ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік
бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, сондай-ақ «электронды үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы, «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 29 шілдесіндегі № 843 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.egov.kz, ресми ақпарат көздерінде, және осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, Орталықтың стенділерінде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі шетелдік бұқаралық акпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) есепке алу туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
ЖАО өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызмет:
а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде;
б) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш тіркелген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде;
в) мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы электрондық сұраныс берілген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде;
2) тіркелген кезде тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 5 минут;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 5 минут;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызмет:
а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде;
б) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш тіркелген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде;
в) мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы электрондық сұраныс берілген сәттен бастап - он бес жұмыс күн ішінде;
2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минут;
3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 10 минут;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) ЖАО өтініш білдірген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайларда қабылданады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, жұмыс кестесі сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14.00-ге дейін;
Портал арқылы өтініш білдірген кезде электронды сұраныстарды өңдеу ЖАО жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады.
2) Орталыққа өтініш білдірген кезде:
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты күн, оның сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кесте белгіленеді, филиалдар мен өкілдіктер үшін сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленеді, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін үй-жайларда тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Ғимаратқа кіреберіс дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында да көрсетіледі, мұнда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын отырғыштар, толтырылған бланк (өтініш) үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін, тұтынушы мыналарды ұсынады:
ЖАО өтініш білдірген кезде:
1) шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы өтініш, онда:
өтініш берілетін жергілікті атқарушы органның атауы;
таратушының мәртебесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (тегі, аты, әкесінің аты), орналасқан орны (тұрғылықты жері);
Қазақстан Республикасының аумағына таратылатын шетелдік БАҚ атауларының толық тізбесі;
шетелдік БАҚ таратылу аумағы;
таратылатын шетелдік БАҚ тілі (тілдері);
таратылатын шетелдік БАҚ негізгі тақырыптық бағыттары көрсетілуі тиіс;
2) таратушы жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі;
3) таратушы заңды тұлғалар үшін (филиал немесе өкілдік) - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (есептік) туралы куәліктің көшірмесі;
Тұтынушы портал арқылы өтініш білдірген жағдайда электронды сұранысты жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы өтініш, онда:
өтініш берілетін жергілікті атқарушы органның атауы;
таратушының мәртебесі (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, атауы (тегі, аты және әкесінің аты), орналасқан орны (тұрғылықты жері);
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ атауларының толық тізбесі;
шетелдік БАҚ таратылу аумағы;
таратылатын шетелдік БАҚ тілі (тілдері);
таратылатын шетелдік БАҚ негізгі тақырыптық бағыттары көрсетілуі тиіс;
3) таратушы жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі;
4) таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) үшін - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (есептік) туралы куәліктің көшірмесі.
Құжаттар пакетін қабылдаған кезде Орталық қызметкері көшірмелердің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырып, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып береді.
12. Мемлекеттік қызметті ЖАО арқылы алу үшін бланкілер толтыру талап етілмейді.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс нысаны толтырылады.
Орталықта өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда не Орталықтың консультанттарында болады.
13. Мемлекеттік қызметті ЖАО арқылы алу үшін құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады.
Электрондық сұранысты қабылдау www.egov.kz порталында «Электрондық қызметтер» бетбелгісінде жүргізіледі.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
14. Шетелдік бұқаралық акпарат құралдарын таратуға анықтама беру үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына (журналына) тіркеуі ЖАО-ның осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алуын растайды.
Тұтынушының электронды жәшігіне немесе порталдағы Жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып хабарлама есеп жолданады.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
1) сұраудың нөмірі мен қабылдаған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға анықтаманы ЖАО тұтынушыға жеке өзі келгенде береді, не портал арқылы жібереді. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайларда жүргізіледі.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
16. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Құжаттар дұрыс рәсімделмегенде немесе бөтен тұлғалар өтініш білдіргенде ЖАО тұтынушыға не Орталыққа бас тарту себебін жазбаша негіздеп құжаттарды қайтарады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. ЖАО және Орталық қызметтерді тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. ЖАО-ның уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 207-кабинет, телефон: (7172) 74-04-82, сондай-ақ байланыс мәліметтері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі саясат басқармаларының басшылары түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдемдеседі.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша Орталық басшысына жүгінеді.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
21. Қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 14-кіреберіс, 225-кабинет, телефон: (7172) 74-01-21, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, интернет-ресурс: www.mсі.gov.kz.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармаларының басшыларының атына, сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық басшысына шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Өтінуші өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнін баяндау;
4) жеке қолы және күні.
Қажет болған жағдайда, өтінуші өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.
25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі, шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.
26. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстық, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің телефондары арқылы алуға болады.
«Облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың аумағында
таратылатын шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың мекенжайы
№ | Жергілікті атқарушы органның атауы | Жергілікті атқарушы органның мекен-жайы | Телефон нөмірлері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы | Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 | (8-7172)556692 ф. 557285 |
2 | Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы | Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4 | (8-7272)716647 ф. 716647 |
3 | Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 | (8-7282)247722 ф. 247722 |
4 | Ақмола облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы | Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 | (8-7162) ф. 25-20-80 |
5 | Ақтөбе облысының әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Ақтөбе қаласы, Әбілхайырхан даңғылы, 40 | (8-7132) 56-26-69 ф. 56-25-26 |
6 | Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы | Атырау қаласы, Әйтеке би, 77 | (8-7122) 27-08-96 ф. 27-11-57 |
7 | Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы | Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40 | (8-7232) 26-42-54 ф. 26-42-54 |
8 | Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы | Орал қаласы, Достық даңғылы, 201 | (8-7112) 50-02-36 ф. 50-09-46 |
9 | Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 | (8-7262) 43-08-54 ф. 45-76-20 |
10 | Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасы | Қарағанды қаласы, Бульвар Мира, 39 | (8-7212) 56-19-80 ф. 56-19-79 |
11 | Қызылорда облысының әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, 76 | (8-7242) 26-24-79 ф. 27-73-62 |
12 | Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 66 | (8-7142) 57-51-90 ф. 57-53-53 |
13 | Маңғыстау облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1 | (8-7292) 42-66-10 ф.42-13-00 |
14 | Павлодар облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Павлодар қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 | (8-7182) т.ф. 32-21-03 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 53 | (8-7152) 46-31-33 ф. 46-31-33 |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы | Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3 | (8-7252) 56-37-97 ф. 50-08-69 |
«Облыстардың (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың аумағында
таратылатын шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке қою»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
№ | Орталықтардың атауы | Орталықтардың мекенжайы | Телефон нөмірлері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 1.1 | Астана қаласының Алматы ауданы: Астана қаласы Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Астана қаласы, Республика даңғылы, 12/2 | 8-7172-32-80-09 |
1.2 | № 1 филиалы | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25 | 8-7172-61-85-00 |
1.3 | № 2 филиалы | Астана қаласы, Абай даңғылы, 53 | 8-7172-21-10-27 |
1.4 | № 3 филиалы | Астана қаласы, Железнодорожный ауылы, Ақтас көшесі, 20 | 8-7172-94-71-79 |
1.5 | Астана қаласының Есіл ауданы: Астана қаласының Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7 | 8-7172-50-14-71 |
1.6 | Филиал | Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 5/1 | 8-7172-50-91-95 |
1.7 | Астана қаласының Сарыарқа ауданы: Астана қаласының Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 | 8-7172-32-66-58 |
1.8 | «Тілендиев» филиалы | Астана қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 6А | 8-7172-94-99-97 |
1.9 | «Ақжайық» филиалы | Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 16/2 | 8-7172-59-28-21 |
1.10 | «Өндіріс» филиалы | Астана қаласы, Кемеңгерұлы көшесі, 6/1 | 8-7172-30-40-70 |
1.11 | «Кенесары» филиалы | Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 12 | 8-7172-29-79-03 |
1.12 | «Жеңіс» филиалы | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 34 | 8-7172-31-70-25 |
2 2.1 | Алматы қаласының Алмалы ауданы: Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 | 8-7272-48-17-77 |
2.2 | Алматы қаласының Әуезов ауданы: Алматы қаласының Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 | 8-7272-47-16-33 |
