546-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Мыналар:
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тұрғылықты жерін тіркеген кезде:
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары;
репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) аң аулау құқығына рұқсат беру немесе оны ұзартқан кезде -аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар;
3) қылмыстық істе азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;
4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру кезінде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;
«Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
547-бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі
1. Мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленеді.
2. Мемлекеттік баж:
1) сот қарайтын істер бойынша - тиісті арыздар (шағымдар) немесе сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін берген кезде;
2) нотариаттық іс-әрекеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін, телнұсқаларын бергені үшін - жасалған нотариаттық іс-әрекетті тіркеген кезде;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгізгені үшін, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәліктер бергені үшін - оларды берген кезде;
4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркегені үшін - актілерді тіркеген кезде;
5) азаматтардың тұрғылықты жерін тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенге дейін;
8) аң аулау құқығына рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
10) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты істер бойынша - тиісті құжаттарды алғанға дейін;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін - апостиль қойғанға дейін;
14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның инновациялық патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
3. Мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке жазылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.
5. Мемлекеттік баждың қолма-қол ақшамен қабылданған сомасын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
548-бап. Төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтару
1. Төленген мемлекеттік баж сомасы:
1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көбірек мөлшерде енгізілген;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) істі аралық сотқа жіберген;
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасаған;
2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкілетті адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тартқан;
3) іс жүргізу тоқтатылған немесе, егер іс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы істер санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешудің тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
4) мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасаған органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Мемлекеттік баж:
1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;
2) талапкер өз талаптарын азайтқан;
3) іс тараптардың бітімгерлік келісімімен аяқталған жағдайларда, қайтарылмайды.
2. Салық қызметі органы мемлекеттік бажды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты салық төлеушіден алғаннан кейін, егер аталған құжаттар салық қызметі органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілген болса, төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару туралы салықтық өтінішті қарайды.
3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық қызметі органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық қызметі органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.
6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық қызметі органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.
7. Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық қызметі органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.
§ 2. Консулдық алым
549-бап. Жалпы ережелер
Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем.
550-бап. Консулдық алым төлеушілер
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес шетелдік заңды тұлғалар, осы Кодекстің 521-бабында көзделген консулдық іс-әрекеттер өздерінің мүдделері үшін жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушілер болып табылады.
551-бап. Алу объектілері
Консулдық алым мынадай консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу;
2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;
4) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін ресімдеу;
5) шетелге тұрақты тұруға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерге ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) берілген балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қою;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу;
7) азаматтық хал актілерін тіркеу;
8) құжаттарды талап ету;
9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;
10) нотариаттық іс-әрекеттер жасау;
11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;
12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;
13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;
14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;
15) кемені шетелден сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығына куәлік беру, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты декларациялар мен басқа да құжаттар толтыру және куәландыру;
16) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 552-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
552-бап. Консулдық алым ставкалары
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, консулдық алымдар ставкаларының ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерiн, сондай-ақ жеделдету үшiн консулдық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставкалар мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
553-бап. Консулдық алым төлеуден босату
Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 542-546-баптарында көзделген жағдайларда;
2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сауал салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшін;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) мыналарға:
Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
қызметтiк iстер бойынша шығатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтiк немесе ұлттық паспорт иелерi - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiне;
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін;
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мыналарға:
Қазақтан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін пысықтағаны және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқау жібергені үшін;
инвесторлық визаларды пысықтағаны үшін;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтiнiштерiн пысықтағаны және Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқау жiбергенi үшiн;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
6) мыналарға:
Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері - шетелдіктерге;
16 жасқа дейінгі балаларға;
Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;
инвесторлық визаларды;
қызметтік визаларды;
дипломатиялық визаларды бергенi үшiн;
7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;
8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде анықтамалар бергені үшін;
10) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;
12) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
13) шетелде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға заңды маңызы бар анықтамалар бергені үшін алынбайды.
554-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі
1. Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық іс-әрекеттерді төлеуші консулдық алымды төлегеннен кейін жүзеге асырады.
3. Ставкасы АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.
4. Консулдық алым:
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің бюджетіне немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
Қолма-қол ақшамен қабылданған консулдық алым сомасын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;