Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1323 қаулысы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 339-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары бекітілсін.
2.Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1323
қаулысымен бекітілген
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары
| Р/с № | Пайдалы қазбалардың түрлері | Салық ставкасы, % |
| 1. | Сирек металдар | Литий, бериллий, тантал, стронций | 7,7 |
| 2. | Жерде сирек кездесетін металдар | Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий | 6,0 |