17) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық атқарушы органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда
21-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің, осы Заңда көзделген шектеулер ескеріле отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 наурызға дейін 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңының 2-бабының редакциясында қолданылды
2-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға жасы бойынша зейнетақы төлемдері:
1) егер жасы бойынша зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген көлемде;
2) осы Заңның 15-бабына сәйкес есептелген жасы бойынша зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жасы бойынша зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда
22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу
1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасалған күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінан уақтылы алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.
23-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу
1. Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан зейнетақының артық төленген сомаларын алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiн.
2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргізіледі.
3. Төленуге тиiс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.
3-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-баптың тақырыбы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 24-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.
4-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
5) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьялар үшін босатылады.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және (немесе) жастар практикасына жіберген жұмыссыз азаматтар үшін босатылады.
5-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
6-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай мәніндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тармақтың бірінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға аударылады:
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында аталған тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 5) тармақшасында аталған дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өзінің пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
7) сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
8) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-тармақтың қолданысы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-1-бабының редакциясында қолданылады
8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
10. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылуға жатады.
Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдардың сомаларын - бұрынғы жұмыскерлер, ал олар қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
11. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.
3. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:
1) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын аудару фактісі анықталған;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер келіп түскен;
4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімдердің күшін жою немесе оларды жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшін өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салықтық кезеңнің әрбір айы үшін есептелетін міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.
Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ дара кәсіпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын кіріс алатын кіріс болып табылады.
Кіріс болмаған жағдайда, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңына сәйкес бесінші және алтыншы абзацтар 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында аталған бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 46,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 42,0 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,0 пайызды құрайды.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 маусымнан 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ 74-баптың 2-2-тармағының редакциясында қолданылды
4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.