Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
2002 жылғы 4 шілдедегі № 336-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi - қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.
2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 2 тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттік және құқықтық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 4 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерi
Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-тарау. Қаржы полициясы органдарының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 5-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Қаржы полициясы органдарының жүйесi
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.
Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн:
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 1 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) мыналарды:
орталық мемлекеттік органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;
2) оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.
Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.
3. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
6. Қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бар.
Қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6-бап. Уәкiлеттi орган
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келісімдiлiгiн қамтамасыз етедi;
2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;
5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлейдi, оларды icкe асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы
1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.
3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;
2) барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;
3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;
5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 6 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары, бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;
8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртібін белгiлейдi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
3-тарау. Қаржы полициясы органдарының міндеттері мен құқықтары
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
5) мыналарды:
қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөніндегі iстер бойынша адамдарды;
жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 7 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөнiнде заң актілерінде көзделген шараларды қолдануға;
9) мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға;
10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуге міндетті.
2. Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары
1. Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен:
1) жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;
3) iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;
4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
6) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;
7) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;
12) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
4-тарау. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнің және өзге де жұмыскерлерінің еңбегiн құқықтық реттеу
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қаржы полициясы органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi. Қаржы полициясы органдарының арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органда, аумақтық бөлiмшелерде және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде соларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6-тарау. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
24-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-14-баптарды қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының