28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агент ретінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес айқындалған салық агенттері қарастырылады.
Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі - салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысына және (немесе) еңбекақыны (табысты) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаспен көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;
30) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары -еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi;
33) 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) пруденциялық норматив - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленетiн экономикалық талаптар;
36) сақтандыру ұйымы - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының қайта жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аударымды жүзеге асыру үшін пайдалануға немесе, егер Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға шыққан, сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, шығу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болса, сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
37-1) уәкілетті оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;
38) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
40) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) үлестес тұлғалар - шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнің) қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында ұлттық басқарушы холдингтiң болуы тұлғаларды бiр-бiрiне қатысты үлестес деп айқындау үшiн негiз болып табылмайды.
2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Респуликасының аумағында уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2-тармақ 2018 ж. 1 шілдеден бастап 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттігі тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес жыл сайын қайта есептеледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:
1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
2-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2018 ж. 1 шілдеден бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңдері;
3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күткен уақыт;
5) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
8) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) бөгденің көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедектігі бар адамға, ІІ топтағы жалғызбасты мүгедектігі бар адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт;
10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
3. Ең төмен зейнетақы мөлшері «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
5. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 4-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған, сондай-ақ осы Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылған күннен бастап осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған, инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
1) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;
3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;
4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;