2.3 | Алматы қаласының Бостандық ауданы: Алматы қаласының Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9А | 8-7273-96-37-00 |
2.4 | Алматы қаласының Жетісу ауданы: Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 | 8-7273-78-46-70 |
2.5 | Алматы қаласының Медеу ауданы: Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 | 8-7273-78-09-09 |
2.6 | Алматы қаласының Түрксіб ауданы: Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9 | 8-7272-34-09-74 |
2.7 | Алматы қаласының Алатау ауданы: Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24 | 8-7273-95-36-10 |
3 3.1 | Ақмола облысы: Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189А | 8-7162-40-10-76 |
3.2 | Көкшетау қаласының филиалы | Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42 | 8-7162-25-06-21 |
3.3 | Красный Яр филиалы | Красный Яр ауылы, Ленин көшесі, 47А | 8-7162-40-43-27 |
3.4 | Ақкөл аудандық филиалы | Ақкөл кенті, Нұрмағамбетов көшесі, 102 | 8-716-38-2-218-49 |
3.5 | Аршалы аудандық филиалы | Аршалы кенті, М.Мәметова көшесі, 19 | 8-716-44-2-10-77 |
3.6 | Атбасар аудандық филиалы | Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11 | 8-716-49-2-45-94 |
3.7 | Астрахан аудандық филиалы | Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44 | 8-716-41-2-21-94 |
3.8 | Бұланды аудандық филиалы | Макинск ауылы, Сейфуллин көшесі, 186 | 8-716-46-2-37-20 |
3.9 | Бурабай аудандық филиалы | Шортанды қаласы, Абылай хан көшесі, 42 | 8-716-36-4-29-97 |
3.10 | Егіндікөл аудандық филиалы | Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7 | 8-716-42-2-15-57 |
3.11 | Ерейментау аудандық филиалы | Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 39 | 8-716-33-2-37-42 |
3.12 | Еңбекшілдер аудандық филиалы | Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2А | 8-716-39-2-22-18 |
3.13 | Есіл аудандық филиалы | Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56 | 8-716-47-2-22-05 |
3.14 | Жарқайың аудандық филиалы | Державинск қаласы, Ғабдуллин көшесі, 104 | 8-716-48-9-00-35 |
3.15 | Жақсы аудандық филиалы | Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8 | 8-716-35-2-17-10 |
3.16 | Зеренді аудандық филиалы | Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 52 | 8-716-32-2-29-43 |
3.17 | Қорғалжын аудандық филиалы | Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44А | 8-716-37-2-23-71 |
3.18 | Степногорск қаласының филиалы | Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, 7 үй | 8-716-45-6-52-03 |
3.19 | Сандықтау аудандық филиалы | Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119 | 8-716-40-9-26-66 |
3.20 | Целиноград аудандық филиалы | Ақмол кенті, Гагарин көшесі, 16 | 8-716-51-3-12-30 |
3.21 | Шортанды аудандық филиалы | Шортанды кенті, Безымянная тұйық көшесі, 1 | 8-716-31-2-17-97 |
4 4.1 | Ақтөбе облысы: Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109 | 8-7132-55-13-55 |
4.2 | Қарғалы ауылындағы филиал | Қарғалы ауылы, Сәтпаев көшесі, 10 | 8-7132-98-60-05 |
4.3 | Алға филиалы | Алға қаласы, Р.Аимбаев көшесі, 23 | 8-71337-4-20-79 |
4.4 | Мәртөк филиалы | Мәртөк кенті, Байтұрсынов көшесі, 1Б | 8-713-31-22-4-13 |
4.5 | Ырғыз филиалы | Ырғыз ауылы, Жангелдин көшесі, 7 | 8-713-43-21-8-28; 8-713-43-21-8-92 |
4.6 | Қарғалы филиалы | Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27 | 8-713-42-23-4-64 |
4.7 | Байғанин филиалы | Қарыуылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 41А | 8-713-45-23-5-86 |
4.8 | Темір филиалы | Шұбарқұдық ауылы, Байғанин көшесі, 15 | 8-713-46-23-5-83 |
4.9 | Әйтеке би филиалы | Комсомол ауылы Балдырған көшесі, 10 | 8-713-39-22-3-73 |
4.10 | Мұғалжар филиалы | Қандыағаш қаласы, Жастар шағын ауданы, 47В | 8-713-33-30-2-19 |
4.11 | Хромтау филиалы | Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12 | 8-713-36-26-6-33 |
4.12 | Ембі филиалы | Ембі қаласы, Ж.Тлепбергенов көшесі, 1 | 8-713-34-23-9-83 |
4.13 | Шалқар филиалы | Шалқар ауданы, Әйтеке би көшесі, 63 | 8-713-35-23-6-10 |
4.14 | Қобда филиалы | Қобда кенті, Нұрымжанов атындағы тұйық көше, 2 | 8-713-41-22-1-47 |
4.15 | Ойыл филиалы | Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 | 8-713-32-21-1-81 |
5 5.1 | Алматы облысы: Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б | 8-7282-21-29-83; 8-7282-24-41-33 |
5.2 | Талдықорған қаласының филиалы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б | 8-7282-40-00-10; 8-7282-24-40-43 |
5.3 | Ақсу аудандық филиалы | Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 20 | 8-7283-2-14-51 |
5.4 | Алакөл аудандық филиалы | Үшарал ауылы, 8-наурыз көшесі, 63 | 8-728-33-2-35-44; 8-72833-2-35-48 |
5.5 | Балхаш аудандық филиалы | Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25 А | 8-72773-95-2-22 |
5.6 | Еңбекшіқазақ аудандық филиалы | Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А | 8-72775-4-54-70; 8-72775-4-00-86 |
5.7 | Ескелді аудандық филиалы | Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52 | 8-72836-3-22-16 |
5.8 | Жамбыл аудандық филиалы | Ұзынағаш ауылы, Мәжитов көшесі, 1 | 8-72770-2-40-40 |
5.9 | Іле филиалы | Өтеген батыр кенті, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, н/ж | 8-7272-51-74-47 8-7272-51-74-46 |
5.10 | Қарасай филиалы | Қаскелең қаласы, Төле би көшесі, 24 | 8-7277-12-56-96; 8-7277-12-56-86 |
5.11 | Қаратал филиалы | Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22 | 8-728-3-42-02-07 |
5.12 | Қапшағай ауданының филиалы | Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 41 | 8-7277-24-79-62; 8-7277-24-79-61 |
5.13 | Кербұлақ филиалы | Сарыөзек қаласы, Момышұлы көшесі, н/ж | 8-72840-3-11-40 |
5.14 | Көксу ауданының филиалы | Балпық би ауылы Измайлов көшесі, 10 | 8-72838-2-16-19 |
5.15 | Панфилов филиалы | Жаркент қаласы, Головцкий көшесі, н/ж | 8-7277-2-20-84 |
5.16 | Райымбек филиалы | Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, н/ж | 8-7277-2-20-84 |
5.17 | Сарқанд филиалы | Сарқанд қаласы, Жамбыл көшесі, н/ж | 8-72839-2-37-52 |
5.18 | Талғар филиалы | Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 | 8-72774-2-2-2133 |
5.19 | Текелі филиалы | Текелі ауылы, Октябрьская көшесі, 7 | 8-72835-2-35-38 |
5.20 | Ұйғыр филиалы | Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35 | 8-72778-2-43-35 |
6 6.1 | Атырау облысы: Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 23 | 8-7122-21-34-67 |
6.2 | № 1 филиал | Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16 А | 8-7122-35-75-05 |
6.3 | № 2 филиал | Атырау қаласы, Байжігітов көшесі, 80 А | 8-7122-24-34-90 |
6.4 | Индер филиалы | Индер кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30 | 8-71234-2-12-96 |
6.5 | Махамбет филиалы | Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10 | 8-71236-2-24-96 |
6.6 | Қызылқоға филиалы | Миялы ауылы, Абай көшесі, 1 | 8-71238-2-20-46 |
6.7 | Жылыой филиалы | Құлсары қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8 | 8-71237-5-03-54 |
6.8 | Құрманғазы филиалы | Ганюшкино ауылы, Есболаев көшесі, 66 А | 8-71233-2-05-13 |
6.9 | Мақат филиалы | Мақат кенті, Центральная көшесі, 2 | 8-71239-3-22-97 |
6.10 | Исатай филиалы | Аққыстау ауылы, Қазақстан көшесі, 9 | 8-71231-2-16-70 |
7 7.1 | Шығыс Қазақстан облысы: Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37А | 8-7232-78-42-36 |
7.2 | № 1 Өскемен филиалы | Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 20/1 | 8-7232-60-39-22 |
7.3 | № 2 Өскемен филиалы | Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1 | 8-7232-55-24-78 |
7.4 | Глубокое филиалы | Глубокое ауылы, Попович көшесі, 22 | 8-7233-12-23-35 |
7.5 | Зайсан филиалы | Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 52 А | 8-72340-2-67-81 |
7.6 | Зырян филиалы | Зырян қаласы, Стаханов көшесі, 39 | 8-72335-6-02-39 |
7.7 | Қатон-Қарағай филиалы | Үлкен нарын ауылы, Абылай хан көшесі, 96 | 8-72341-2-23-60 |
7.8 | Күршім филиалы | Күршім ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 77 | 8-72339-2-19-69 |
7.9 | Риддер филиалы | Риддер қаласы, Семипалатинск көшесі, 12 | 8-72336-4-62-62 |
7.10 | Тарбағатай филиалы | Ақсуат ауылы, Абылай хан көшесі | 8-72346-2-24-96 |
7.11 | Ұлан филиалы | Молодежный кенті, 9-үй | 8-72338-27-1-68 |
7.12 | Шемонаиха филиалы | Шемонаиха қаласы, 3 шағынаудан, 12-үй | 8-7233-23-410 |
7.13 | Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы | Семей қаласы, 408-ші квартал, 21 үй | 8-7222-33-55-93 |
7.14 | Абай филиалы | Қарауыл ауылы, Құнанбаев көшесі, 12 | 8-72252-9-22-64; 8-72252-9-23-39 |
7.15 | Бесқарағай филиалы | Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 А | 8-72236-9-06-30 |
7.16 | Бородулихин филиалы | Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25 | 8-72351-2-20-48 |
7.17 | Жарма филиалы | Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 | 8-72347-6-54-00; 8-72347-6-55-03 |