Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
2002 жылғы 4 шілдедегі № 336-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Қаржы полициясының жүйесі және (5 - 7 баптар)
қызметінің ұйымдастырылуы
3-тарау. Қаржы полициясы органдарының (8 - 9 баптар)
міндеттері мен құқықтары
4-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің (10 - 12 баптар)
білек күшін, арнайы құралдар және қару қолдануы
5-тарау. Қаржы полициясы органдары (13 - 17 баптар)
қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
6-тарау. Қаржы полициясы органдарының (18 - 22 баптар)
қызметкерлері мен зейнеткерлерін
әлеуметтік қөрғау
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (23 - 25 баптар)
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясының жүйесiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы
органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.
2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттің экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2) салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң
құқықтық негiзi
Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
4-бап. Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу
және қызмет ету принциптерi
Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы жүйесiнiң бірлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.
2-тарау. Қаржы полициясының жүйесі және
қызметінің ұйымдастырылуы
5-бап. Қаржы полициясының жүйесi
1. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бірыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.
Қаржы полициясының бірыңғай жүйесiн:
1) мыналарды:
орталық атқарушы органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;
2) оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.
2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.
Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.
3. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.
4. Қаржы полициясы жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қаржы полициясы жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
6. Қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бар.
Қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6-бап. Уәкiлеттi орган
1. Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметi саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушiлiк функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкiлеттi орган болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келісімдiлiгiн қамтамасыз етедi;
2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;
3) экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;
5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын белгiлейдi, оларды icкe асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
8) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
9) заңмен белгiленген өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы
1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.
3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;
2) барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;
3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;
5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары уәкiлеттi органының, бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;
8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртібін белгiлейдi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
3-тарау. Қаржы полициясы органдарының
міндеттері мен құқықтары
8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
4) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн тiркеп қою арқылы қылмыстарды анықтауды, алдын алуды, жолын кесудi және ашуды қамтамасыз етуге, өзiнiң iс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
5) мыналарды:
қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөніндегі iстер бойынша адамдарды;
жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөнiнде заң актілерінде көзделген шараларды қолдануға;
9) мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға мiндеттi.
2. Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары
1. Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен:
1) жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға;
2) iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;
3) iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;
4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
6) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;
7) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргiзу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;
12) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
4-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің
білек күшін, арнайы құралдар және қару қолдануы
10-бап. Бiлек күшiн және арнайы құралдар қолдану
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:
1) азаматтарға, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қорғау және қылмысқа қарсы күрес жөнiнде қызметтiк немесе азаматтық борышын орындаушы өзге де адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
2) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды, егер осы адамдар заңды өкiмдерге немесе талаптарға бағынбаса немесе өзге де қарсылық көрсетсе, не айналасындағыларға немесе өзiне залалы тиюi мүмкiн болса құқық қорғау органының үй-жайына жеткiзу;
3) ұсталғандарды, қамауға алынған адамдарды, егер осы адамдар заңды өкiмдерге немесе талаптарға бағынбай немесе өзге де қарсылық көрсетiп, онысы айналасындағыларға немесе өзiне залал келтiретiн болса, күзетпен алып жүрген кезiнде;
4) өзге де қажеттi қорғаныс, аса қажеттiлiк жағдайларында бiлек күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын арнайы құралдарды қолдануға құқылы.
11-бап. Қару қолдану
1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:
1) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;
2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ қаржы полициясы органдары күзететiн ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға көлiк құралдарына және тауарларға шабуылды тойтару;
3) қарулы қарсылық көрсететiн, қылмыс жасаған, қамаудан қашқан (әкiмшiлiк тұтқында отырғандардан басқа) адамдарды ұстау, қарулы адамдарды ұстау;
4) егер жүргiзушi қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбай, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрсе, көлiк құралдарын зақымдау жолымен тоқтату;
5) хайуанаттардың шабуылынан қорғану;
6) қару қолдану ниетi туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру;
7) өзге де қажеттi қорғаныс, аса қажеттiлiк жағдайлары кезiнде тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қаруларды заңда белгiленген тәртiппен қолдануға құқылы.
