50. 1150 кВ, 500 кВ, 220 кВ мемлекетаралық электр жеткізу желілері бойынша тәуліктік кестеде берілгеннен мемлекетаралық сальдо-ток ағыны ауытқыған жағдайда жүйелік оператор берілген мемлекетаралық сальдо-ток ағындарына ену жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.
51. Тәуліктік кестемен берілген қуаттың бір мәнінен екінші мәніне бір сағат біткенге кем дегенде 5 минут қалғанға дейін өту және келесі сағат басталғаннан кейін кем дегенде 5 минуттан кейін аяқтау жүзеге асырылады.
52. Теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуге арналған шартпен айқындалған аралықтан асатын диапазондағы тәуліктік кестедегіден нақты қуат шамасының ауытқуы электр энергиясын өндірудің, тұтынудың, сальдо-ток ағындарының тәуліктік кестесі орындалмады деп саналады.
53. Тәуліктік кестенің бұзылуы жедел басқарудың барлық деңгейінде жедел журналда тіркеледі.
54. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының теңгерімін ұстап тұру үшін ондағы бар электр қуатының резервтерін пайдаланады және электр энергиясының ағындар мәндерін келісілген мәндерге сәйкес ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Қазақстан БЭЖ-де резервтік қуаттардың жетіспеуі кезінде жүйелік оператор тәуліктік кестенің бұзылуына жол беретін желіні пайдаланушыларды электр энергиясын тұтыну/өндіруді шектеу жөніндегі техникалық сипаттағы шараларды қабылдайды.
55. Электр қуатының диспетчерлік резервін мына құрылымдар қалыптастырады:
1) Қазақстан БЭЖ-і электр қуаты резервтерінің ПУЛ-ы;
2) теңгерімделген электр энергиясының көтерме нарығы;
3) жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы.
56. ПУЛ ұсынатын қуат резерві нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпте күнделікті әзірленетін жіктеу кестесі негізінде қалыптастырылады.
57. Электр станциялары өндірісінің кемуіне байланысты күтпеген жағдайлар туындаған кезде жүйелік оператор өз өкімімен электр қуатының резервтерін белгіленген тәртіппен енгізеді. Резервтік теңгерімделген қуатты пайдалану фактісі жүйелік оператордың жедел журналында тіркеледі.
58. Жүйелік оператор қуат, тұтыну және өндіру ағындарының белгіленген тәуліктік кестесін орындау үшін жедел өкімдер нысанында нұсқаулар береді.
59. Өкімді алып, бағынысты жедел тұлға оны қайталайды, ал өкім берген жедел тұлға өкімді орындаудың дұрыстығын бақылайды. Өкімді алған жедел тұлға өкім берген тұлғадан растау алғаннан соң ғана оны орындауға кіріседі.
60. Белгілі бір генерациялайтын қондырғыға қатысты өкімді алғаннан кейін дереу энергия өндіруші ұйым өкімді қабылдағанын телефонмен ресми растайды немесе оны қабылдамаудың себептерін негіздейді. Өкім персоналдың қауіпсіздігі мақсатында немесе өкімнің заңсыздығына байланысты ғана қабылданбайды.
61. Жұмысты жүргізу қауіпсіздігіне немесе электр қондырғылары жабдықтарының зақымдану қатеріне байланысты күтпеген жағдайлар туындаған кезде жергілікті персонал бұл туралы дереу жүйелік оператордың диспетчеріне телефонмен хабарлайды.
62. Диспетчердің өкімдерін берген және орындаған кезде барлық басқару деңгейіндегі жедел персонал электр энергетикасы саласындағы тиісті нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
63. Егер желіні пайдаланушы жүйелік оператор берген өкімді орындай алмаса, ол осы туралы жүйелік операторға телефон арқылы дереу хабарлайды.
64. Жүйелік оператор мән-жайларды, себептерді, қабылданған шараларды жедел журналда толығымен тіркейді.
