Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң жекелеген кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 1132 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Гүлдер» ансамблi», Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Қазақконцерт» мемлекеттік гастрольдiк-концерт бiрлестiгi» және Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ әуендерi» акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының азаматтары - өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершiлiкке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халықтық музыкалық-поэзия шығармашылығының шығармашылық жетiстiктерiн, қазiргi заманғы сазгерлердiң туындыларын, әлем мәдениетiнiң үздiк үлгiлерiн насихаттау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын берудi;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 17 қарашадағы
№ 1132 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі, № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-66-жолмен толықтырылсын:
«21-66. «Қазақ әуендерi» АҚ».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетiне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-25-жолмен толықтырылсын:
«224-25. «Қазақ әуендерi» АҚ».
4. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)