Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 Қаулысы
(2012.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
6-тармақта «40-1-тармағының» деген сөздер «69-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың сегiзiншi абзацында «бiр айлық» деген сөздер «15 күндiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады.»;
9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.»;
3) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.»;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.»;
17-тармақта «Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Кеңседе ?кімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.
Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): ?кімет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.»;
89-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Yкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртібіне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
104-тармақтың үшiншi абзацындағы «министрлiктер мен ведомстволарға» деген сөздер алынып тасталсын;
137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы «РМК» деген аббревиатура «РМҚК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
17-тармақтың 2) тармақшасында «республикалық мемлекеттік» деген сөздерден кейiн «қазыналық» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақта «сауал салуларының» деген сөздерден кейiн «депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының» деген сөздермен толықтырылсын, «(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта «орындалу мерзiмiн» деген сөздер «орындалуын» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгiзiлсiн» деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.»;
12-тармақтың бiрiншi абзацында:
«Сараптама жүргiзудiң» деген сөздер «Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кеңседе тiркелген күнiнен бастап» деген сөздер және «, ал заң жобалары үшін - он күннен» деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.»;
17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. «Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi».
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Yкіметінiң 2005.01.03. № 190 (бұр. ред. қара); 2006.07.04. № 256 (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.30.06 № 550 (бұр.ред.қара) қаулыларымен Регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.
2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасының Парламентінде Үкіметтің мүддесін білдіруді және биліктің заң шығарушы тармағымен оның ұдайы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етуді Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
6. Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.
7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Премьер-Министр, оның орынбасарларыжәне Кеңсе Басшысы өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына, жауапты хатшыларға (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын іске асыру олардың құзыреттері шегінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір салада/аяда/өңірде кешенді және ведомствоаралық сипаты бар тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) орындаушы мемлекеттік орган қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың Президент Әкімшілігі әзірлеген тұжырымдамасын келіседі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі тұжырымдаманың негізінде орындаушы мемлекеттік орган тұжырымдама бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын актілері мен тапсырмалары бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленбейді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды
8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.
Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкіметтің құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен және егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғаған жағдайларда Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін оның бірінші басшысы бекітеді.
Әзірлеушісі өзге мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-3-тармақпен толықтырылды
8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-4-тармақпен толықтырылды
8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда қажет болса, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-5-тармақпен толықтырылды
8-5. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындаушысы Үкімет болып табылатын жоспарын жасаған кезде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының үйлестіруі көзделеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-6-тармақпен толықтырылды
8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-7-тармақпен толықтырылды
8-7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалған нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-8-тармақпен толықтырылды
8-8. Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкімет жіберетін ақпаратқа Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өздеріне берілген тапсырмалар бойынша қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-9-тармақпен толықтырылды
8-9. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау немесе орындаудың мүмкін еместігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет жіберетін қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) не оның орынбасары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-10-тармақпен толықтырылды
8-10. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтары белгіленген мерзімде орындалмайтын болса, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын болса - Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін - белгіленген мерзімнен кешіктірмей Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетілген, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің негіздемесі дәлелденген хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері мен ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-11-тармақпен толықтырылды
8-11. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі үш айдан астам актілері мен тапсырмаларын қайтадан ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалса - Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 8-12-тармақпен толықтырылды
8-12. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Үкімет отырыстарында, мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерінде және ұйымдардың кеңестерінде қаралады.
9. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары бойынша, сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобалары бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.
10. Министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін өзге орталық атқарушы органдар аппараттарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді Кеңсе Басшысы жауапты хатшылармен (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткізу және Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмалары жолымен жүзеге асырады.
2. Кіріс хат-хабарларын қарау
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Үкімет Басшылығы) атына жазылған хат-хабарды (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келіп түскен электрондық құжаттарды) Кеңсе алдын ала қарайды.
Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келіп түскен электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңдарына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Кеңсе:
егер көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жатқызылса, мемлекеттік органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет Басшылығында кеңестер өткізу жөніндегі өтініштерін тиісінше олардың өздері дербес шешуі мүмкін;
әзірлеуші мемлекеттік органдардың мүдделі мемлекеттік органдардың немесе жұмыс органдары орталық атқарушы органдар болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың олар дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын қарау туралы тапсырма беруін сұрайтын өтініштерді;
мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін;
берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты;
Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты;
салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтініштерді;
жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді, сондай-ақ соттар жібергендерді қоспағанда);
осы Регламенттің және Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қайтаруға құқылы.
13. Кеңсе:
облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісінше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін;
кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Кеңсе Үкімет басшылығының және Кеңсе Басшысының атына жазылған:
1) мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бұйрық бар болса, бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы;
3) министрліктің немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қойған құжаттарды қабылдайды.
15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына
бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар
мынадай жағдайларда енгізеді:
1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;
2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;
3) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.
Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды
15-1. Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің атына жазылатын хат-хабардың барлығы Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала қарауына жіберіледі.
16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.