65. Жүйелік оператор мен пайдаланушылар арасындағы барлық жедел байланыс телефон арқылы жүзеге асырылады. Жүйелік оператор мен пайдаланушы арасындағы барлық жедел байланыс түрлері істен шыққан жағдайда соңғысы жүйелік оператормен байланыс орнатуға әрекет жасайды. Байланыс қалпына келтірілгенге дейін желіні пайдаланушы жүктемені тәуліктік кестедегі тапсырмаға немесе жүйелік оператордың соңғы өкімдеріне сәйкес ұстап тұрады.
66. Тікелей телефон байланысы жоғалған кезде мүдделі тараптар қажетті құралдардың көмегімен байланысты қалпына келтіру үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
67. ЖО ҰДО мен ӨДО арасында байланыс болмаған жағдайда ЖО ҰДО нұсқаулықтарына сай орталықтандырылған диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру қолданылады.
68. Басқаруды ЖО ҰДО-дан ӨДО-ға табыс ету қажет болған жағдайда соңғысы өзі басқаратын өңірде диспетчерлік функцияларды орындау жөніндегі барлық жауапкершілікті өзіне қабылдайды. Өңір желісінің барлық пайдаланушылары ӨДО өкімдерін орындайды.
69. Байланыс қалпына келтірілгеннен кейін ӨДО ЖО ҰДО-ға байланыс болмаған уақытта жүйеде болған барлық өзгерістер туралы хабарлайды.
5. Жиілік пен қуат ағындарын реттеу
70. Қазақстан БЭЖ-дегі атаулы жиілік 50 Гц-ке тең. Электр энергиясының сапа нормаларын қамтамасыз ету үшін режимді жүргізген кезде Қазақстан БЭЖ-нің жиілігі тәуліктің кемінде 95 % уақытында 50+-0,2 Гц-тен кем емес шекте, рұқсат етілетін 50+-0,4 Гц шегінен шықпайтындай болуы тиіс.
71. Қалыпты режимде жиілікті және/немесе келісімшарттық мемлекетаралық сальдо-ток ағынын қолдау электр желіні пайдаланушылардың бекітілген тәуліктік кестесін сақтауы арқылы жүзеге асырылады.
72. Жүйелік оператор қалыпты режимде Қазақстан БЭЖ-де басқа мемлекеттердің жиілікті реттейтін бірлестіктерімен бірге жиілікті немесе мемлекетаралық сальдо-ток ағынын реттеу жөнінде іс-қимылдарды үйлестіруді жүзеге асырады.
73. Жүйелік оператор технологиялық бұзылыстар туындаған кезде осы Қағидаларға сәйкес оларды жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Желіні пайдаланушылар жүйелік оператор берген нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
74. Қазақстан БЭЖ-дегі өндіруші қуатты авариялық азайтқан кезде генерациялайтын қондырғылары бар, кернеуі 10 кВ және 35 кВ желіге қосылған электр станцияларын, жүйелік оператордың үйлестірумен 35 кВ және одан жоғары желіге тікелей қосылған тұтынушыларды қоса алғанда, энергия өндіруші ұйымдардың жедел персоналы:
1) жылу және су электр станцияларында айналмалы резервті жұмылдыру есебінен, оның ішінде ПУЛ арқылы жиілік пен берілген мемлекетаралық сальдо-ток ағындарын қалпына келтіреді;
2) өндіруді авариялық азайтқан электр станциясындағы немесе өзара резервтеу шарттары бар электр станцияларында салқын резервті, оның ішінде ПУЛ арқылы ұлғайтады;
3) қуат резервтері таусылған кезде өндіруді авариялық азайтқан өндіруші жүктемесінің тұтынушылары үшін шектеу енгізеді;
4) шектелген желі пайдаланушыларын электрмен жабдықтауды резервтің ұлғайтылуына қарай қалпына келтіреді.
