3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.
4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.
5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
522-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
523-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 524-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
524-бап. Жалпы ережелер
1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
2. Көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер туралы мәлiметтер бередi.
525-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 526-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
526-бап. Төлемақы ставкалары
1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 527-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы мөлшерi төлемақы ставкалары, кеменің регистрлық тоннадағы жалпы сыйымдылығы және кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып, бірақ күнтiзбелiк бір ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес болып айқындалады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ай сайынғы төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу жолымен айқындалады.
3. Ағымдағы ай ішінде бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.
4. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар айлық ставка мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгіленген тәртіппен енгізеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан орны бойынша төленеді.
7. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға жатпайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
8. Төлемақы төлеушілер кеме жүзетін су жолдарын пайдалану жері бойынша салық органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.
78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
528-бап. Жалпы ережелер
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бір мерзiмге беретiн құжат негiзiнде, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезiнде;
2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.
Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.
4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.
529-бап. Төлемақы төлеушілер
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Жарнама объектілерін орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарастырылады. Заңды тұлға, мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша төлемақы төлеудiң алдағы мерзiмi басталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай заңды тұлға сонымен бір мезгiлде әрбір құрылымдық бөлiмше бойынша рұқсат беру құжатында көрсетiлген жылдық төлемақы сомасын бөлу туралы ақпарат бередi.
2. Өздеріне жүктелген функцияларды іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 530-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 530-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
530-бап. Төлемақы ставкалары
1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиiстi күнтiзбелiк айдың бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:
| Рет № | Жолдардың санаттары | Төлемақы ставкасы (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Қалаға кiреберiстер | 25 |
| 2. | I, II | 20 |
| 3. | III | 10 |
| 4. | IV | 5 |
Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бір жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.
3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:
1) жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастыратын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:
| № п/п | Жарнама түрлерi | Жылжымайтын объектiлерге төлемақы ставкалары (бір жағы үшiн) (АЕК) |
| Республикалық маңызы бар қалалар және астана | Облыстық маңызы бар қалалар | Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Ауданы 2 ш.м. дейiн сiлтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бір объект үшiн) | 2 | 1 | 0 |
| 2. | Лайтбокстар (сити-форматтағы) | 3 | 2 | 1 |
| 3. | Ауданы мынадай болатын жарнамалықақпараттық объектiлер: | | | |
| 3.1. | 2-ден 5 ш.м. дейiн | 5 | 3 | 1 |
| 3.2. | 5-тен 10 ш.м. дейiн 10 | 10 | 5 | 2 |
| 3.3. | 10-нан 20 ш.м. дейiн | 20 | 10 | 5 |
| 3.4. | 20-дан 30 ш.м. дейiн | 30 | 15 | 5 |
| 3.5. | 30-дан 50 ш.м. дейiн | 50 | 20 | 10 |
| 3.6. | 50-ден 70 ш.м. дейiн | 70 | 30 | 15 |
| 3.7. | 70 ш.м. астам | 100 | 50 | 25 |
| 4. | Шатырүстi неонды жарнама құрылғылары (жарық-Динамикалық панно немесе көлемдi неонды әрiптер): | | | |
| 4.1. | 30 ш.м дейiн | 30 | 20 | 10 |
| 4.2. | 30 ш.м. астам | 50 | 30 | 10 |
| 5. | Палаткалардағы, тенттердегi, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, тандарттардағы жарнама: | | | |
| 5.1. | 5 ш.м дейiн | 1 | 1 | 0 |
| 5.2. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 2 | 1 | 0 |
| 5.3. | 10 ш.м. астам | 3 | 2 | 1 |
| 6. | Уақытша Тұрпаттағы дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама: | | | |
| 6.1. | 2 ш.м дейiн | 2 | 1 | 0 |
| 6.2. | 2-ден 5 ш.м. дейiн | 2 | 1 | 0 |
| 6.3. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 3 | 2 | 1 |
| 6.4. | 10 ш.м. астам | 8 | 4 | 2 |
| 7. | Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) | 10 | 5 | 1 |
2) көлiк құралдарында, жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастырылатын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:
| Рет № | жарнама түрлерi | Жылжымалы объектiлердегi төлемақы ставкалары (АЕК) |
| Республикалық маңызы бар қалалар және астана | Облыстық маңызы бар қалалар | Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Көлiк құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір көлiк құралы үшiн): | | | |
| 1.1. | автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретiн), өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдерде | 8 | 4 | 2 |
| 1.2. | шағын автобустарда, таксилерде, жеңiл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейiн жүк көтеретiн) | 3 | 2 | 1 |
| 2. | Автокөлiк құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшiн: | | | |
| 2.1. | 2 ш.м дейiн | 3 | 2 | 1 |
| 2.2. | 2-ден 5 ш.м дейiн | 15 | 10 | 5 |
| 2.3. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 35 | 25 | 10 |
| 2.4. | 10-нан 20 ш.м. дейiн | 50 | 25 | 10 |
| 2.5. | 20-дан 40 ш.м. дейiн | 60 | 45 | 20 |
| 2.6. | 40 ш.м. астам | 80 | 40 | |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерiн жарнама объектiсiнiң орналасқан жерiне қарай екi еседен асырмай арттыруға құқылы.
531-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
2. Күнтізбелік бір ай үшін бюджетке енгізілуге тиісті төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.
3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жол органына немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.
4. Төлемақысы мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналастырылған орны бойынша төленеді.
5. Төленген төлемақы сомасы қайтарылуға жатпайды.
79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
§ 1. Мемлекеттік баж
532-бап. Жалпы ережелер
Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәні бар іс-әрекеттерге теңестіріледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 533-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
533-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
534-бап. Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардардан:
2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
11) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін;
15) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 539-бабында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мемлекеттік бажды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - ЕАК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі.
535-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары
1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшін - талап қою сомасының 1 проценті;
заңды тұлғалар үшін - талап қою сомасының 3 проценті;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 30 процент;
3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 500 процент;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 проценті;
заңды тұлғалар үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 проценті;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.
Некені бұзған кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
6) белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан - осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) тұрғын үйлерді жалға алу шартын өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
9) аралық соттар шешімдеріне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешімдерді жою туралы өтініш хаттардан - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен - 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;
11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындау жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан - 500 процент;
12) сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (телнұсқаларды), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан - әрбір құжат үшін 10 процент, сондай-ақ әрбір дайындалған бет үшін 3 процент;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан - 500 пайыз.
2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.
536-бап. Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж ставкалары
Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 1000 процент;
құны 30 айлық есептік көрсеткішке дейін:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 100 процент;
басқа адамдарға - 300 процент;
құны 30 айлық есептік көрсеткіштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 500 процент;
басқа адамдарға - 700 процент;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 процент;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 100 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 50 процент;
басқа адамдарға - 70 процент;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 700 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 200 процент;
басқа адамдарға - 500 процент;
4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік, неке келісімшарттары, ортақ меншіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін - 500 процент;