Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635; 12.08.03 ж. № 804 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Yкіметінiң 2005 жылғы 1 наурыздағы № 190 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шілдедегi № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат):
қазақ тiліндегі мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта:
қазақ тiліндегі мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы)";
"1. Жалпы ережелер" және "2. Үкiмет пен Премьер-Министр актілерінiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртібі" деген бөлiмдер алынып тасталсын;
36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бір интервалмен ажыратылады.";
42-тармақта "тақырыптан" деген сөзден кейiн ", тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бір айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесіне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады.";
9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.";
3) "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттік органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбір парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.";
17-тармақта "Қаржы министрлігін, Экономика министрлігін" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кеңседе ?кімет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.
Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): ?кімет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.";
89-тармақтың бірiншi абзацындағы "Yкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртібіне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын;
137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттік" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бірге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бір күннен кешiктiрмей енгiзедi.";
12-тармақтың бірiншi абзацында:
"Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.";
22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.";
17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi".
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
РЕГЛАМEHTI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі (бұдан әрi - Үкiмет) Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық етедi.
2. Үкiметтiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi Премьер-Министр) мен Үкiметтiң қызметiн ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Кеңсе құпия және құпия емес iс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргiзудi, Үкiметке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды, соның iшiнде әртүрлi байланыс және деректердi беру арналары бойынша келiп түскен хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Үкiмет белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
5. Соттарда Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкiмет пен Премьер-Министрдiң мүдделерiн бiлдiрудi және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысуды құзыретiне анықтау мәнiсi болған мәселелер енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлігі тиiстi мемлекеттік органға құқықтық және консультативтiк көмек көрсетедi.
6. Үкiметтiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне ресми түсiнiктеме берудi Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
7. Үкіметтің құзыретiне енетін кадр мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кiрiс хат-хабарларын қарау
8. Үкiметке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды Кеңсе алдын ала қарайды.
Орталық және жергiлiктi атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретiне жататын және олар бойынша Үкiметтің немесе Премьер-Министрдiң шешімдер қабылдауын талап етпейтiн, Үкіметке немесе оның басшылығына арналған заңды тұлғалардың және жеке адамдардың хаттары мен өтінiштерiн Кеңсе мәселенiң мән-жайы бойынша қарау үшiн тиiстi органға жiбередi.
Сондай-ақ, Кеңсе облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң немесе жекелеген шаруашылық субъектiлерiнің Үкiмет немесе Премьер-Министр шешiмдерiнiң қабылдануын талап ететiн, бірақ өтiнiште көтерiлген мәселелер құзыретіне енетiн орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтiніштерiн, сондай-ақ аудандар және облыстық бағыныстағы қалалар әкiмдерiнiң облыс әкімдерiмен және тиiстi мемлекеттік органдармен келiсілмеген өтiнiштерiн тиiстi мемлекеттік органдарға жiбередi.
Кеңсе мөрлеген конверттердегi хат-хабарларды (құпия, кадр мәселесi бойынша және басқа қаладан келгендердi қоспағанда) қабылдамайды, сондай-ақ осы Регламенттiң және "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған, келiп түсетiн құжаттарды қарамай қайтарады.
9. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары оларға келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi және өзге де құжаттарды қарайды әрi өздерiнiң ережелерiне және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес олардың құзыретіне енетiн барлық мәселелер бойынша шешiмдердi дербес қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн қажет болған кезде белгiленген тәртіппен бірлескен бұйрықтар түрiнде шешiмдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар дербес шешуi тиiс мәселелер бойынша Yкіметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерi қабылданбайды.
Орталық атқарушы органдар аумақтық органдарының нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға құқығы жоқ.
10. Ведомстволар тиiстi орталық атқарушы органның бірiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның келісімi (ведомствоның хатында бұрыштама) болған кезде ғана Үкiметтің атына дербес өтiнiш бiлдiредi. Мемлекеттік органдар құрылымдық бөлiмшелерiнiң Үкiметтiң атына дербес өтiнiш бiлдiруге құқығы жоқ.
11. Тиiстi шешiм қабылдау үшiн Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң атына қызметтiк хат-хабарларды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгiзедi:
1) егер мәселенi шешу Үкiметтiң тiкелей құзыретiне енсе, оны енгiзiп отырған мемлекеттік орган өзiнiң өтінішiнде көрсетедi;
2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты және еңсерiлмес келiспеушiлiктер болған кезде;
3) егер мәселенi шешу ведомствоаралық үйлестiрудi талап етсе. Осындай жағдайларда Үкiметтiң атына жолданған хат-хабарлар, әдетте, шешiм қабылдау үшiн мәселенiң мазмұнына қарай және Премьер-Министр, олардың орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасындағы мiндеттердiң бөлiнiсiне сәйкес Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарына жiберiлуi тиiс.
3. ?кіметтiң мәжілістерiн жоспарлау
12. Үкiметтiң мәжілістерiнде қарауға арналған мәселелер Үкiметтiң заңнамада анықталған өкiлеттiктерi ескерiле отырып белгіленедi.
13. Үкiметтiң мәжілістерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн кезектi тоқсан басталғанға дейiн Үкiмет мүшелерiнiң, агенттiктер төрағаларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң, ұлттық компаниялар мен Кеңсенiң құрылымдық бөлімшелерi басшыларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкiмет мәжілістерiнде қарау жоспарланып отырған мәселелердiң тiзбесi Премьер-Министрдiң өкімімен бекітіледi.
Жоспарланған мәселелердiң бекітілген тiзбесi Үкiмет мүшелерiне, агенттiктердiң төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне, ұлттық компаниялар мен Кеңсе құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына және қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтiледi.
Жоспарланған мәселенi қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiмдi мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделi органның (ұйымның) бірiншi басшысы қол қойған жазбаша өтiнiшi не Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған қызметтiк жазбаның негiзiнде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетiлген шешiм туралы өзiнiң құзыретiне қарай мүдделi мемлекеттік органдар хабардар етiледi.
4. ?кіметтiң мәжілістерiн дайындау және өткізу тәртібі
14. Үкiметтiң мәжілістерi Үкiметтiң мәжілістерiнде қарауға арналған тоқсан сайынғы мәселелер тізбесiне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ айына кемiнде бір рет өткізіледi және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президентi (бұдан әрi - Президент) шақырады.
15. Үкiметтiң мәжілістерiнде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгiлеген мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдi алмастырушы Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етедi.
?кіметтiң мәжілістерi ашық болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасы бойынша Үкiметтiң жабық мәжілістерi өткiзiлуi мүмкiн.
16. Мәжілiс, егер оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Мәселенiң Үкiмет мәжілісiнде қаралуының нәтижелерi бойынша қатысушы Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен хаттамалық шешiм қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжілісте төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
17. ?кіметтiң мәжілістерiне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тiзбе бойынша агенттiктердiң төрағалары, ұлттық компаниялардың басшылары қатысады.
Үкiметтiң мәжілістерiне, сондай-ақ Мемлекет басшысының кесiмдерiмен осындай құқық берiлген лауазымды адамдар да қатыса алады.
Шақыру бойынша ?кіметтiң мәжілістерiне Парламент Сенаты мен Мәжілісiнiң депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсенiң қызметкерлерi мен өзге де адамдар қатыса алады.
Үкiметтiң мәжілістерiне шақырылғандардың тiзiмiн анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәжіліске дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай Кеңсемен келісім бойынша енгiзедi.
Үкiметтiң мәжілісiне шақырылғандардың түпкiлiктi тiзiмiне Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкiмет мәжілісiне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 12.08.03 ж. № 804 қаулысымен 18-тармақ өзгертіліді (бұр. ред. қара)
18. Мемлекеттік органдар Үкiметтiң мәжілісiнде қарауға мәселенi дайындау кезiнде мынадай талаптарды сақтайды:
1) Үкiметтiң мәжілістерiнде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешiмдердiң жобаларына, анықтамаларға, ақпараттық (талдау) материалдарға мемлекеттік органның бірiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам (бұдан әрi - бірiншi басшы) бұрыштама соғады және бірiншi басшы қол қойған iлеспе хатпен енгізіледi;
2) әрбір мәселе бойынша хаттамалық шешiм жобасының, анықтаманың, өзге де қажеттi материалдардың тақырыптарының бірдей болуы, мәселе мәнiсi дәл әрi толық көрсетiлуi тиiс. Әдетте, олардың көлемi 14-мөлшерлi қарiппен терiлген 5 бет мәтiннен аспауы тиiс (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде қаріптiң гарнитурасы "TimesNewRoman");
3) мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірiншi басшысы Үкiметтiң мәжілісiнде бейнелi ақпарат көрсету туралы мәселенi Кеңсе Басшысымен алдын ала келiсуi тиiс;
4) Үкiметтiң мәжілісiне құпия материалдар Үкiметтiң қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Кеңсеге енгiзiледi.