75. Қазақстан БЭЖ-де жиілік пен ағындардың нормаланған және жалпы бастапқы, қайталама мен үшінші реттеу ұйымдастырылады, оған мыналар кіреді:
1) реттемелі қуаттың қажетті резервтерін орналастыру;
2) автоматтық (немесе жедел) қайталама реттеуді жүзеге асыру жолымен энергия жүйесінің ағымдағы режимін басқару, сондай-ақ бастапқы және қайталама реттеудің қажетті шамасы мен оның орналастырылуын жедел қолдау.
76. Жиілікті бастапқы реттеуді барлық электр станциялар бар мүмкіндіктеріне қарай, қазандықтардың өнімділігін реттеу жүйелерін қолдау кезінде техникалық қағидалармен берілген турбиналардың жылдамдығы реттегіштерінің сипаттамаларына байланысты және қолданыстағы нормативтерге сәйкес және авариялық ауытқыған жиіліктер кезінде тұтынушыларды электрмен жабдықтауды және электр станциялардың жұмыс істеуін сақтап қалу мақсатында жүзеге асырылады.
77. Нормаланған бастапқы реттеуді нормаланған бастапқы реттеудің бөлінген электр станциялары (энергоблоктары) жүзеге асырады, онда бастапқы реттеудің резервтері жоспарланған және тұрақты қолдауға ие болады, оларды бастапқы реттеудің берілген сипаттамаларына (шамаларына) сәйкес тиімді пайдалану қамтамасыз етілген.
78. Нормаланған бастапқы реттеу мақсаттары үшін жүйелік оператордың талаптарын қанағаттандыратын электр станциялары тартылады. Нормаланған бастапқы реттеу үшін бөлінбеген барлық электр станциялары жалпы бастапқы реттеуге қатысады. Айрықша жағдайларда жүйелік оператор электр қондырғылары жабдықтарының техникалық ақаулары немесе орнықсыз жұмыс кезінде генерациялайтын қондырғылардың жиілікті реттеуге қатыспауына уақытша рұқсат береді.
79. Қайталама реттеу активті қуатты өзгерту жолымен, автоматты түрде немесе жедел, туындаған қуат теңгерімсіздігінің орнын толтыру, транзиттік байланыстың асқын жүктемелерін жою, жиілік пен берілген ағындарды қалпына келтіру және соның салдарынан бастапқы реттеу іске қосылған кезде жұмсалған бастапқы реттемелі қуаттың резервтерін қалпына келтіру үшін осы мақсатқа арнайы бөлінген электр станциялары жүзеге асырады.
80. Үшінші реттеу қайталама резервтің таусылуына қарай оны қалпына келтіру мақсатында электр станцияларының қуатын өзгерту жолымен жүзеге асырылады.
81. Қуат резервін және нормаланған бастапқы реттеуді жұмылдыру уақытын жүйелік оператор белгілейді.
82. Жалпы бастапқы реттеу қуатының резерві Қазақстан БЭЖ-і электр станцияларының жалпы иелік қуатының кемінде 2,5 %-н құрауы және барынша көп мөлшердегі генераторлар арасында таралуы тиіс.
83. Жалпы бастапқы реттеудің сезімтал емес аймағы +-0,20 Гц-тен аспауы тиіс. Энергоблоктардағы жалпы бастапқы реттеу жүйесінің статизмі жиілік +-0,4 Гц-ке ауытқыған кезде барлық белгіленген бастапқы резервтің берілуін қамтамасыз етуі тиіс.
84. Қазақстан БЭЖ-нің статикалық жиілікті сипаттамасының құлдилауы жиіліктің белгілі бір ауытқуы кезінде энергия жүйесінде туындайтын бастапқы реттемелі қуаттың шамасы - жүйелік сынақтар мен авариялық теңгерімсіздіктерді мониторингілеу негізінде айқындалады, осындай деректер болмағанда 1 Гц-ке (МВт/Гц) шаққандағы тұтыну шамасынан 4 %-ға тең болып қабылданады.
85. Қазақстан БЭЖ-нің жиілігі мен қуат ағындарының сальдосын реттеу объектісімен тұйық контурда немесе қолымен шынайы уақыт режимінде жұмыс істейтін орталық, біріккен (пропорционалды біріккен) автоматтық жиілік және қуат реттегішімен жүзеге асырылады.
86. Қазақстан БЭЖ-де қайталама электр қуатының шамасын жүйелік оператор белгілейді және қуат теңгерімсіздіктерінің тұрақсыз тербелістерін өтеу, жүктеме кестесінің ауыспалы бөлігі сағаттарында қуат теңгерімін реттеу қателігін өтеу, сондай-ақ ең ірі агрегат қуатынан кем емес өндіру немесе тұтынудың ең ықтимал авариялық шығынын, яғни Қазақстан БЭЖ-дегі ағымдық тұтынудың 8 %-на дейінгі ауытқуын өтеу үшін жеткілікті болуы тиіс. Энергия жүйесінің жекелеген бөліктерін Қазақстан БЭЖ-мен байланыстыратын электр жеткізу желілеріндегі тораптың шекті өткізу қабілеті жағдайында энергия жүйесінің осы бөліктеріндегі авариялық өндіру шығыны резервіленеді. Электр қуатының қайталама резервін орналастыру Қазақстан БЭЖ-нің жекелеген бөліктеріндегі тораптың өткізу қабілеті бойынша шектеулерді ескере отырып жүзеге асырылады.
87. Қайталама реттеу 15 минуттан аспайтын уақыт ішінде туындаған теңгерімсіздікті толық өтеуді (немесе бастапқы реттеу резервін қалпына келтіруді) қамтамасыз етуі тиіс.
88. Қайталама реттеу жүйесі бастапқы реттеу әрекетіне кедергі келтірмеуі тиіс.
89. Қазақстан БЭЖ-дегі үшінші резерв шамасын жүйелік оператор белгілейді және қайталама реттеудің берілген көлемде және жиілік пен ағындардың талап етілетін реттеу сапасында тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс.
90. Үшінші реттеу 60 минуттан аспайтын уақыт ішінде қайталама резервті толық қалпына келтіруді, сондай-ақ резерв енгізу себептерін жою үшін қажетті уақытқа қуат беруді қамтамасыз етуі тиіс.
91. Жиілікті реттеуге қатысатын электр станцияларындағы генерациялайтын қондырғылардың қуатын өзгерту және өндіру кезінде энергия жүйесіндегі жиіліктің өзгеруінен электр станциясының жедел персоналы адамдардың өміріне қатер төндіретін және электр қондырғылары жабдықтарының зақымдану жағдайларынан басқа өндірудің ұлғаюына/кемуіне кедергі келтірмейді.
92. Электр станциялары енгізілген турбиналар айналысының жылдамдық реттегіштерімен қалыпты жұмыс істейді. Электр станциялары турбиналар айналысының жылдамдық реттегіштері жұмысының режимін жүйелік оператормен келіседі.
93. Турбиналардың айналу жылдамдығын реттеуіштердің статизмі 5 %-дан аспайды.
94. Турбиналардың жылдамдығын реттеуіштерді сезімтал емес аймағы 0,2 Гц жоғары болмайды.
95. Қазақстан БЭЖ-нің бөлігін оқшауланған жұмысқа бөлген жағдайда жоғарыда берілген талаптар энергия жүйесінің бөлінген бөлігі үшін күшін сақтайды. Жедел диспетчерлік басқарудың бірінші кезектегі міндеті бөлінген бөліктің Қазақстан БЭЖ-мен қатарлас жұмысын қалпына келтіру болып табылады.
96. Жүйелік оператор желі пайдаланушыларының осы бөлімде көрсетілген техникалық талаптарды орындау мониторингін жүзеге асырады.
6. Рұқсат етілетін қуат ағындарын таңдау
97. Рұқсат етілетін ағындар активті қуат шамасы бойынша бақыланады және барынша көп және авариялық болып бөлінеді. Энергия жүйелерінің орнықтылығы жөніндегі басшылық нұсқаулар рұқсат етілетін ағындардың есептеулеріне қойылатын талаптарды айқындайтын негізгі нормативтік құжат болып табылады.
Статикалық орнықтылық жөніндегі нормативтік қорлар (белсенді қуат пен кернеу бойынша қорлар коэффициенттері), рұқсат етілетін ағындарды таңдау жөніндегі есептеулерді жүргізу энергия жүйелерінің орнықтылығы жөніндегі басшылық нұсқауларға сәйкес келуі тиіс.
98. Барынша көп рұқсат етілетін ағындар мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) қалыпты және жөндеу схемалары үшін нормативтіктен кем емес статикалық орнықтылық бойынша қорды қамтамасыз ету;
2) авариядан кейінгі режим үшін нормативтіктен кем емес статикалық орнықтылық бойынша қорды қамтамасыз ету;
3) нормативтік қоздырулар кезінде серпінді орнықтылықты қамтамасыз ету;
4) электр жеткізу желілері мен электр қондырғылары жабдықтарының сымдарын токтық жүктемелеу шамасы ұзақ рұқсат етілетін мәндерден аспауы тиіс;
5) электр станцияларының АЖР мен ЖДА жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін тапшы энергия тораптарын барынша жоғары рұқсат етілетін ағындар энергия торабының оны Қазақстан БЭЖ-нен авариялық бөлектеу кезіндегі тапшылығын кемітуге жұмыс істейтін аварияға қарсы автоматиканы ескере отырып, энергия тораптың тұтыну шамасынан 45 % аспауы тиіс. (Ртұтыну - ПА) + ПА, мұнда Ртұтыну - энергия торабының тұтынуы, ПА - тұтынушыларды ажыратуға арналған ПА көлемі.
Барынша көп рұқсат етілетін ағын жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша айқындалған шамалардың ең аз мөлшері бойынша таңдалады.
99. Авариялық рұқсат етілетін ағындар мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) қалыпты және жөндеу схемалары үшін авариядан кейінгі режим нормативінен кем емес статикалық орнықтылық бойынша қор қамтамасыз етілуі тиіс;
2) электр қондырғыларының жабдықтарын токтық асқын жүктемелеу шамасы 20 минут ішінде рұқсат етілетін мәндерден аспауы тиіс.
Авариялық рұқсат етілетін ағын жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша айқындалған шамалардың ең аз мөлшері бойынша таңдалады.
100. Статикалық орнықтылық ең аз қоздыру кезінде жұмыстың бастапқы режимін өздігінен қалпына келтіре алатын жүйенің қабілеттілігі деп түсініледі.
Статикалық орнықтылықтың қоры Кр және Кu коэффициенттерімен сипатталады, ол мынадай формулалар бойынша айқындалады:
мұндағы Р - бастапқы режимде қаралатын қима арқылы өтетін белсенді қуат; Рпр - статикалық орнықтылық шегіндегі режимдегі дәл сол;
дельта Р - осы қимадағы белсенді қуаттың тұрақты емес тербелістерінің амплитудасы.
мұндағы U - жүктеме торабындағы бастапқы режимдегі кернеу; Uкр - сол торапта, тиісті шекарадан төменірек жерде қозғалтқыштың статикалық орнықтылығының бұзылуы салдарынан болатын орнықсыз кернеу.
Активті қуат пен кернеу жөніндегі қор коэффициенттерінің мәні басшылық нұсқауларында талап етілетіндерден төмен болмауы тиіс:
жоғары рұқсат етілетін ағындар кезінде Кр = 0.2, Кu = 0.15;
авариялық рұқсат етілетін ағындар кезінде Кр = 0.08, Кu = 0.10.
