358-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.
3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.
48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қызметін «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 151-4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
360-бап. Әлеуметтік салықты төлеу
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы Кодекстің 362-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 361-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
361-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады.
3. Төлеушi осы Кодекстiң 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасын есептеудi осы Кодекстiң 359 және 360-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
4. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 364-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.
362-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықтың негізінде есептеледі.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
363-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.
13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
365-бап. Салық төлеушілер
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Бұл ретте, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:
двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бір жеңiл автомобиль;
1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке (шабындықтарға, жайылымдарға) 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдерi.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен біреуден көп бірлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлiкке дейiн дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерiнiң саны бір бірлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бір жүк автомобилi босатылуға жатқызылады.
2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметінің автомобильдері,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуіштер,
дән сепкіштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды
автотиеуіштер;
тең штабельдерін автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесі;
өздігінен жүретін дестелегіштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;
өздігінен жүретін шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
4. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
366-бап. Салық салу объектілері
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.
51-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 367-бап өзгертілді; 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 367-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
367-бап. Салық ставкалары
1. Салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай ставкалар бойынша жүргiзiледi:
| Рет № | Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): | |
| 1100-ге дейiн қоса алғанда | 1 |
| 1100-ден жоғары 1500-дi қоса алғанда | 2 |
| 1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда | 3 |
| 2000-нан жоғары 2500-дi қоса алғанда | 6 |
| 2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда | 9 |
| 3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда | 15 |
| 4000-нан жоғары | 117 |
| 2. | Жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): | |
| 1 тоннаға дейiн қоса алғанда | 3 |
| 1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаны қоса алғанда | 5 |
| 1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаны қоса алғанда | 7 |
| 5 тоннадан жоғары | 9 |
| 3. | Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары | 3 |
| 4. | Автобустар: | |
| отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда | 9 |
| отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда | 14 |
| отыратын 25 орыннан жоғары | 20 |
| 5. | Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты: | |
| 55 кВт-ға дейiн қоса алғанда | 1 |
| 55 кВт-дан асатын | 10 |
| 6. | Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателiнiң қуаты мынадай ат күшiне тең): | |
| 160-қа дейiн қоса алғанда | 6 |
| 160-тан жоғары 500-дi қоса алғанда | 18 |
| 500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда | 32 |
| 1000-нан жоғары | 55 |
| 7. | Ұшу аппараттары | әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4 пайызы |
| 8. | Мыналарды: магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргiзу үшiн; магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн; өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдарында және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың тартқыш қозғалмалы құрамы; | көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
| Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам | көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы |
Бұл ретте салықты есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiш қолданылады.
1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) жеңіл автомобильдерге:
В санатындағы автомобильдер;
жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (автомобиль-пикаптар);
рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, жүк автомобильдеріне С санатындағы автомобильдер жатады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, арнайы автомобильдерге белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдықтары бар автомобильдер жатады;
4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, автобустарға D санатындағы автомобильдер жатады.
2. Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, алты айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, тоғыз айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, он бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемiнің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;
2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.
4. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетiлген шығарылған жылы негiзге алына отырып есептеледi.
5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.
368-бап. Салықты есептеу тәртібі
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.21.01. № 242-IV Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ згертілді
1. Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ згертілді
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектілеріне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) беруші тарап үшін:
салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша згертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату, айырбастау шарттар талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.
5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:
1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;