республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл жасау;
терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында есепке қойылған және таратылатын отандық және шетелдік теле-, радиоарналардың тізілімін жүргізу және оны интернет-ресурста жариялау;
телерадио хабарларын тарату операторларының есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды тарату бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;
мәдениет, ақпарат, мұрағат, тілдерді дамыту саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
4) Министрліктің жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;
5) Министірліктің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, көрмелерді, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұыймдастыру және өткізу;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметі өз бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) жауапты хатшының келісімімен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Министрліктің мүлкi
24. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
18. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
22. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
23. «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
24. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
25. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
26. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
27. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
28. ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті
1. «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Арна-Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы.
3. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы.
4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.
5. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.
6. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
7. «Казахстанская правда» республикалы» газеті» акционерлік қоғамы.
8. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
9. «Қазконтент» акционерлік қоғамы.
10. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
11. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
12. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
13. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
14. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және оның ведомстволарының
қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
1. «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7 «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті
1. «Орталық мемлекеттік мұрағат» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Ұлттық археография және мәліметтану орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 (бұр.ред.қара); 2005.17.11. № 1132 (бұр. ред. қара); 2006.29.03. № 211 (бұр.ред.қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 1313 ; 2007.03.09. № 763 (бұр ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 610 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 32 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 675 қаулысымен тізбемен толықтырылды
Тізбе. ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
«Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі» деген бөлiмнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi»;
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі» деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгінiң Спорт iстерi комитетi»;
реттiк нөмiрi 517-1-жолда «Алматы қаласы» деген сөздер «Астана қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне» деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне».
4. «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 18, 229-құжат):
тақырыпта және мәтiнде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешімдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 17, 184-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 505-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 2-құжат).
5. «Туристiк қызметті лицензиялау мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 ақпандағы № 179 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 71-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 250-құжат).
7. «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгінiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 мамырдағы № 706 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 251-құжат).
8. «Достық» оқу-спорт кешенi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 997 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 332-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi № 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 362-құжат).
10. «Қазспортқамтамасызету» басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 363-құжат).
11. «H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 285 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 84-құжат).
12. «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 наурыздағы № 323 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 102-құжат).
13. «Туристік қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1213 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 428-құжат).
ҚР Үкіметінің 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулысымен 14-тармақ өзгертілді
14. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Орталық жүзу бассейнi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1253 қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы
15. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 ақпандағы № 251 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 58-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 наурыздағы № 343 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 81-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Қазинтерспорт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы.
18. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнiң «Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 19, 203-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 99 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 4, 50-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 261-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 872 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 356-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 386-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 477-құжат).
24. «Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 480-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы № 151 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 7, 91-құжат).
26. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігiнің «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 8, 100-құжат).
28. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 234 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 25-құжат).