101. Серпінді орнықтылық режим кенеттен бұзылған жағдайда жұмысты одан әрі жалғастыра алатын жүйенің қабілеттілігімен айқындалады. Нормативтік қоздырулар аварияға қарсы басқаруды ескере отырып, қимада барынша жоғары рұқсат етілген режимде серпінді орнықтылықпен қамтамасыз етілуі тиіс:
қалыпты схема үшін:
1) сәтсіз автоматтық қайталама қосумен жердегі екі фазалы қысқа тұйықталатын желі элементтерін ажырату;
2) бір ажыратқыштың істен шығуына байланысты бір фазалы КЗ желі элементін ажыратқыштың істен шығуы мен сәтсіз автоматтық қайталама қосу кезінде резервтеу құрылғысының іс-әрекетімен ажырату;
3) жалпы тіреулерге монтаждалған екі тізбекті желінің екі тізбегін және барынша қысқа желінің ұзындығынан асатын жалпы дәлізде орналасқан екі желіні бір мезгілде ажырату;
4) жоғары кернеу жағында жалпыға бірдей ортақ ажыратқышы бар генератордың немесе блоктың ажыратылуы салдарынан қуаттың авариялық теңгерімсіздігінің туындауы.
Жөндеу схемасы үшін:
сәтсіз АҚҚ-мен жердегі екі фазалы КЗ желі элементін ажырату;
бір ажыратқыштың істен шығуына байланысты бір фазалы КЗ желі элементін ОВРҚ іс-әрекетімен және АҚҚ-мен ажырату;
біртұтас энергетикалық жүйеде неғұрлым ірі генератордың ажыратылуы салдарынан қуаттың авариялық теңгерімсіздігінің туындауы.
102. Статикалық орнықтылық бойынша қорларға қойылатын талаптар:
қалыпты режимдерде:
1) желінің аталған схемасы үшін кез-келген қимада активті қуат қорының коэффициенті кемінде 20 % құрайды;
2) энергия жүйесінің барлық тораптарында кернеу қорының коэффициенті кемінде 15 % құрайды;
3) қаралып отырған режимде Pm кез келген қимадағы қуат ағыны сол қимадағы ағынның серпінді орнықтылығының шегінен аспайды, сол қимада
серп.
Pm ≤Pпр,
серп.
мұндағы Рпр - аталған схема үшін барынша ауыр нормативті қоздыру кезіндегі серпінді орнықтылық шегі.
Авариядан кейінгі режимдерде:
4) нормативтік қозулар нәтижелерінде туындаған авариядан кейінгі режимдер кезінде белгіленген кез келген белсенді қуат жөніндегі қордың коэффициенті кемінде 8 %;
5) әрбір торапта және нормативтік авариялық режимдердің әрқайсысында кернеу қорының коэффициенті кемінде 10 %.
Қимада авариялық рұқсат етілетін ағынға барынша көп жүктеме өтетін уақытта, бірақ 40 минуттан аспайтын мерзімде немесе тұтынушыларға шектеу енгізу үшін қажет болатын уақытта, ал авариядан кейінгі режимде, сондай-ақ резервті жұмылдыруға (оның ішінде суықтай) қажет болатын уақытта көшу иелігінде немесе басқаруында аталған қима бар диспетчерлік орталықтың жедел журналында жазбамен ресімделеді. Авариялық рұқсат етілетін ағынмен жұмыс істеу кезінде АЖР мен ЖДА нормативтік қоздырулары мен тиімділігі кезінде орнықтылығы қамтамасыз етіледі.
7. Кернеуді реттеу
103. Қазақстан БЭЖ-дегі 220-500-1150 кВ электр тораптарындағы кернеуді реттеу міндеті мыналар болып табылады:
1) тұтынушыда талап етілетін кернеу сапасын МЕМСТ 13109-97 сәйкес қамтамасыз ету;
2) электр станциялары мен тораптарының жабдықтары үшін қолжетімді мәндегі кернеу деңгейлерін қамтамасыз ету;
3) электр станциялары мен тұтастай Қазақстан БЭЖ-нің орнықтылығы мен сенімді қатарлас жұмысын қамтамасыз ету;
4) электр тораптарындағы электр энергиясын тасымалдауға кететін шығындарды азайту.
104. Орнын толтыратын құрылғыларға жөндеулерді уақтылы жүргізу, рұқсат етілетін кернеу деңгейлерін қамтамасыз ету талаптары бойынша электр жеткізу желілерінің резервіне шығарылатындардың санын қысқарту, ӘЖ-ні коммутациялау жөніндегі операцияларды жүргізу, мейлінше төмен жүктемелер режимдерінде электр жабдықтары оқшауламасының мүмкіндігін толығымен пайдалану мақсатында 500 кВ сыныптағы электр жабдығында кернеудің барынша ұзақ рұқсат етілетін жұмыс кернеуінен (525 кВ) ұзақ ауытқуына осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес жол беріледі.
105. Қазақстан БЭЖ-нің электр тораптарындағы кернеуді реттеу тәсілдері:
1) электр станцияларындағы генераторларды қоздыруды автоматтық өзгерту;
2) шунтталатын ҚС 1150-35 кВ реакторларды ажырату-қосу;
3) автотрансформаторлар мен кернеуді реттеу құрылғысымен (РПН, ПБВ) бірге трансформаторлар анцапфтарының орнын өзгерту, вольт қосатын трансформаторлармен, фаза бұратын трансформатормен реттеу;
4) жүйеаралық байланыстар бойынша белсенді және реактивті қуаттың ағынын өзгерту;
5) 110-1150 кВ жүктелмеген электр жеткізу желілерін резервке шығару;
6) 500 кВ желілік реакторды жұмысқа қосумен бірге 500 кВ ӘЖ-ны резервке шығаратын желілік айырғышты ажырату (немесе ЛР жоқта ӘЖ-ның сүйреткісін ашу);
7) барлық жоғарыда келтірілген әдістер таусылған кезде тұтынуды шектеуді енгізу қолданылады.
106. Жүйелік оператор ҰЭТ-да, энергия беруші ұйымдар өңірлік электр желілерінде кернеуді реттеуді орындайды.
107. Автоматтық қоздыру реттегіштері (АҚР) жұмысқа тұрақты түрде қосылып тұруы тиіс. АҚР немесе олардың жеке элементтерін ажыратуға (мейлінше төмен қоздыруды шектеу) тек қана жөндеу не тексеру үшін жол беріледі.
АҚР-ды баптау мен қолдану генераторлардың (синхронды орын толтырушылардың), автоматиканың жалпы станциялық және жүйелік құрылғыларының рұқсат етілген режимдерімен байланыстырылуы тиіс.
108. Егер генерациялайтын қондырғының АҚР-ы болмаса немесе АҚР-ды баптау генератордың орнықты жұмысын қамтамасыз етпесе, жүйелік оператор генерациялайтын қондырғының жұмысына шектеуді Қазақстан БЭЖ-нің сенімділігін қамтамасыз ету үшін, генерациялайтын қондырғыны ажыратуға дейінгі дәрежеде жасайды.
109. Қазақстан БЭЖ-нің электр тораптарындағы кернеуді реттеу бақылау пункттерінде бекітілген кернеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бақылау пункттерінің тізбесін жүйелік оператор мен желілік компаниялар электр қондырғыларының жабдықтарын диспетчерлік басқару тәсілі бойынша таратуға сәйкес және осы пунктте кернеу деңгейінің тораптағы орнықтылық пен шығындарға әсер ету дәрежесіне байланысты тағайындайды.
Бақылау пункттері үшін кернеу кестелері тоқсанына кемінде бір рет әзірленеді және қажет болған жағдайда режимді қысқа мерзімдік жоспарлау кезінде түзетіледі.
Кернеу кестелері реактивті қуатты оңтайландыру бойынша Қазақстан БЭЖ-нің электр торабы режимдерін есептеу негізінде әзірленеді. Есептеулерді оңтайландыру өлшемі - қалыпты кернеу деңгейлерін қамтамасыз еткен кезде тораптағы активтің тасымалдауына кететін шығынды мейлінше азайту.
