Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 99 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Спopттық peзеpвтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгінiң Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, соның iшiнде олимпиада резервiн және республиканың ұлттық құрама командаларының мүшелерiн даярлауды жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |