175. Аталған Нұсқаулықтың негізінде желіні пайдаланушылар жедел персоналдың қолымен атқарылатын әрекеттердің айқындалған тәртібі мен шарттарынан басқа өз электр қондырғыларының жедел персоналы үшін:
1) жиіліктің жоғарылауымен;
2) жиіліктің төмендеуімен;
3) кернеудің жоғарылауымен;
4) кернеудің төмендеуімен;
5) өңіраралық және өңірлік байланыстардың асқын жүктемесімен;
6) асинхронды режим мен синхрондық тербелістердің туындауымен;
7) Қазақстан БЭЖ-нің бөлінуімен;
8) 220-500-1150 кВ әуе желісінің зақымдануымен және ажыратылуымен;
9) өндіруші қуаттың айтарлықтай бөлігінің ысырап болуымен;
10) ажыратқыштар мен айырғыштардың зақымдануымен;
11) релелік қорғау мен автоматика және автоматикаға қарсы құрылғыларының ақауларымен және істен шығуымен байланысты аварияларды жою жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді.
176. Толық ажыратылу - Қазақстанның БЭЖ-інде, оның ішінде мемлекетаралық электр беру желілері бойынша барлық өндіру тоқтатылған, ешқандай электрмен қоректендіру болмайтын жағдай. Осындай мән-жайларда жүйелік оператордың басшылығынсыз (өкімінсіз) электр желісінің жұмыс істеу режимін автоматты түрде қалпына келтіру мүмкін емес.
177. Ішінара ажыратылу - бұл Қазақстан БЭЖ-нің жекелеген бөлігінде өңіраралық электр жеткізу желілерін ажырата отырып, электр энергиясын өндірудің тоқтатылуы.
178. Толық токсыздандыру немесе ішінара токсыздандыру барысында және бұдан кейінгі қалпына келтіру кезінде жедел персонал аварияларды жою жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес әрекет жасайды.
179. Қалпына келтіру рәсімі қалыпты жұмысын сақтаған электр желісінің бөлігінен кернеуді беруден басталады.
Толық токсыздандырудан кейінгі немесе ішінара токсыздандырудан кейінгі қалпына келтіру электр станцияларының иелігіндегілерді, оларды пайдалану сипаттамалары мен реттеу ауқымын, сондай-ақ электр желісінің пайдалану сипаттамаларын ескере отырып, ыңғайлы түрде жүргізілуі тиіс. Жүйелік оператор «нөлден бұрылу» рәсімін іске асыруды қамтамасыз етеді. Желіні пайдаланушылар электр станциялардың жүктемесін көтеру, тұтынушыларды шектеу (ажырату) жөніндегі «нөлден бұрылу» іс-шараларын іске асыру үшін электр желісінің схемасын өзгерту жөніндегі жүйелік оператордың барлық өкімдерін орындайды.
180. Басқару процесінің барлық кезеңдерінде мыналар назарға алынуы тиіс:
1) иелік өндіргіш қуаттың артық екендігіне немесе электр тұтынуға сәйкес келетініне, тұтынушыларды әрбір қосқан сайын электр тұтынудың қуат резервтерінің қажетті көлемімен қамтамасыз етілетініне;
2) жиілікті ұстап тұру үшін электр станцияларында реттеудің жеткілікті ауқымының қамтамасыз етілгендігіне;
3) желілік кернеуді жұмыс шектерінде басқаруға;
4) жылу электр станциялары реттегіштерінің балама іс-қимылдарының қамтамасыз етілетініне;
5) электр тұтынуды қалпына келтірудің қаншалықты тез және мүмкіндігінше сенімді жүргізілетініне көз жеткізу қажет.
181. «Нөлден бұрылудың» негізгі кезеңдері мынадай:
1) электр желісінің схемасын, электр станциялардың негізгі жабдығының жай-күйін анықтау;
2) қалпына келтіру жолдарын дайындау;
3) «нөлден бұрылу» және кернеуді беру;
4) әрбір кезең үшін желінің барынша сенімді жұмыс істеуге қабілетті және орнықты электр схемасын жасау;
5) электр станцияларын үндестіру және ең соңында біртұтас электр жүйесін қалпына келтіру;
6) электр тұтынуды толық қалпына келтіру.
Электр станциясы «нөлден бұрылудың» жоспарын әзірлейді. «Нөлден бұрылу» жоспары жыл сайын қайта қаралады, жаңартылады.
182. Электр станциясының «нөлден бұрылуға» әзірлігін тексеруді жергілікті персонал іс жүзінде күтілетін авариялар жағдайында өткізеді.
183. Байланыс, телеөлшеулер мен телесигналдау құралдары энергия жүйелерінің жұмыс режимін токтан толық ажыратылғаннан кейін қалпына келтіру үшін негіз болып табылады. Үшінші тұлғалардан қамтамасыз етілген электрмен қоректендіруді қоса алғанда, байланыстың барлық тіршілік құралдары электрмен қоректендіруді толығымен жоғалтқаннан кейін кем дегенде 24 сағат жұмыс істейді. Басқарудың кейбір негізгі объектілері (басқару орталықтары) электрмен қоректенуді жоғалтқаннан кейін жұмыстың мейлінше ұзақ мерзімін талап етеді.
Басқару жүйелері электрмен қоректенудің жоғалуымен іс жүзінде күтілетін авария жағдайларында жыл сайын сынақтан өтеді.
184. Электр желісін қалпына келтіру процесіне тартылған персонал қалпына келтіру жолдарын нақтылы жүзеге асыру кезінде кезең-кезең бойынша оқытылады.
185. Қазақстан БЭЖ-і (энергия торабы, электр қондырғысы) бөліктерінің бір-бірімен үндесуінен шыққан, бірақ толық немесе ішінара ажыратылмаған жерлерде жүйелік оператордың желіні пайдаланушыларға қысқа мерзімнің ішінде қалыпты жұмысқа қол жеткізу үшін өндіруді және/немесе электрмен жабдықтауды өз бетінше реттеуге рұқсат беруге құқығы бар. Жүйелік оператор үндестік орын алған кезде пайдаланушыларға хабар береді.
Су электр станциялары байланысқан электр желісінің бөлігі электр желісінің қалған бөлігінен бөлінген және электр желісінің қалған бөлігімен ешқандай үндесу құрылғылары жоқ жағдайларда электр қондырғыларының жедел персоналы жүйелік оператордың нұсқауы бойынша әрекет жасайды.
186. Қазақстан БЭЖ-нің негізгі диспетчерлік орталығынан диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру мүмкіндігі жоғалған жағдайда Қазақстан БЭЖ-нің басқару функциялары дублерлерге табыс етіледі.
187. Желіні пайдаланушылар ұйым атынан шешім қабылдай алатын және тәулігіне 24 сағаттың ішінде байланысқа шығатын уәкілетті басқару өкілдерін көрсете отырып, жазбаша нысанда ЖО ҰДО-мен және жергілікті электр жеткізуші ұйымдармен телефон нөмірлерін алмасады.
Желіні жаңа пайдаланушылар үшін телефон нөмірлері олармен байланыс шартына қол қойған кезде қамтамасыз етіледі. Нөмірлер ақпараттың өзгеруіне қарай жазбаша нысанда беріледі.
188. Бұзылыс туындаған кезде:
1) егер бұзылыс желіні пайдаланушының электр қондырғысында туындаса, бұл туралы жүйелік оператор мен өзі жалғанған энергия беруші ұйымды хабардар етеді;
2) егер бұзылыс энергия беруші ұйымның электр қондырғысында туындаса, бұл туралы жүйелік оператор мен барлық жалғанған желі пайдаланушыларын хабардар етеді;
3) егер бұзылыс жүйелік оператордың электр қондырғысында туындаса, бұл туралы жүйелік оператор басқаруында немесе иелігінде электр қондырғысы бар желіні пайдаланушыларға хабарлайды.
189. Жүйелік оператор хабарламаны алғаннан кейін немесе өздігінен бұзылысты анықтаған кезде мұның жүйелік авария бұзылысының фактісі болып табыла ма, соны анықтайды. Жүйелік аварияның белгілері расталған жағдайда жүйелік оператор жүйелік аварияның себептерін анықтайды және оны жоюға кіріседі.
Аварияның себебі белгіленген сәттен бастап ӨДО диспетчерлерінің арасындағы барлық коммуникациялар ЖО ҰДО диспетчеріне оның талабы бойынша беріледі.
