;
88) 200-1-баптың 1-тармағында:
4) тармақшада:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын дивидендтер төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
8) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткізу күні жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент емес жеке тұлға алған материалдық пайда.»;
89) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiстерi
1. Егер Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелері резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі - резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берген болса, мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:
1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;
2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.
Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде іс жүзінде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары осы Кодекстің осы бабының және 209 - 211-баптарының мақсаттары үшін резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары болып танылады.
Бұл ретте мыналар:
қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген резидент емес заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі немесе резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 100 - 111, 111-1, 112 - 122-баптарына сәйкес шегерімге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі - Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);
резидент емес заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі - басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);
резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізілуге жатпайды.
2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар - ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.
3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің біреуін ғана қолданады.
Резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі резидент емес заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның қосымшасында көрсетіледі.
4. Резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме халықаралық шарттың талаптары сақталған және өзінде мынадай растайтын құжаттар:
1) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
3) резидент емес заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, резидент емес заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын:
шығыстардың түрлері бойынша резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын көрсете отырып таратып жазу;
5) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне қарай мынадай деректер:
1) тұтастай алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
2) тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;
3) тұтастай алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілде жасалса, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
5. Осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.
6. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге қабылдамайды.»;
90) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады.»;
91) 211-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Резидент емес заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығындарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.
2. Егер резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей шегілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 208-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.»;
«4) Мыналар:
1) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
2) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де шеккен бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салық тіркелімдері растайтын құжаттар болып табылады.
Салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі.»;
92) 212-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы баптың 3-тармағына сәйкес салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
93) 212-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің (табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
94) 212-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс етілу мерзімі резидент еместің осындай құжатты осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде салық агентіне тапсырғанынан кейін басталатын, салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
95) 219-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
5. Егер осы тармақта немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қойылған қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылады.»;
96) 221-1-баптың тақырыбы, 1-тармағы, 2-тармағының бірінші абзацы, 3, 4 және 5-тармақтары «Қазақстан» деген сөздің алдынан «Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің» деген сөздермен толықтырылып, «табысты», «табыс» деген сөздер тиісінше «табысын», «табысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
97) 223-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.»;
98) 224-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың мақсаты үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:»;
99) 225-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.»;
100) 227-1-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстар резидентке - табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төленген кезде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі болған кезде салық агентінің мұндай табыстарға осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның табысына осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін, егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған болса, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым жасайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым;
клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алу арқылы клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түрінде табыс алған кезең үшін салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.»;
101) 230-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізілу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымы Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
102) 231-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз беру;»;
4-тармақтың 103) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
103) 235-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.»;.
«4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.»;