5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшін - 200 процент;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшін - 100 процент;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әр куәлікке 100 процент;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті бергені үшін - 100 процент;
9) мүлікті пайдалану мен иелену құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 50 процент;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 100 процент;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 200 процент;
12) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін:
жеке тұлғалар үшін - 10 процент;
заңды тұлғалар үшін - 50 процент;
13) мұрагерлік мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін - 100 процент;
14) теңіздік наразылық білдіргені үшін - 50 процент;
15) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне):
жеке тұлғалар үшін - 5 процент;
заңды тұлғалар үшін - 10 процент;
16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 3 процент;
заңды тұлғалар үшін - 10 процент;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға бергені үшін - 20 процент;
18) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін - 20 процент;
19) телнұсқа бергені үшін - 100 процент;
20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 10 процент;
заңды тұлғалар үшін - 50 процент;
21) жылжымайтын мүлік кепілі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшін - 200 процент; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін - 700 процент;
22) вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін - 50 процент;
23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін - әр айға 10 процент;
24) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін - 50 процент;
25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасағаны үшін - 20 процент.
537-бап. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін мемлекеттік баж ставкалары
1. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін мынадай мөлшерде:
1) некеге тұруды тіркегені үшін - 100 процент;
2) некені бұзуды тіркегені үшін:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 200 процент;
сот шешімі негізінде - 150 процент (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен);
белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде - 10 процент;
3) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерткенін тіркегені үшін - 200 процент;
осы негізде берілген жұбайының, балаларының әрбір құжаты үшін - 50 процент;
4) туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін - 50 процент;
5) азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктерді қайталап бергені үшін - 100 процент;
6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тіркегені үшін - 200 процент;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін - 30 процент;
8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 50 процент;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.
538-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресімдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергені немесе ұзартқаны үшін:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына виза бергені үшін - 200 процент;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретін құжаттарына өзгерістер енгізгені үшін - 100 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 процент;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін - 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлінген құжаттарды ауыстырып бергені үшін - осы баптың тиісінше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
539-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж ставкалары
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) инновациялық патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;
2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1 500 процент;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады
540-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж ставкалары
Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) тұрғылықты жерін тіркегені үшін - 10 процент;
2) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін - 10 процент;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергені үшін - 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергені үшін - 20 процент;
5) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергені үшін - 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 50 процент;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - 10 процент;
7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 процент;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 50 процент;
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) мыналарды:
жүргізушінің куәлігін бергені үшін - 125 процент;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені туралы куәлік бергені үшін - 125 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 140 процент;
көлік құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін (транзиттік) бергені үшін - 35 процент;
халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін - 50 пайыз;
10) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін - 50 процент мемлекеттік баж алынады.
541-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
Соттарда мыналар:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер - алименттерді өндіріп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтірілуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер - қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) іске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық істерге және алимент бойынша істерге байланысты құжаттар берілгені үшін;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талап қою бойынша;
9) білікті еңбек қызметкерлерін және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлер - оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндіріп алу жөніндегі талап қою бойынша;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға сотқа арыз жазып жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттерді, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайтару жөнінде талап қойып сотқа жүгінген сенім білдірілген өкіл (агент);
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық істер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық істер мен құжаттар бойынша;
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергені үшін:
іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы;
шешімді орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы;
талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы сот шешімдерінің орындалуын кері бұрып атқару туралы;
соттың сырттай жасалған шешімін жою туралы;
арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай жасалған шешімінің күшін жою туралы;
15) прокуратура органдары - барлық талап қою бойынша;
16) мемлекеттік мекемелер - үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешіміне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 проценті жұмыс істейтін олардың құрған ұйымдары - өздерінің мүдделері үшін талап қойған кезде;
18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не қамауға алу немесе түзеу жұмыстары түрінде заңсыз әкімшілік жазаға тарту арқылы келтірілген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары - өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыздар берілген кезде;
21) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату ісін жүргізу мүддесіне орай берілген талап қою, өтініштер бойынша;
23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктер:
бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы;
мүлікті өндіріп алу туралы;
борышкерлердің сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен берілген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) облигация ұстаушылардың өкілдері - эмитенттің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап-арыз берген кезде;
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) конкурстық және оңалтушы басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттігі шегінде конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімдері мүддесіне орай талап қойған кезде;
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша өтініш берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
542-бап. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерінің мемлекет пайдасына мүлікті сыйға тартатын өсиеттерін, шарттарын куәландырғаны үшін;
2) мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) бергені үшін, сондай-ақ осы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) алу үшін қажетті барлық құжаттар үшін;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жеке тұлғалар - оларға:
Қазақстан Республикасын қорғау кезінде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға байланысты не адам өмірін құтқарып қалу, мемлекеттік меншікті және құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкіне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемінде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейін де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйіне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайына;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне, мемлекеттік заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетін ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсіптік үлгілері үшін сыйақы сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәліктер бергені үшін;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
5) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттері бойынша;
6) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) «Ардақты Ана» атағы берілген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куәліктер алғаны үшін;
10) «Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндірістік кәсіпорындары барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
543-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін;
3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер алмастырылып берілгені үшін;
4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Мыналар:
1) жаппай қуғын-сүргіндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өздері тілек білдірген кезде;
2) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2. Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бір рет беріледі.
545-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:
1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары;
3) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.