12. Жұмыс және/немесе оқиғалар туралы ақпарат алмасу
190. Қазақстанның БЭЖ-ін басқару, желілерді пайдалану мәселелері жөніндегі ақпаратты жүйелік оператор мен желіні пайдаланушылардың беру көлемі мен мерзімі диспетчерлік орталықтардың (қызметтердің) арасындағы өзара қарым-қатынастар жөніндегі қағидалармен, техникалық диспетчерлендіру қызметін көрсетуге, электр энергиясын жеткізу қызметін көрсетуге арналған үлгі шарттармен реттеледі.
191. Байланысты қолдау үшін барлық тараптар нақты оқиғаға байланысты жүйелік оператормен және/немесе энергия жеткізуші ұйыммен қажетті дұрыс ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін тиісті жабдықтың болуына кепілдік береді. Қажетті талаптар:
1) тікелей телефон арнасы;
2) факс;
3) электрондық поштаның арнайы мекенжайы;
4) телеметрияның деректерін берудің сандық немесе ұқсас арнасы.
192. Кернеуі 220 кВ, 500 кВ және 1150 кВ қосалқы станциялар, өндіру қуаты 10 мВт-дан жоғары энергия беруші ұйымдар, 1 МВт-дан жоғары ұлттық электр желінің жалғану нүктесінде электр энергиясының қуатын тұтынушылар, кернеуі 220 кВ және одан да жоғары желіге жалғанған электр энергиясын тұтынушылар, электр энергиясын көп мөлшерде пайдаланушылардың диспетчерлік орталықтары екі тәуелсіз бағыт бойынша жүйелік оператордың диспетчерлік орталығымен (ӨДО) байланыс және телеметрия деректерін беру арналарын ұйымдастыруы қажет.
ЖО ҰДО мен ӨДО арасында, аралас басқару аймақтары бар ӨДО арасында, ҰДО мен шектес мемлекеттердің энергия жүйелерінің диспетчерлік орталықтары арасында екі тәуелсіз бағыт бойынша байланыс және телеметрияның деректерін беру арналары ұйымдастырылуы қажет.
193. Желіні пайдаланушылардың диспетчерлік орталықтары (пункттері) меншік нысанына қарамастан жедел-диспетчерлік басқару үшін байланыс және телеметрия деректерін берудің тікелей арналарымен жабдықталады. Байланыс және телеметрияның деректерін алмасу:
1) өңірлік электр желілік компанияның диспетчерлік орталығы мен осы диспетчерлік орталықтардың жедел басқаруындағы 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар;
2) өңірлік электр желілік компанияның диспетчерлік орталығы мен пайдаланушының диспетчерлік орталығы немесе пайдаланушының диспетчерлік орталығы болмаған жағдайда оның қосалқы станциясы;
3) өңірлік электр желілік компанияның диспетчерлік орталығы мен ӨДО;
4) ЖО ҰДО мен ӨДО;
5) аралас басқару аймақтары бар ӨДО;
6) ӨДО мен электр энергиясын көп мөлшерде пайдаланушылардың диспетчерлік орталықтары немесе пайдаланушының диспетчерлік орталығы болмаған жағдайда оның қосалқы станциясы;
7) ҰДО мен шектес мемлекеттердің энергия жүйелерінің диспетчерлік орталықтары арасында қамтамасыз етіледі.
Электр желілік қағидаларға
1-қосымша
«Пайдаланушыны қосу схемасының» мазмұны
1) электрмен жабдықтаудың қолданыстағы жай-күйіне және 3(5)-10 жылдағы даму болашағына шолу жасау;
2) электр жүктемелері және оларды жабу көздері;
3) қуат пен электр энергиясының теңгерімі (қолданыстағы жай-күйі және 3(5)-10 жылдағы болашағы);
4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;
5) ұсынылып отырған сыртқы электрмен жабдықтау схемасының негіздемесі;
6) қарастырылып отырған ауданға шектесетін электр желілерінің электр режимдерін есептеу (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);
7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;
8) релелік қорғаныш пен автоматиканың, аварияға қарсы автоматиканың орындалу қағидаттары;
9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;
10) электр энергиясын есепке алу;
11) энергия үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;
12) электр желілік құрылыс көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;
13) қорытындылар;
14) сызбалар: қағидатты сызбалар, карта-схемалар немесе жағдаяттық жоспар, электрлік режимдерді есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемасы.
«Электр станцияларының қуатын беру схемасының» мазмұны
1) қарастырылып отырған өңірді электрмен жабдықтаудың қолданыстағы жай-күйіне және 3(5)-10 жылдағы даму болашағына шолу жасау;
2) қарастырылып отырған өңірдің қуат пен электр энергиясының теңгерімі (қолданыстағы жай-күйі және 3(5)-10 жылдағы болашағы);
3) қуат беру схемасының нұсқалары;
4) ұсынылып отырған қуат беру схемасының негіздемесі;
5) қарастырылып отырған ауданға шектесетін электр желілерінің электр режимдерін есептеу (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);
6) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;
7) релелік қорғаныш пен автоматиканың, аварияға қарсы автоматиканың орындалу қағидаттары;
8) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;
9) электр энергиясын есепке алу;
10) энергия үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;
11) электр желілік құрылыс көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;
12) қорытындылар;
13) сызбалар: қағидатты сызбалар, карта-схемалар немесе жағдаяттық жоспар, электрлік режимдерді есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемасы.
Электр желілік қағидаларға
2-қосымша
БЕКІТЕМІН
__________________________
(басшының қолы)
20__ жылғы «___» _________
Өтінім
_________________________________________________________________________________________________________
(жұмыс істеп тұрған генерациялайтын қондырғыны) (объектінің (жұмыс істеп тұрған, қайта құрылатын) толық атауы, ведомстволық тиесілігі және оның орналасқан жері)
_________________________________________________________________________________________________________
қосу берілді. (қосылу нүктесі көрсетіледі (ҚС шиналары, ЭЖЖ атауы және т.б.)
1. Техникалық шарттарды беру негіздемесі:
________________________________________________________________________________________________________;
(Электр желілік қағидалардың тармағы көрсетіледі)
2. Объектінің жылдар бойынша белгіленген/қолданыстағы қуаты
Іске қосылған жылдары | Рбелг, МВт | Эқолд, МВт. сағ. |
Ағымдағы (20__ ж.) | | |
(алдағы кезеңге - 5 жыл) | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
3. Қосымшалар:
1. Объектіні орналастырудың жағдаяттық жоспары;
2. Генерациялайтын қондырғыны жүйеге қосудың (қуат берудің) қолданыстағы және болжамдалған схемасы (генераторлардың, трансформаторлардың саны мен қуаты, ЭЖЖ ұзындығы мен сым қимасы, қарастырылатын аудан желілерінің теңгерімдік тиесілігі көрсетіледі);
3. Жеке тұтынушылардың тізбесі (қазірде жүйеде бар және жоспарланатын тұтынушылардың электр жүктемелері, олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамасы көрсетіледі);
4. Жер учаскелерін бөлу туралы шешімдердің, актілердің көшірмелері.
Электр желілік қағидаларға
3-қосымша
БЕКІТЕМІН
__________________________
(басшының қолы)
20__ жылғы «___» _________
Өтінім
_______________________________________________________________________ (жаңа генерациялайтын қондырғыны)
(объектінің толық атауы, ведомстволық тиесілігі және оның орналасқан жері)
_________________________________________________________________________________________________________
қосу берілді. (қосылу нүктесі көрсетіледі (ҚС шиналары, ЭЖЖ атауы және т.б.)
1. Техникалық шарттарды беру негіздемесі:
________________________________________________________________________________________________________;
(Электр желілік қағидалардың тармағы көрсетіледі)
2. Объектінің жылдар бойынша белгіленген/қолданыстағы қуаты
Жылдар | Рбелг, МВт | Эқолд, МВт. сағ. |
20__ ж. (іске қосылған жыл) | | |
Жоспарланған (алдағы кезеңге - 5 жыл) | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
3. Қосымшалар:
1. Объектіні орналастырудың жағдаяттық жоспары;
2. Генерациялайтын қондырғыны жүйеге қосудың (қуат берудің) болжамдалған схемасы (генераторлардың, трансформаторлардың саны мен қуаты, ЭЖЖ ұзындығы мен сым қимасы, қарастырылатын аудан желілерінің теңгерімдік тиесілігі көрсетіледі);
3. Объектінің (мемлекеттік, салалық бағдарламалар) құрылысын жоспарлауға негіз болатын құжат;
4. Жеке тұтынушылардың тізбесі (қазірде жүйеде бар және жоспарланатын тұтынушылардың электр жүктемелері, олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамасы көрсетіледі);
5. Жер учаскелерін бөлу туралы шешімдердің, актілердің көшірмелері.