2. Қару қолданылған барлық жағдайларда қаржы полициясы органдарының қызметкерi:
1) айналасындағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету шараларын қолдануға;
2) қаруды қолданғаны туралы тiкелей бағынатын бастығына баяндауға, ал қару мен арнайы құралдарды қолдану адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайларда прокурорды дереу хабардар етуге мiндеттi.
12-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң бiлек
күшiн, арнайы құралдарды және қаруды қолдануы жөніндегі шектеулер
1. Әйелдерге, мүгедектiгi анық көрiнiп тұрған адамдарға және балаларға қатысты, олар айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасып шабуыл жасаған немесе қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.
2. Әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға қатысты, олардың жасы белгiлi немесе айқын болғанда, олар қарулы шабуыл, қарулы қарсылық не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
5-тарау. Қаржы полициясы органдары
қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң еңбегiн
құқықтық реттеу және оның құқықтық жағдайы
1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қаржы полициясы органдарында қызмет өткepy туралы ережемен, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
Қаржы полициясы органдарының мамандары мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметiнде немесе кадр есебiнде тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматы қаржы полициясы органдарының қызметкерi болып табылады.
Қаржы полициясы органдарына кадрлық есепке алудың тәртібі мен шарттары Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi мемлекеттік билiктiң өкiлi болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң заңды талаптары барлық азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерiне Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеде көзделген тәртiппен оның жеке басын және өкiлеттiктерiн растайтын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiк және жетон берiледi. Куәлiк пен жетонның сипаттамасын уәкiлеттi орган бекiтедi.
5. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны қорлау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтiк борышын орындауына байланысты өзiнiң, отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қол сұғу заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қызметтiк iс-әрекетiне, заң актілерімен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдардан басқа, ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң iс-әрекетiне заңға қайшы араласу заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi республиканың аумағында атқаратын қызметiне және iшкi ведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, өзiне азаматтар немесе лауазымды тұлғалар экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық туралы мәлiмдеме немесе хабарлама жасаған не сондай жағдай тiкелей анықталған жағдайда, экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiнде өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға және жақын маңайдағы қаржы полициясы органдарының бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.
8. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi өзiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
9. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi, егер оның iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылса, арнайы құралдарды, бiлек күшiн және қаруды қолданудан келтiрiлген зиян үшiн жауап бермейдi.
10. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiленедi. Кезек күттiрмейтiн жедел шаралар мен тергеу шараларын орындау қажет болған жағдайда қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi тартылуы мүмкiн.
11. Мемлекеттің экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi шешу үшiн қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарының кадрында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен мемлекеттік органдарға уақытша iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеpyi
1. Қаржы полициясы органдарының қызметiне жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, білім деңгейi мен денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарында оқуға жасы он алтыға толған, орта білімi бар, денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды адамдар алынады.
3. Қаржы полициясы органдарының қызметiне - жасы қырықтан аспаған, ал қатардағы және кiшi басшы құрамның қызметтерiне - жасы отыз екiден аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Айрықша жағдайларда аталған жас мөлшерiнiң шегi уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi.
4. Қаржы полициясы органдарындағы қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталуға жатпайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік органдардан жағымсыз себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
5. Қаржы полициясы органдарына қызметке кiрген азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне саяси партияларға, кәсiптiк одақтарға мүше болуға, қандай да болмасын саяси партияны қолдауға, ереуiлдер ұйымдастырып, оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен шұғылдануға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
7. Қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамының қызметтерiне тағайындалған немесе кадры болып алынған әскери мiндеттiлер, қаржы полициясы органдары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қаржы полициясы органдарында арнайы есепте тұрады.
15-бап. Қаржы полициясы органдарында қызметте болудың шектi жасы