Осы Кодекстiң 332-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген және (немесе) берген, оның iшiнде мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне заттай нысанда берген немесе өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгiленген ставкаларға 0,5 төмендетiлген коэффициент қолданылады.
Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасына нақты әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, осы бапта көзделген төмендету коэффициенті осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды.
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.
Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:
| Рет № | Жылдық өндіру көлемі | Ставкалар, %-пен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда | 0,5 |
| 2. | 2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда | 1,0 |
| 3. | 2,0 млрд. текше м.-ден жоғары | 1,5 |
§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды
шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы
337-бап. Салық салу объектісі
Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
Осы бөлімнің мақсатына орай салық кезеңі ішінде нормаланған ысырапты шегере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында табу, пайдалану (өткізу) көзделген минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салу объектісі болып табылады.
Әрбір алу бірлігі бойынша нормаланған ысыраптың көлемі осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасының негізінде белгіленеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 338-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
338-бап. Салық базасы
1. Салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында минералды шикiзат:
1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикiзат;
2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалармен бірге алынуы, пайдаланылуы (өткiзiлуi) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа да түрлерi бар минералды шикiзат;
3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикiзат;
4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндiрiлген минералды шикiзат;
5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндiрiлетiн минералды шикiзат болып бөлiнедi.
3. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңiнде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негiзiнде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңi iшiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң нарықтық айырбас бағамы ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының «Metal Bulletin» журналында, «Metal-pages Limited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған баға бағамдалуын бiлдiредi.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S -пайдалы қазбаға салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.
Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S - алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон қымбат бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.
Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiнде күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S -күмiске салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон қымбат бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрiнiң барлық көлемiне, оның iшiнде кейiннен өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлiмшеге берiлген көлемге қолданылады.
Салық жылының iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбір пайдалы қазба түрiнiң нақты көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы белгiлеген тәртiппен бекітілген кен орындарын игерудiң техникалық жобасындағы өндiрудiң күнтiзбелiк кестесi негiзiнде әзiрленген жергiлiктi жобада көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының жылдық есептiк баланстарының деректерi бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерiн нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерiне түзету жүргiзуге және есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тұрғылықты орны бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша қосымша декларация табыс етуге мiндеттi.
Жүргiзiлген түзету ескерiлетiн пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң осы салығы бойынша салық мiндеттемесi болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша түпкiлiктi есеп-қисап есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне дейiн жүргiзiлуге тиiс;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - оларды өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде, ал кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерi есептi салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлерiне қатысты қолданылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде айқындалады.
6. Келісімшарт қолданылған кездiң басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбаларды кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге мiндеттi.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларын түзетудi жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңiнiң алдындағы он екi айлық кезеңiне жүргiзедi. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесi болып табылады.
7. Осы баптың мақсатында салық кезеңi үшiн өткізудiң орташа өлшемдi бағасы осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 339-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 7 бабына сәйкес 339-бабының бірінші бөлігінің қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді
| Рет № | | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар, %-бен |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi | Хром кенi (концентраты) | 16,2 |
| Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) | 2,5 |
| Темір кенi (концентраты, окатыштар) | 2,8 |
| Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) | 22,0 |
| 2. | Металдар | Мыс | 5,7 |
| Мырыш | 7,0 |
| Қорғасын | 8,0 |
| Алтын, күмiс, платина, палладий | 5,0 |
| Алюминий | 0,25 |
| Қалайы, никель | 6,0 |
| 3. | Құрамында металдар бар минералды шикiзат | Ванадий | 4,0 |
| Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар | 6,0 |
| 4. | Құрамында сирек кездесетiн металдар бар минералды шикiзат | Ниобий, лантан, церий, цирконий | 7,7 |
| Галлий | 1,0 |
| 5. | Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикiзат | Селен, теллур, молибден | 7,0 |
| Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий | 6,0 |
| 6. | Құрамында радиоактивтi металдар бар минералды шикiзат | Радий, торий | 5,0 |
| 7. | Құрамында металл еместер бар минералды шикiзат | Тас көмiр, қоңыр көмiр, жанғыш тақтатастар | 0 |
| Фосфориттер | 4,0 |
| Бор ангидритi | 3,5 |
| Барит | 4,5 |
| Тальк | 2,0 |
| Флюориттер | 3,0 |
| Воластонит | 3,5 |
| Шунгит | 2,0 |
| Графит және басқалар | 3,5 |
| | Жарқырауық тас шикiзаты: | |
| 8. | Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикiзат | Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар | 12,0 |
| 9. | Құрамында жасанды тастар бар минералды шикiзат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар | 3,5 |
| 10. | Құрамында техникалық тастар бар минералды шикiзат | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар | 2,0 |
Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді.
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік
балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
340-бап. Салық салу объектісі
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;
3) өзінің шаруашылық мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:
V1 ө.т., V2ө.т. , …. Vn ө.т. - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,
Б1 ө. , Б2 ө. … + Бn ө. - салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,
n - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,
V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.
3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Рет № | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставка-лар, %-пен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас | 2,5 |
| 2. | Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы | 4,7 |
| 3. | Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас | 5,6 |
| 4. | Жерасты сулары, емдік балшық | 10,6 |
Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.
§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
343-бап. Салық кезеңі
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 344-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 344-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
344-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 345-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
345-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген келісімшарттардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және ішінара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.