Электр желілік қағидаларға
4-қосымша
БЕКІТЕМІН
__________________________
(басшының қолы)
20__ жылғы «___» _________
Өтінім
_________________________________________________________________________________________________________
(жүйеде бар тұтынушыны) (объектінің (жұмыс істеп тұрған, қайта құрылатын) толық
атауы, ведомстволық тиесілігі және оның орналасқан жері)
_________________________________________________________________________________________________________
қосу берілді. (қосылу нүктесі көрсетіледі (ҚС шиналары, ЭЖЖ атауы және т.б.)
1. Техникалық шарттарды беру негіздемесі:
________________________________________________________________________________________________________;
(Электр желілік қағидалардың тармағы көрсетіледі)
2. Ұсынылған қуат және объектінің жылдар бойынша электр тұтынуы.
Жылдар | Р, МВт | Э, млн. кВт. сағ. |
Ағымдағы (20__ ж.) | | |
Жоспарланатын (алдағы кезеңге - 5 жыл) | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
3. Жүктеменің сипаты - тұрақты, айнымалы, маусымдық, т.б.;
4. Тұтастай алғанда электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша электр қабылдағыштардың және ЭОЕ-ге (Электр қондырғыларын орнату ережесіне) сәйкес жекелеген технологиялық қондырғылардың санаты;
5. Қосалқы тұтынушылар тізімі және олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамасы.
6. Қосымшалар:
1) Объектіні орналастырудың жағдаяттық жоспары;
2) Объектіні сырттан электрмен жабдықтаудың қолданыстағы және болжамдалған схемасы (ЭЖЖ ұзындығы мен сым қимасы, ҚС трансформаторларының қуаты мен саны, қарастырылатын аудан желілерінің ведомстволық, теңгерімдік тиесілігі көрсетіледі);
3) Объектінің ұсынылған қуатын растайтын электр жүктемелерін есептеу;
4) Энергия өндіруші ұйымдардың объектінің ұсынылған қуатын қамтамасыз ететіндігін растайтын құжаты;
5) Электрмен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде пайдалану үшін өз өндіргіш көздері туралы ақпарат (ГТУ, ДЭС және т.б. қуаты көрсетілген);
6) Жер учаскелерін бөлу туралы шешімдердің, актілердің көшірмелері.
Электр желілік қағидаларға
5-қосымша
БЕКІТЕМІН
__________________________
(басшының қолы)
20__ жылғы «___» _________
Өтінім
_____________________________________ _____________________________________________________________
(жаңа тұтынушыны) (объектінің толық атауы, ведомстволық тиесілігі және оның орналасқан жері)
____________________________________________________________________________________________________
қосу берілді. (қосылу нүктесі көрсетіледі (ҚС шиналары, ЭЖЖ атауы және т.б.)
1. Техникалық шарттарды беру негіздемесі:
___________________________________________________________________________________________________;
(Электр желілік қағидалардың тармағы көрсетіледі)
2. Ұсынылған қуат және объектінің жылдар бойынша электр тұтынуы; жүктеме соs φ(tgφ).
Жылдар | Р, МВт | Э, млн. кВт. сағ. |
20__ ж. (іске қосылған жыл) | | |
(алдағы кезеңге - 5 жыл) | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
20__ ж. | | |
3. Жүктеменің сипаты - тұрақты, айнымалы, маусымдық, т.б.;
4. Тұтастай алғанда электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша электр қабылдағыштардың және ЭОЕ-ге (Электр қондырғыларын орнату ережесіне) сәйкес жекелеген технологиялық қондырғылардың санаты;
5. Қосалқы тұтынушылар тізімі және олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамасы.
6. Қосымшалар:
1) Объектіні орналастырудың жағдаяттық жоспары;
2) Объектіні сырттан электрмен жабдықтаудың болжамдалған схемасы (ЭЖЖ ұзындығы мен сым қимасы, ҚС трансформаторларының қуаты мен саны, қарастырылатын аудан желілерінің ведомстволық, теңгерімдік тиесілігі көрсетіледі);
3) Объектінің (мемлекеттік, салалық бағдарламалар) құрылысын жоспарлауға негіз болатын құжат;
4) Объектінің ұсынылған қуатын растайтын электр жүктемелерін есептеу;
5) Энергия өндіруші ұйымдардың объектінің ұсынылған қуатын қамтамасыз ететіндігін растайтын құжаты;
6) Электрмен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде пайдалану үшін өз генерациялайтын көздері туралы ақпарат (ГТУ, ДЭС және т.б. қуаты көрсетілген);
7) Жер учаскелерін бөлу туралы шешімдердің, актілердің көшірмелері.
Электр желілік қағидаларға
6-қосымша
Техникалық шарттарды беру мерзімі
Іс-қимыл | Мерзімі (жұмыс күндері) | Орындаушы |
1. Пайдаланушы жиынтық қуаты 1 мегаВаттан жоғары объектілер үшін толық ақпарат берген кезде техникалық шарттар беру (желіні күшейту талап етілмеген жағдайда) | 30 күн | энергия беруші компания (энергия өндіруші ұйым) |
2. Пайдаланушы жиынтық қуаты 1 мегаВаттан жоғары объектілер үшін толық ақпарат берген кезде техникалық шарттар беру (желіні күшейту талап етілген жағдайда) | 45 күн | энергия беруші компания (энергия өндіруші ұйым) |
3. Техникалық шарттар орындауға қабылданғаны туралы хабарлама | 30 күн | Пайдаланушы |
Электр желілік қағидаларға
7-қосымша
Энергия беруші ұйымдардың электр қондырғылары мен
генерациялайтын қондырғыларын ажырату кестесін әзірлеу тәртібі,
келісу және бекіту мерзімі
№ р/с | Іс-қимыл | Күні | Ескерту |
1 | Электр беруші желілері мен желі жабдықтарын ажырату кестесін әзірлеу | (30 маусымға дейін) | желілер мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілі бойынша тарату тізбесіне сәйкес |
2 | Энергия беруші ұйымдардың өндіргіш қондырғылары мен электр жабдықтарын жөндеу кестесін ұсыну | (1 қыркүйекке дейін) | желілер мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілі бойынша тарату тізбесіне сәйкес |
3 | Шектес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтарымен электр беруші желілері мен желілік жабдықтарды ажырату кестесін келісу | (15 желтоқсанға дейін) | желілер мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілі бойынша тарату тізбесіне сәйкес |
4 | Энергия беруші ұйымдардың өндіргіш қондырғылары мен электр жабдықтарын жөндеу кестесін, электр жеткізу желілері мен желілік жабдықтарды ажырату кестесін бекіту | (25 желтоқсанға дейін) | желілер мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілі бойынша тарату тізбесіне сәйкес |
5 | Жүйелік оператордың бекітілген кестелерді ұсынуы | (30 желтоқсанға дейін) | желілер мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілі бойынша тарату тізбесіне сәйкес |
Электр желілік қағидаларға
8-қосымша
110-750 кВ электр қондырғылары жабдықтарының өнеркәсіптік
жиілік кернеуін арттыру шегі
Жабдық | Номиналды кернеу, кВ | Ықпал ету ұзақтығына байланысты кернеуді арттыру шегі, секунд |
1200 | 20 | 1 | 0,1 |
Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар1 | 110-150 | 1,10 1,10 | 1,25 1,25 | 1,90 1,50 | 2,00 1,58 |
Шунттаушы реакторлар және электр магниттік кернеу трансформаторлары | 110-330 500 | 1,15 1,15 1,15 1,15 | 1,35 1,35 1,35 1,35 | 2,00 9,00 2,00 1,50 | 2,10 1,58 2,08 1,58 |
Коммутациялық аппараттар2, сыйымдылықты кернеу трансформаторлары, ток трансформаторлары, байланыс конденсаторлары және шиналық тіректер | 110-500 | 1,15 1,15 | 1,60 1,60 | 2,20 1,70 | 2,40 1,80 |
Барлық тұрпатты вентильдік разрядтауыштар | 110-220 | 1,15 | 1,35 | 1,38 | - |
РВМГ тұрпатты вентильдік разрядтауыштар | 330-500 | 1,15 | 1,35 | 1,38 | - |
РВМК тұрпатты вентильдік разрядтауыштар | 330-500 | 1,15 | 1,35 | 1,45 | - |
РВМК-П тұрпатты вентильдік разрядтауыштар | 330-500 | 1,15 | 1,35 | 1,70 | - |
Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар1 | 750 | 1,10 | 1,25 | 1,67 | 1,76 |
Шунттаушы реакторлар, коммутациялық аппараттар2, кернеу және ток трансформаторлары, байланыс конденсаторлары және шиналық тіректер | 750 | 1,10 | 1,30 | 1,88 | 1,98 |
Вентильдік разрядтауыштар | 750 | 1,15 | 1,36 | 1,40 | - |
Сызықтық емес асқын кернеу шектеуіштері | 110-220 330-750 | 1,39 1,26 | 1,50 1,35 | 1,65 1,52 | - - |
1 Кестеде көрсетілген мәндерге қарамастан, магнит сымын қыздыру шарты бойынша белгіленген орам тармақтарының атаулы кернеу үлестеріндегі кернеуді арттыру 20 с - 1,3 дейінгі аралықта 1200 с-ден 1,15 дейінгі деңгейде шектеледі.