Кернеу кестесінде мыналар көрсетілуі тиіс:
1) бақылау пункттеріндегі кернеудің оңтайлы деңгейлері;
2) кернеудің төмендеуінің авариялық шегі;
3) автотрансформаторлар мен трансформаторлар анцапфтарының РПН (ПБВ) орналасуы (АТ-500/220 кВ тізбесі, анцапфтардың орналасу орнын ЖО ҰДО белгілейді);
4) тұрақты іске қосылған реакторлардың саны;
5) коммутацияланатын реакторлардың саны.
8. Электр желілерінде ауыстырып қосуларды жүзеге асыру
110. Электр желілерінде ауыстырып қосулар электр қондырғыларындағы ауыстырып қосулар жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Жүйелік оператор электр қондырғыларының жабдықтары мен электр жеткізу желілерін диспетчерлік басқару тәсілі бойынша таратуға сәйкес оның жедел басқаруындағы электр желілерін ауыстырып қосулар жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді, электр қондырғыларын жоспарлы және жоспардан тыс ажыратулар жағдайында электр қондырғыларының жабдықтарын және/немесе құрылғыларын ажыратуға рұқсат береді.
9. Аварияға қарсы автоматиканы қолдану
111. Қазақстан БЭЖ-дегі немесе оның жекелеген бөліктеріндегі аварияға қарсы автоматика мынадай мақсаттарға арналған:
1) авариялық жағдайларды оқшаулау;
2) авариялық жағдайларды жою;
3) едәуір аумақта тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың бұзылуымен қатар жүретін жүйелік авариялардың алдын алу. Автоматика автоматты түрде қайта қосуды, автоматты түрде резервті енгізуді, автоматты түрде қоздыруды реттеуді, жиілік пен белсенді қуатты автоматты түрде реттеуді (ағынды автоматты түрде шектеумен бірге) қоса алғанда, релелік қорғаумен және энергия жүйесіндегі автоматты басқарудың басқа құралдарымен өзара іс-әрекетте болады.
112. Аварияға қарсы автоматика жүйесі мына функцияларды орындайтын шағын жүйелерден тұрады:
1) орнықтылықтың бұзылуын автоматты түрде алдын алу;
2) асинхрондық режимді автоматты түрде жою;
3) кернеудің жоғарылауын автоматты түрде шектеу;
4) кернеудің төмендеуін автоматты түрде шектеу;
5) жиіліктің төмендеуін автоматты түрде шектеу;
6) жиіліктің жоғарылауын автоматты түрде шектеу;
7) жабдық жүктемесін автоматты түрде босату.
113. Аварияға қарсы автоматиканың әрбір шағын жүйесі аварияға қарсы басқарудың белгілі бір міндеттерін орындайтын жекелеген қарапайым немесе күрделі автоматикалардан не аварияға қарсы автоматика құрылғыларынан тұрады.
114. Қазақстан БЭЖ-нің аварияға қарсы автоматиканың басқарушылық жоғарыда әсер етулеріне теңгерім тиесілігіне қарамастан, желіні пайдаланушылардың электр қондырғыларының жабдығы тартылады.
115. Қазақстан БЭЖ-нің не оның жекелеген өңірлерінің іргелес мемлекеттердің энергия жүйесімен қатарлас жұмысы режимінде Қазақстан БЭЖ-нің аварияға қарсы автоматикасы аралас энергетикалық бірлестіктерде құрылатын басқарушылық әсер етулерді құра алады, сондай-ақ өз кезегінде аралас энергетикалық бірлестіктерде құрылған басқарушылық әсер етулерді атқара алады.
116. Генераторларды автоматты ажырату (ГАА) басқарушылық әсер ету ретінде орнықтылықтың бұзылуының автоматты түрде алдын алу, асинхрондық режимді автоматты түрде жою, кернеудің жоғарылауын автоматты түрде шектеу, жабдықтарды автоматты түрде босатудың шағын жүйелерінде қолданылады.
117. ГАА блоктық жылу электр станцияларында мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) электр гидравликалық түрлендіргіш пен турбинаны басқару тетігіне әсер ету арқылы турбиналарды ішінара не толық босату;