Үкiметтiң мәжілістерiне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттiң 10-тармағындағы талаптарды сақтауы тиiс.
19. Үкiметтiң мәжілісiнде қарауға мемлекеттік және орыс тiлдерiнде дайындалған материалдар мәжіліске дейiнгi 5 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Кеңсеге енгiзiледi. Премьер-Министрмен не оны алмастырушы адаммен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекiтетiн мәжілістiң күн тәртібінiң жобасын Кеңсе жасайды, күн тәртібін тиiстi материалдарымен бірге ?кімет мүшелерiне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тiзiмi мен онымен келісілген жөнелтiм көрсеткiшiне сәйкес басқа да лауазымды адамдарға кiдiрiссiз жолдайды.
Мемлекеттік органдар Үкiметтiң мәжілісiне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы адамға баяндайды. Үкiметтiң мәжілістерiне материалдардың уақтылы ұсынылмағаны үшiн жауапкершiлiк осы органдардың бірiншi басшыларына жүктеледi.
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Үкiметтiң мәжілісi шұғыл түрде өткiзiлетiн айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi және Үкiмет мәжілісiнiң қатысушыларына мәжілісте тiкелей жеткiзiлуi мүмкiн.
20. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерiнiң атына немесе өздерi бiлдiрiп отырған органдардың (ұйымдардың) атына берiлген тапсырмалар мен олардың орындалу мерзiмдерiнiң жазбасын жүргізуі тиіс.
Үкiмет мәжілісiнiң хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, мәжіліске қатысып отырған Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесiнiң қызметкерi хаттамалық жазбалар жүргiзедi, онда талқыланып отырған мәселелердiң атауы мен мәнiсi, баяндамашылар және талқылау кезiнде сөз сөйлегендер, олардың сөздерiнiң, ескертулерiнiң негiзгi мазмұны және Үкiмет мүшелерi қабылдаған шешiмдер тiркеледi.
Әдетте, Үкiмет мәжілістерiнiң кейiннен фонограммалары ашып жазылатын және олар басып шығарылатын дыбыстық жазбасы жүргiзiледi. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістiң бейне жазбасы жүргiзiлуi мүмкiн.
Үкiмет мәжілісiнiң хаттамасын құзыретiне мәжілісте қаралған мәселелер жататын Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесi дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негiзiнде Кеңсенiң құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлiмшесi мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзiмде елтаңбалық бланкте жасайды. Бұдан кейiн хаттамаға Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары (олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша), мәжіліске қатысқан Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсенiң Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етушi қол қояды.
Президенттiң төрағалық етуiмен өткiзiлген Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамалары Президент Әкiмшiлiгiмен келісіледi.
21. Үкiмет мәжілістерiнiң әрбір хаттамасына күнтiзбелiк жылдың басынан бастап кезегiмен реттiк нөмiр берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзiндi көшiрмелерi оларға қол қойылған күнi Үкiмет мүшелерiне, ал қажет болған кезде мәжілісте тиiстi тапсырмалар берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жөнелтiледi. Жөнелтiм көрсеткiшi Кеңсе Басшысымен келісіледi.
Үкiмет мәжілістерi хаттамаларының түпнұсқалары тұрақты сақтаудағы құжаттар тiзiмдемесiне енгiзiледi және Кеңсе мұрағатына ведомстволық сақтау үшiн тапсырылады. Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамаларына материалдар, соның iшiнде фонограммалардың басылып шыққандары, ауызекi ақпаратты магниттi жеткiзгiштер және бейне материалдар Кеңседе сақталады әрi қажеттілігi өткеннен кейiн, бірақ бес жылдан бұрын емес мерзiмде акт бойынша жойылуға жатады.