2 Кестеде көрсетілген мәндерге қарамастан, ажыратқыштың байланыстарындағы кернеуді өздігінен қалпына келтіру былайша шектеледі: 110-220 кВ жабдықтары үшін - КЗ 2,4 немесе 2,8 дейін, 330-750 кВ жабдықтары үшін - 3,0 дейін желінің зақымдалмаған фазасын ажырату шарты бойынша (техникалық шарттарда көрсетілген ажыратқыштың жұмысына байланысты), 330-750 кВ жабдықтары үшін 2,8 дейін - асқын кернеуі жоқ желілерді ажырату шарты бойынша.
Электр желілік қағидаларға
9-қосымша
ЖТАШ типтік қалыпқа келтіру
Р/с № | ЖАБ санаты | ЖАБ көлемі %* | ЖАБ бірліктері | ЖАБ**** кезегі аралығындағы интервал көлемі |
жиілігі бойынша (Гц) | уақыты бойынша (сек) | жиілігі бойынша (Гц) | уақыты бойынша (сек) |
1 | ЖАБ1 | 3-4 | 50 | 49.2 | 0.3-0.5 | - | - |
2 | 47-46 | 48.8÷46.5 | 0.3-0.5 | 0.1 - 0.2 | - |
3 | ЖАБ2 н.с. | 10 | 49.1 | 5÷40 | - | ≤5 |
4 | ЖАБ2 бірл. | ** | 49.0 | 5÷20 | - | ≤5 |
48.9 | 20÷35 | - | ≤5 |
48.8 | 35÷50 | - | ≤5 |
48.7 | 50÷70 | - | ≤5 |
5 | ҚҚЖА | *** | 49.4÷49.9 | ≥10 | 0.1 - 0.2 | 5 |
Ескерту.
*) ЖАБ көлеміне қойылатын талаптар ЖАБ тиісті санаттағы жинақтарына қосылған тұтынушылардың ең төменгі жиынтық қуатын энергия өндіретін ұйымдардың шығындары мен өзіндік қажеттіліктерін есепке ала отырып, энергетикалық жүйенің болжамды тұтыну көлемінен %-бен анықтайды.
**) 1. ЖАБ 1-мен біріктірудің жалпы қуаты - ЖАБ 1-ге қосылған бүкіл жүктеме қуатының кем дегенде 60 %-ы.
2. Тағайыншамалары 47.5 Гц төмен ЖБА-1 құрылғыларына қосылған қуаттың бүкіл көлемі ЖАБ-2-мен толығымен біріктірілген.
***) 1. Тұтынушылардың ҚҚЖА-ға қосылатын энергия қабылдайтын қондырғыларының жиынтық қуаты энергетикалық жүйенің жергілікті жұмыс жағдайы бойынша регламенттелмейді және анықталмайды.
2. Энергетикалық жүйелерде ҚҚЖА-ның әрекеттері жүйеаралық байланыстардың асқын жүктемелерін болдырмау мақсатында шоғырландырылған.
****) ЖАБ-ға қосылатын жүктеме қуаты кезек бойынша теңдей таратылуы тиіс. Жиілігі бойынша ЖАБ тағайыншамалары аса жоғары болатын оның кезектегі үлесін арттырған жағдайда ЖАБ жүктеме қуатын кезек бойынша таратуда аздаған теңсіздікке жол беріледі.